Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі. -

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1996 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Жаңабұлақ ауылы
Жаңабұлақ ОЖББМ-ің
І-санатты тарих пәнінің мұғалімі
Молдашев Сансызбай Пауетденұлы

§ 10 Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:1783-1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттары,себеп- тері,мақсаты,көтеріліс барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып,осы көтерілістің дамуына Сырым Датұлының тигізген ықпалын ашып көрсету.
Дамытушылық: Өткен сабақтағы материалмен байланыстыраотырып,дерек
тердің ерекшелігі мен айырмашылығын,ұқсастығын айыра білуге баулу, пәнге деген қызығушылығын ояту және ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік : Өздігінен іс-әрекетті қалыптастыра отырып,туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық қасиеттерді үлгі ету,ерлікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Тірек ұғым : Қазақтардың ұлт-азаттық күресіне Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің ықпалын көрсету.
Сабақтың түрі: Жаңа танымдық сабақ .
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу,салыстыру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта. Қазақстан картасы,тақырыпқа қатысты тарихи тұлғалар портреті,
Пәнаралық байланыс : Әдебиет, математика, география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.
а) Сәлемдесу;
б) Сабаққа даярлығын байқау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру -7мин.
а) Сұрақтар:
*Қазақтардың 1773-1775ж.ж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына не себеп болды?
*Орта Жүз қазақтары бұл соғысқа қалай қатысты,оның ерекшелігі неде?
*Кіші Жүз феодалдарының қолдауына соншама үміттенген Е.Пугачев кімге үндеу жолдады? Оның үндеу жолдаудағы мақсаты қандай еді?
*Көтерілістің жеңілу себебі неде ?
б ) «Тапқыр болсаң тауып көр»
Өрнектің мәнін табу арқылы Сібір шебінде орналасқан үкімет әскерінің санын білеміз:
( 750-345)+(816:4)-409
ІІІ. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық- «Ой түрткі салу»

О

-Отар ел деп басқа елге толықтай тәуелді, бағынышты елді айтады.

Ұлт-азаттық қозғалыс ұғымы:
-Отарлық тәуелділіктегі халықтардың жатжұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.
-Отар елдерге тән табиғи құбылыс,ол көп халық қатысқан қарулы қарсылық.

-Ұлтты отарлық езгіден азат ету,оның ұлтық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін,тәуелсіздігін қалпына келтіру.
IV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
1.Көтерілістің алғышарттары мен себептері
2.Көтерілістің басты мақсаты
3.Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері
4.Көтерілістің сипаттамасы
5. Көтерілістің жеңілу себептері
6. Көтерілістің тарихи маңызы
Топтастыру кестесі:

1.Көтерілістің алғышарттары:
-Патша үкіметінің қазақ жерін отарлауы
-Сұлтандардың патша үкіметіне қарсылығы
-1782 ж. патша Жарлығы бойынша:
1.Қазақ жерінің қазақтарға берілуіне тиым салу.
2.Жалға алынған жер үшін ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс болды
-Кіші Жүздегі хандық биліктің әлсіреуі.
2.Көтерілістің басты мақсаты:
-Бұрыннан қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
-Орал казак әскерлерінің қазақтың жерлерін тартып алуын тоқтату.
-Нұралы ханның патша үкіметін ашық түрде қолдауға көшуі.
3.Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері:
-Сырым Датұлы;
-Қарапайым қазақ шаруалары,
-Билер, Батырлар
4.Көтерілістің сипаттамасы:
-1783 ж.көтерілісшілер мен Орал казак әскерінің арасындағы күрес
-1785 ж. Смирнов,Колпаков,Назаров басқарған әскерлер қазақ ауылдарын тонады
-1785 ж. Кіші Жүз старшындарының Нұралы ханды тақтан түсіру туралы шешім қабылдауы.
-1797 ж. Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа
жағына өтіп кетті.
-1802 ж. Хиуа жерінде қаза тапты.
5.Көтерілістің жеңілу себептері:
-С.Датұлы бірден екі күшке қарсы күрес жүргізгені.
-Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы
-Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының өзгеруі
Руаралық қайшылықтар.
-Қару жарақтың аздығы.
6.Көтерілістің тарихи маңызы:
-Қазақ жеріндегі ең ұзаққа ,14жылға созылған отарлық езгіге қарсы көтеріліс.
-Патша үкіметін қазақтармен санасуға мәжбүр етті.
-1801 ж. Патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге. мал жаюға рұқсат етті.
V.Жаңа сабақты бекіту:
С.Датұлы бастаған Ортақ белгілері Е.Пугачев бастаған
Көтеріліс көтеріліс

С.Датұлы бастаған көтеріліс:
*Ресей отаршылдығына қарсы ашық күрес жүргізілді.
*Қазақ жеріндегі ең ұзаққа созылған көтеріліс
*Қазақ елінің батысындағы ірі халықтық бас көтеру.
Е.Пугачев бастаған көтеріліс:
*Орыс-қазақ шаруалары бірікті.
*Көтерілістің қозғаушы күші –қарапайым шаруалар.
*С.Датұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісінің шығуын тездетті.
Ортақ белгілері:
*Отарлық езгінің күшеюіне қарсы.
*Қазақ жерінде патша әскерінің бекіністерінің көптеп салынуы.
*Нәтижесі: Патша үкіметі қазақтарға Жайық өзені бойында көшуге, мал жаюға рұқсат етті.
Тарихи сынақ хат:
С.Датұлы Кіші жүздің он екі ата--------------бірлестігінің---------------руынан шыққан. ------ жылы көтерілісшілер хан ордасына шабуыл жасап,-----------------
ханды өлтірді.С.Датұлы бастаған көтерілістен кейін патша үкіметі ----------- мен ---------------- аралығында мал жаюға рұхсат етті. ------жылы Жайық өзенінің оң жағалауында -----------------------------------құрылды.
VI. Қорыту:
-Қазіргі кездегі Сырым: -Батыс Қазақстанда Сырым ауданы бар,
- Орал қаласында, аудан орталығында Сырым
Датұлына ескерткіш орнатылған.
-Орал қаласында мұражай бар.
VII.Бағалау:
Үй тапсырмасы: §10 .
С.Датұлының шешендік өнері туралы мәлімет жинау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.