Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сақ мәдениеті. -

Сақ мәдениеті.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2529 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Сақ мәдениеті

Сабақтың мақсаты: а)Сақтар туралы алған білімдерін
толықтыру, еске түсіру, сақтардың мәдениеті жайында білім
беру.
ә)Оқушыларды өз елінің өткен тарихына деген құрметке,үлгі
тұта білуге,бірлікке, адамгершілікке, ерлікке,қасиетті
мұраларымызды бағалай білуге ,өз ұлтымен мақтана білуге
тәрбиелеу.
б)Оқушылардың ойлау, сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін
дамыту.Сақтар мен қазақ ұлтын салыстыру арқылы оқушыларды
өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: : Алтын адам және өзге де сақ ескерткіштерінің суреттері,слайд,тәуелсіздік монументі,әнұран.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу,түгендеу, сабақтың мақсатымен және барысымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.(үй жұмысын және өткен тақырыптарды қайталау үшін шағын ойын ұйымдастыру)
Оқушылар алдарындағы қалташадан билет алады.Билетке сұрақ жазылған.Балалар осы сұрақтарға «иә» немесе «жоқ » деп жауап берулері керек.Жауап толық берілгеннен кейін оқушылар сабақ соңында бағаланады.Сұрақтар өткен тақырыптар бойынша құрастырылады.
1.Археология халықтың шығу тегін зерттейді.
2.Ең ұзаққа созылған тарихи кезең – қола дәуірі.
3.Қола дәуірінен кейін темір дәуірі басталады.
4.Тастан жасалған еңбек құралдарды тұрмыстан біржола ығыстырған – темір дәуірі.
5.Қазақстан аумағынан алғашқы адамның қаңқасы табылды.
6.Неандертальдық адам Франциядан табылды.
7.Синантроп- Қытай адамы.
8.Кромоньондық – саналы адам.
9.Темір дәуірі үш кезеңнен тұрады.
10.Ерте полеолитте Садақ пен жебе пайда болды.
11.Тығыз қабаттағы кенді өндіру үшін отпен уату әдісі қолданылды.
12.Энеолит- орта тас ғасыры.
13.Арқайым – ең ежелгі қала.
14.Темір дәуірінің белді тайпалары – сақтар мен сарматтар.
15.Үлкен қорғандар ақсүйек және бай отбасылардың айрықша құқығына айналды. Оларды «патша қорғандар» деп атады.
16.Біздің елімізде Ә.Х.Марғұланның есімімен аталатын архелогия институты бар.
17.Сақтар б.з.д.1мыңжылдықта Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген ежелгі тайпалар.

Жаңа сабақ.
Сақтардың мәдени мұралары.

1. «Аң стилі».
«Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты.Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.

2.Бесшатыр қорымы.
Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан.

3.«Алтын киімді адам»
Антропологтардың анықтауынша, Есік обасында жерленген адам-17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы.

Оқушылармен шығырмашылық тапсырмалар орындау.(жұмыс дәптерден)
1. Сөйлемді толықтыр.
....................... бастап Қазақстан, ........................................., Орал және....................
..............................территорияларында «....................................................» қалыптасты.
2. Сақ жәдігерлерінің аттарын жаз.




3. Археологияға саяхат жаса!



Сабақты қорытындылау: Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған сұрақтарға
тест арқылы жауап беру.



Үйге тапсырма: 15 тақырыпты оқып, мазмұндау.

Бағалау.

Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Өскен негізгі мектебі

Тақырыбы:

Сақтардың мәдениеті
(6-сынып)



Өткізген: Амержанова М.Х.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.