Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл. -

Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1317 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл

Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, патриотизм мен халықтың өткен тарихын құрметтей білуге, тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Тәуелсіз ел» плакаты, Елтаңба, Жалау, 1986 ж. Желтоқсан құрбандарының суреттері, буклет, ҚР Конституциясы

Сабақтың түрі: әдеби-музыкалық монтаж

Сабақтың барысы: 1. Жүргізушінің сөзі
2. Әдеби-музыкалық монтаж
3. Тәуелсіздік хронологиясы
4. Қорытынды

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мұғалімдер және оқушылар! Сіздерді келе жатқан еліміздің Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз! Ел үшін, жер үшін, болашақ үшін қан төгіп, күрескен ата-бабаларымыздың арманы міне, бүгінде орындалып жатыр. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, қазіргі қол жеткен еркіндігіміздің басы сонау аласапыран кезеңде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып күрескен ата-бабаларымыздың болашақ ұрпағы үшін қан төккен ерлігінен басталып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты. Тәуелсіздігіміздің он сегіз жылдығын атап өтер тұста сол желтоқсан оқиғасына да міне 23 жыл толып отыр.
Ән: «Желтоқсан желі»

Жүргізуші: 1986 жылдың 17-18 желтоқсан күндерінде Республиканың бас алаңына шерулеп шыққан жастардың ұрандарының бірі «Тіліміз жоғалмасын!», «Жеріміз тоналмасын!» болды. Империя құрсауынан құтыла алмай келе жатқан қазақ халқының тарихындағы бұл алғашқы бас көтеру емес екендігі белгілі. 1986 жылғы оқиға осындай қозғалыстардың жалғасының бірі. Жарылғалы тұрған жараның көзі ашылды. Ұлттардың теңдігі әбден жалықтырғанына да көзі ашық жастар шыдамады. Сол жастардың көрген азабын ұмыт қалдыруымызға болмайды.
«Желтоқсан» өлеңі оқылады.

Жүргізуші: Тәуелсіздіктің қарлығашы бодандықтан босауымызға түрткі болған желтоқсан құрбандары біздің есімізде мәңгі сақталады.
(Құрбан болған жастардың рухына 1минуттық үнсіздік)

1оқушы:
Азапты ауыр күндер артта қалды,
Еркіндік ернеуінен таптық балды.
Тізгінін тәуелсіздік қолға ұстап,
Шаттанып шаңырақта жақтық шамды.
2 оқушы:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
3 оқушы:
Асқақтап көк байрағы аспанымда,
Қазақ тұр төрткүл дүние асқарында.
Жаны жас, жүрегі мәрт елмін бүгін
Азаттық арайланып дастанында.
4 оқушы:
Тәуелсіздік-ардақты асыл ұғым,
Тәуелсіздік-қасиетті ұқсаң сырын.
Тәуелсіздік алған ел бақытты ғой,
Тәуелсіздік жайында осы жырым.
Тәуелсіздік келген жоқ оңайлықпен,
Бүгінгі жарқыраған келбетімен.
Тарихты сараласаң көзің жетер,
Қатпарын жаза біліп рет-ретімен.
5 оқушы:
Тәуелсіздік аңсаған қайран елім,
Талай ғасыр соғыста қорғап жерін.
Арпалысып, алысып сыртқы жаумен,
Сақтай білді қазақтың ел бірлігін.
6 оқушы:
Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,
Өткен жолын жалғанда ұлы дастан.
Болашағыңа қарасам көз жіберіп,
Аумайсың атылмақшы жас барыстан.

Ән «Атамекен»
7 оқушы:
Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
8 оқушы:
Мықтап ұстар асылым-Азаттығым,
Келешегім, ертеңім, ғажап күнім.
Сен боп, мен боп қосайық жеке үлесті,
Арқаласып халықпен мақсат жүгін.
9 оқушы:
Тура он сегіз жыл-сері күн шалқығалы,
Ніл көгімде қыран құс қалқығалы.
Көк байрағын алашым желбіретіп,
Содан бері алмастай жарқылдады.
10 оқушы:
Мастанбаймыз, әрине, қол жеткенге,
Қиындық та кездесер жол шеккенде.
«Бірлік түбі-тірлік» деп бекер айтпас,
Ұсақтама, туған ел, бөлшектенбе.

Ән: «Қазақстаным менің»

Тәуелсіздік хронологиясы:
• 1991 ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.
• 1991 ж. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.
• 1992 ж. Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым БҰҰ мүше болды.
• 1992 ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қабылданды.
• 1993 ж. 15-қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілді.
• 1995 ж. 30-тамызда ҚР Конституциясы бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданды.
• 1997 ж. 10-желтоқсанда Ақмола қаласы астана болып жарияланды.
• 1999ж. ҚР «Білім туралы» заңы қабылданды.

Жүргізуші: Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық. Қорғауға әрқашан да дайын тұрайық. Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, зиялы азаматы болайық!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен аяқталады.

Омарова Г.А.
Қарағанды қаласы
№18 орта мектебі
тарих пәні мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.