Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сарматтардың тарихы, ескерткіштері. -

Сарматтардың тарихы, ескерткіштері.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3166 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қазақстан тарихы 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сарматтардың тарихы, ескерткіштері
Сабақтың білімдік мақсаты:
«Сармат» ұғымы, Батыс Қазақстаннан Украинаға дейін таралған сармат ескерткіштері, олардың ерекшеліктері. Савроматтардың Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырушы тайпалар болғаны, Боспор мемлекетімен саяси- экономикалық байланыс орнатқаны туралы айту.
Дамытушылық мақсаты:
Мұның алдындағы тақырыптарда өтілген тайпаларға байланысты сұрақтар қоя отырып оқушыны ойланту.Ойлау қабылетін дамыту.Оқушыны ізденіске жетелеп, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Сарматтардың Батыс Қазақстандағы ескерткіштеріне, әсіресе әр түрлі әшекей заттарға оқушылардың назарын аударып, оларды өнерге, сол өнерді дамытқан адамдарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері:Сызба, карта, жұлдызшалар.
Техникалық құралдар: Компьютер
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Ой қөзғау стратегиясы. Сөзжұмбақ шешу.
ІІ.Әлеуметтік белсенділік.
1. Сұрақ қою. Сұраққа жауап беру.
2 Ұқсастық пен даралық. Қаңлы билігі мен Қазақстан Республикасының
билігін салыстыру.
ІІІ. Қызығушылықты туғызу.
1. «Кластер» Оқушылар жаңа тақырыппен таныспай тұрып, осы тақырып
жөнінде не білетінін білу (Қызыл сиямен).
ІV Таным белсенділік.
Кестемен жұмыс. Жаңа сабақты түсіндіру.
V Физикалық белсенділік.
1. Ой толғау. Оқулықтағы суретпен жұмыс. Картамен жұмыс.
2. «Инсерт» Кластерді толықтыру.
3. Компьютермен жұмыс
VІ Қорытынды.
Венн диаграммасы.
«Білім мен дәстүр» ойыны арқылы бір-біріне сұрақ қою, жауап беру.
VІІ.Бағалау.



Жаңа сабақтың жоспары
1. Сарматтар туралы жалпы түсінік.
2.Савромат-сармат ескерткіштері.
3. Бесоба қорымы.
4.Сарматтардың этникалық, саяси тарихы.

1Ұйымдастұру кезеңі. Сұрақ-жауап. Сөзжұмбақ шешу.
Мұның алдындағы тақырыптарда өтілген тайпаларға байланысты сұрақтар қоя отырып оқушыны ойланту.
Компьютерден көрсеткізу.
1.Біз осының алдында қандай тайпаларға тоқталған едік?
2. Олардың қандай мәдени ескерткіштерімен таныстық?
3. Олар қандай шаруашылықпен айналысқан еді?


«Қаңлылар» Сөзжұмбақ
5
Х 8
А У
2 3 4 Н 6 Ә
Ұ Қ Қ А Қ 7 З
1 Р О Ұ Р Ұ Т І
Қ А Ң Л Ы Л А Р
Ы Ы А Қ Ш
Т Р Т К
А Т А Е
Й Ө Н
Б Т
Е

