Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. БҚО Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы
Жаңақала жалпы орты білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ж.М.Шакирова
Пәні: Қазақстан тарихы 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сақтар
Сабақтың мақсаты: Ежелгі Қазақстан территориясында өмір сүрген сақ тайпаларының тарихын, олардың патшаларын, батырларын, мәдениеті мен шарушылығын қайталап олар туралы ой қозғап айту.Оқушылардың ойлау қабілеттерін,тілдерін дамытып, ынтымақтастықты қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар: плипчарт,маркер, қосымша дерек, кесте, интерактивті тақта, карта, слайдтар.
Оқыту әдістері: демонстрация,ізденіс, зерттеушілік.
Кестені толтыру
Сақ топтары
Сақ топтары Орналасқан жері Тарихи маңызы
Тиграхауда
Парадарайя
Хаумаварга
Картадан тайпалардын мекендеген жерін көрсетіп баяндау.
Сақтардың әмеуметтік құрылысы
Сақтардың әлеуметтік топтары Бір-бірінен айырмашылығы Негізгі кәібі




Сабақтың бөлімдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Қызығушылығын ояту

2.Мағнаны тану

3.Ой толғау
Сабақтың мақсатымен танысу, сақтар туралы презентацияны тамашалау. Сақ топтарымен, сақтардың әлеуметтік құрылысы туралы кесте толтырып, картамен жұмыстану.

Үш топқа бөлініп сақтардың батырлары мен патшалары туралы айтып тақырыпты қорғау, кейіпкермен кездесу ұйымдастыру.
Топтарға флипчарт маркер беріп жұмыстандыру.
Мақсат: тақырыпты оқып ашу және түсініп өз ойларын жинақтап айту жаңа идея ашу.

Дисскуссиялық карта толтыру Сақтар туралы өз ойларын білгендерін айтып алға салу.

3 топ болып жұмыс жасады.
Оқушылар өз идеяларын айтып, тақырыпта кездескен жаңа сөздерді жазып отырады.

Әр кім өз білгендерін алға салып, өз пікірлерін айтып, дәлел келтіреді.

Диференсация Бағалау Ресурстар
Үш топқа бөліп топтар мынадай бағытта жұстар атқарады.
1-топ Томиристің ерлігін айтып, «Томирис» романының авторы Б.Жандарбековпен кездеседі
2-топ Шырақтын ерлігі туралы баяндап, .Жандарбековпен кездесу ұйымдастырып, «Шырақтын ерлігі» атты романы жөнінде айтады.
3-топ Спитаменнің ерлігі туралы айтып В.Г.Янмен кездесу жасап, оның «Огни на курганах» атты тарихи прозасын талқылайды. Формативті бағалау

Оқушының аты-жөні Сурет, идея Тарихи фактілерді, хронологияны білу Дисскуссиялық карта, эссе жазу.




Итрерактивті тақта, қосымша әдебиет, электронды оқулық.

Кері байланыс: Қайталау сабағының лидерін ашық дауыс беру арқылы анықтап, алдын ала ілінген бағалау тақтасына іледі, және кім қанша балл жинады соны осы тақтаға жазып отырады. Әр бір оқушы осы сабақ туралы жазған эсселерін оқиды. Дарынды оқушылар сабаққа қатысты дисскуссиялық карта толтырады және дәлелдер келтіріп өз ойларын айтады.
Үйге тапсырма: Сақ патшайымы Зарина туралы қосымша мәлімет жинап келу.
Дискуссиялық карта
Тапсырмалар Келісемін Келіспеймңн
Сақтардың парсылармен этникалық байланысы бар +
Сақтар б.з.б І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген +
Сақ сөзінің мағынасы парсы жазбаларында «жүйрік атты турлар»
Грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар «дұшпанға – қатал, досқа – адал» болған +
Арал теңізінің солтүстік шығыс жағасын мекендеген тайпаларды жазба деректерде сақ-хаумаварга деп атаған +
Ерте темір дәуірінде сақтарда мүлік теңсіздігі болмаған +
Сақтарда әскери демократиялық қоғам орнаған +
Тайпа көсемі бас қолбасшылық қызметін атқарғанмен, тайпалар мен рулардың арасындағы даулы мәселелерді шеше алған жоқ +
Сақтарда жауынгерлерді ежелгі үнді-иран тілінде «ратайштар» яғни «арбада тұрғандар» деп атаған +
Сақ әйелдерінің ерлермен тең құқығы болмады және тайпа жиналысына қатынаса алған жоқ +
Сақтардың өмірінде жылқы мен қой өсіру маңызды орын алды. +
Археологтар сақтар мүлдем егіншілікпен айналысқан жоқ деп дәлел айтады +
Сақтарда ілгек, түйме сияқты тұрмыстық бұйымдар жасайтын сүйек өндеу қолөнері де дамыған. +
Сақтарда ата-баба аруағына сиыну әдет-ғұрпы болмаған. +
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.