Қаңлылар сөзжұмбағы (тігінен)
1 Қаңлылар туралы көп деректер қай елдің деректерінде кездеседі? (Қытай)
2 Қаңлылар астықты қайда сақтайды? (Ұра)
3 Қытайдың қол айналары қай қорымнан табылды? (Қоныртөбе)
4 Ауданы 50 га жерді алып жатқан ірі металл өңдеу орталығын ата? (Құлата)
5 Шыршық өзенінің сол жағалауынан қазылған арық? (Ханарық)
6 Қаңлы қоғамында тұтқындар қалай аталады? (Құл)
7 Қаңлы теңгелері көп табылған аймақ? (Ташкент)
8 Ханның орынбасарлары қалай аталады? (Уәзір)
II Әлеуметтік белсендіілік Сұрақ қою сұраққа жауап беру Қаңлы билігі
мен Қазақстан Республикасының билігін салыстыру.
Деңгейлік тапсырмалар
Сары (Оқушылық деңгей) жеңіл сұрақтар.
1 Қаңлылардың негізгі айналысқан шаруашылығы қандай болды?
(егіншілік ,мал шаруашылығы)
2. Қаңлы тайпаларының негізгі кәсіпшілігі? (аң аулау,балық аулау)
3. Қаңлыларда сауданың қандай түрлері дамыған? (ішкі және сыртқы)
4 Қаңлы елін кім биледі? (Ұлы хан)
5 Қандай мал өсірген ? (Төрт түлік мал )
6 Қанлылардың діни-нанымдары қандай болды? (Табиғаттан тыс
күштерге табынды. Күнге,Аспанға,Жұлдызға табынды)
7 Қаңлыларда қандай көркем өнер салалары дамыған? (Ән-күй,би)
Жасыл (Алгоритмдік деңгей) деңгейлік тапсырмалар күрделенеді
1 Қаңлы елі неше бөлікке бөлінді? (5 бөлікке)
2 Қаңлы елінде құлдық қалай пайда болды?
( Соғыстан түскен тұтқындардан)
3 Қаңлылар Шыршық өзенінің оң жағалауынан қандай арық қазды? (Зах)
4 Егісті суарудың қандай тәсілі көп қолданылды?
( көлдете жайып суару тәсілі)
5 Қаңлы қыстаулары қай аймақта болған ? (Сырдария жағасында)
6 Қазіргі уақытта қаңлылардан қанша теңге табылып отыр ? (1300)
Қызыл Эвристикалық деңгей (күрделі сұрақтар)
1 Қаңлылар туралы мәліметтер қай елдің деректерінде кездеседі?
( Қытай, Шицзи, Цянь Ханьшу)
2 Қаңлы тайпаларының ең негізгі атамекені қай жер?
( Сырдария өзенінің орта ағысы)
3 Қаңылылар археологиялық ескерткіштері қандай мәдениеттерге
бөлінеді? ( Қауыншы,Отырар-Қаратау, Жеті-асар )
4 Ақтөбе қонысы қай мәдениеттің ескерткішіне жатады? (Қауыншы)
5 Ауданы 16 га жерді алып жатқан қаңылылардың материалдық
мәдениетінің ескерткіші қалай аталады? (Алтын асар)
2 Ұқсастық пен даралық. Пысықтау.
Қаңлы билігі мен Қазақстан Республикасының билігін салыстыру.
Қаңлы Қазақстан Республикасы
Ұлы хан Президент
Үш орынбасары-уәзірлері Үкімет –Парламент
Астанасы-Кейбір деректерде- Битянь, Астанасы-Астана,
Екінші бір деректерде - Отырар Оңтүстік Астанасы Алматы
Өз ішінен 5 бөлікке бөлінген 14 облысқа бөлінеді
Әр бөлік өзінің орталық қаласымен Облыстың аты орталық қаланың
аталған атымен аталады
Оларды кіші хандар басқарған Облыс әкімдері басқарады
Ру, тайпа басшылары-көсемдер Аудан, ауыл әкімдері облыс
Оларға бағынған әкімдеріне бағынады
Лауазымдары мұрагерлік жолмен Президент тағайындайды
берілген мұрагерлік жолмен берілмейді
Мұндағы даралық биліктің мұрагерлік жолмен берілуінде.
ІІІ. Қызығушылықты туғызу.
1. «Кластер» Оқушылар жаңа тақырыппен таныспай тұрып, осы тақырып
жөнінде не білетінін білу (Қызыл сиямен).

Сарматтар

ІV Таным белсенділік.
Жаңа сабақты түсіндіру. Кестемен жұмыс. Кестені компьютермен көрсетіп қою. Оқушыларға кесте беріледі.
Кестеден сарматтар туралы мағлумат алады. Түсінгендерін айтады.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырып, негізгі мәселелерді айқындайды.
Сарматтар туралы деректер б.з.б ІІІ ғасырдан бастап кездеседі.
Ескерткіштері
Батыс Қазақстан Қазіргі Украина жеріне дейін шашырап жатыр
Көпшілігі Сиректері
Өзен алқаптары Құмды, тастақ өңірлер
Жайық,Елек,Жем, Атырау, Маңғыстау,
Сағыз Ақтөбе
Обалар негізінен топырақтан, тастан, тас аралас топырақтан үйілген.
Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы теңіз жағалауы аудандарында (Сарықамыс елді мекенінен Құлсары кентіне дейін) саз-топырақтан үйілген.
Ерте сармат ескерткіштерін Савромат ескерткіштері деп атайды.
Олар:
Ақтөбе облысы өңірінде, Елек өзенінің орта аңғарында шоғырланған.Оралдың бергі жағындағы ескерткіштерге жақын, Еділдің төменгі ағысының сол жағалауы кешендеріне ұқсас.
Електе көне ескерткіштер өте сирек.
Оралда Целинный І ескерткіші.100-ден астам топырақ обалар зерттелді. Дөңгелек қабірда мәйіттер басы батысқа қаратылып екі деңгейде жерленген. Қасына қой жілігі, қыш ыдыс, шақпақ тас ,жебеге толы қорамсақ қойылған. Бұл б.з.б VІІ ғасыр ескерткіштері.
Сынтас қорымының 1-обасы бөренелерден салынған шатыр іспетті құрылыс. Үш жауынгер қатар көмілген.Ортадағысы екі жағындағылардан биіктеу орналасқан.
Қола жебе ұштары, темір қанжарлар т.б. заттар қойылған. Хайуанаттар үлгісіндегі бейнелермен безендірілген сүйек қасықтар шыққан. Қасқыр мүсіні, киік, таутеке бастары бейнеленген.
Бесоба қорымында екі абыз әйелдер басын оңтүстік-батысқа қарата жерленген.
Биіктігі 2 метрге жуық, бөренеден шатырланып жасалған.Қастарына неше түрлі заттар қойылған.Үш аяқты құрбандық тақта бар. Аяқтары тістері ақсиған қасқыр басының бейнесі түрінде.
Батыс Қазақстан савроматтарының жерлеу ғұрпы, қойылатын заттары Оңтүстік Орал мен Еділдің төменгі ағысын мекендеген савроматтардың бұйымдарына өте ұқсас.
Батыс Қазақстан ескерткіштерінің ерекшеліктері:
1.Обалардың ішкі құрылымы көбінесе ағаштан жасалған.
2. Қабірлердің әр түрі кездеседі ( тік бұрышты, дөңгелек, сопақ т.б.)
3. Обаға бірнеше адамды, бірнеше деңгейде жерлеу рәсімі тән.

Сарматтар

V Физикалық белсенділік.
1. Ой толғау. Оқулықтағы суретпен жұмыс. Картамен жұмыс.
Оқушылар картаға сарматтардың мекендеген жерлерін белгілейді.
2. «Инсерт» Жаңа тақырып жөнінде мәлімет алғаннан кейін оқушылар
кластерді толықтырады (жасыл сиямен)
3. Компьютерден көрсетеді.
VІ Қорытынды.
1. «Білім мен дәстүр» ойыны арқылы бір-біріне екі сұрақ қояды,
1-ші сұрақ: бүгінгі тақырып бойынша.
2-ші сұрақ: дәстүр бойынша.
VІІ Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма.
1. Оқулықтың 25 –параграфын оқу.
2. «Савромат-сарматтардың көне замандағы саяси-мәдени орны» деген
тақырыпта әңгіме жазып келу.
3. Ребус құрастыру.

Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз-Қазақстан
Сабақтың мақсаттары:1. Балаларды талдау, талқылау, салыстыру және
мазмұнын өздері ашуға дағдыландыру;
2. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын
байыту, өз ойын еркін жеткізіп, салыстыруға
үйрету;
3. Отансүйгіштікке, өзгелерді тыңдай білуге,
тиянақтылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер:карта, суреттер,Венндиаграммасы.
Әдісі:Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, сұрақ-жауап,
талдау, дәләлдеу
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
- Сабақта бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік.
2. Қызығушылықты ояту.
- Отан дегенде не естеріңе түседі?
Балалар Қазақстандық қандай өзен-көлдерді білесіңдер?
- Қазақстан дегенде көз алдарыңа нелер елестейді?
- Астана дегенде ше?
- Енді осы айтылғандардан кластер құрастырайық.
Таулар:
Көлдер:
Жануарлар:
Құстар:
3. Ой шақыру.
Жаңа сабақпен таныспас бұрын жұмбақтарды шешіп алайық:
1.Тау,қыр,жазық,өзен,көл-
Қабырғада биік тұр.
Нанбасаң кел, өзің көр-
Бір қағазға сыйып тұр. (Карта)
2.Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна. (Көл)
3.Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты,
Керемет-ау кернеуі-
Тасты тесіп, жарыпты!(өзен)
- Енді осы көл мен өзен, карта туралы не білетінімізді айтайық.
- Балалар өз білгендерін айтты.
4. Суретпен жұмыс.
- Суретке назар аударыңдаршы. Қазақстан туралы не айтылуы мүмкін?
- Енді оқулыққа қарайық, бұл тақырыпта не жайлы айтылмақ?
- Табиғат деген не?
- Біз қандай мемлекеттермен танысып едік?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанда қанша облыс бар?
5. Мағынаны тану.
- Біздің болжамымыз оқулықпен сәйкес келе ме екен?
- Оны білу үшін тақырыпты оқып көрелік. (Іштерінен оқыту, таныс емес сөздерді түртіп отырады, соңынан сөздік жұмыс жүргізіледі.
6. Мәтінді оқып болған соң, өздеріне бұл тақырыптан білетіндерін білмейтіндерін анықтау үшін ІNSERT жүйесін қолданады.
7. Ойға шабуыл. Венн диаграммасын салып, Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанның табиғатындағы дара, ортақ қасиеттерін шеңберге жазады.
8. Шығармашылық тапсырма.
«Екі түрлі түсінік күнделігін»жазу
9. Үйге тапсырма.
- Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстанның табиғатын Венн диаграммасымен көрсету
- Отан туралы мақал-мәтел жазу.
- Сурет салу
10. Бағалау
11. Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.