Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ САЯСАТЫ. -

ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ САЯСАТЫ.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1684 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сайднасимов Қайрат Абдулазизұлы

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі қоғамдық пәндер оқытушысы.


ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ САЯСАТЫ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Отан тарихының тың игеру жолдарына тереңірек, толығырақ талдау жасауға баулу.
XX ғасырдың 50-жылдары жүргізілгенкеңестік жоспарлы экономикалық саясатының маңызын ашу.

Дамытушылық: Оқушыларға тың игеру саясатының жалпы бағыттарын көрсете отырып, олардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, өз ой-пікірлерін жеткізе білуге бағыттау.
Тәрбиелік: Тарихи терминдерді қолдана отырып, сабақты меңгерту.Халықтың әдет-ғұрпы мен
салт-дәстүрлерін құрметтейтін, өз Отанын сүйетін саналы патриот азаматты қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: КСРО мен Қазақстан картасы. «Тұлғалар» атты буклеттен Ж.Шаяхметов, П.К.Пономаренко, Н.С.Хрущев, Л.И.Брежнев, Д.А.Қонаевтың суреттерін көрсету.Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.
Сабақтың әдісі: Жеке, жұппен және топпен жұмыс жасау.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Жаңа сабақты қорытындылау.
V. Бағалау.
VI.Рефлексия
VII. Үйге тапсырма.
Тақтаға «Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты» атты кесте сызылған.Оқушылар осы кесте сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа сабақты өз ізденістерімен толықтырады. Оқытушы тарихи даталар мен фактілерді негізге ала отырып, жауаптардың толықтығын бақылауда ұстап, тек бағыттаушы рол атқарады.
Оқушылар 5 топқа бөлініп, топтық сұрақтардың жауабын білуге 10 минут уақыт беріледі.
Түсінік талдау, талқылау және бекіту.
Сабақты қорытындылау
Бағалау және бағаларын жариялы түрде айту.

Топтарға берілетін тапсырмалар.
1-ші топ. Тың игеру саясаты.КСРО мен Қазақстанда қамтылған аймақтар.
2-ші топ. Материалдық ынталандыру шаралары.
3-ші топ. Цифрлар не дейді? (Сандарға қатысты жауаптарды толық түсіндіріп айту)
4-ші топ. Тың игеру жылдарындағы жетістіктер мен кемшіліктер.
5-ші топ. Тақырыпты оқу барысында және өткен тақырыптарда қандай терминдік сөздер
айтылды? (Әрқайсысының анықтамасын толық айту)

Әр топ мүшелері 10-15 минут дайындалады. Тақтаға шығып, тақтадағы кестедегі өз тобына берілген тақырыптың жауаптарын толықтырады. Жетіспеген жауапты басқа топ оқушылары айтады.

«Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты» атты кесте
1 2 3 4 5 6 7 8

Саясаты Жерлер
Сырттан келушілерге жасалған материалдық ынталандыру шаралары.

Сандар сөйлейді

Жетістіктер

Кемшіліктер

Терминдер

Тарихи маңызы
КСРО Қазақстан
Елімізде астық өндіруді арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы. Қазақстан
Сібір,
Солтүстік
Кавказ,
Орал,
Еділ бойы.
1954
1955
1100-1200
млн пұт астық алу белгіленді. Қостанай,
Ақмола,
Солтүстік
Қақақстан,
Көкшетау,
Торғай,
Павлодар.
1954жыл
1-жарты-сында
Ақмолаға
20-мың адам келді.
1954-55ж
Солтүстік Қазақстанға 650 мың адам келді.
1954-55 жылдары
Қазақстанда
18 млн га жер игерілді.
1955жылы
Қазақстанда 120-дан астам совхоз құрылды. Дүние-мүлкі тегін көшірілді.
Әр отбасы басшысына 500-1000 сом,
отбасы мүшелеріне 150-200 сом бір реттік көмек көрсетілді.
10 жыл мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді.
Азық- түлік көмегі ретінде 1,5 центнер ұн берілді. 2-5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.
1954жылы наурызда Қазақстанға 250 мың әскер қатарындағы солдаттар келді. 1954-59 жылдары Тың жерлерді игеруге 20 млрд сом жұмсалды.
1954-62ж
Қазақстанға
2млн адам келді.
Тың игеру жылдары
Қазақстанда
25 млн гектар жер жыртылды.
1955жылы қазақтың саны 2 млн 700мың болса,қазір
2010ж санақ бойынша
Қазақстан халқы
16,5млн адам,оның
64 пайызы,яғни
11 млн
55мыңы қазақ.

1.Қала саны
өсті.
2. Халықтың өсуі артты.
3.Халықтар ынтымағы артты.
4.Астық
өндіру жолға қойылды.
5.Совхоздар көбейді.
6.Қазақстан
КСРО-ның астықты аймағына айналды.
7.Қазақстан
көп ұлтты республика болды.
8.Жаңа елді мекендер көбейді.
9.Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті. 1.Ұлттың ерекшеліктері ескерілмеді.
2.Қазақ мектептері жабылды.
3.Қазақ тілінде баспасөз жабылды.
4.Демогра-
фиялық тілдік ахуал өзгерді.
5.Жер-су аттары орысша өзгерді.
6.Тың игеру экстенсивті тәсілмен жүргізілді.
7. Эколо-
гиялық жағдай ауырлады.
8. Мал шаруашылығы төмендеді.
9.Қазақстан жерін бөлшектеуге тырысты. 1.Демобилизация

2.Мобилизация.

3.Бюрократия

4.Субьективтілік.

5.Волюнтаризм.

6.Шовинизм.

7. Авантюрист

8.Гумус.

9.Демография.

10. Экстенсивті даму.

11. Интенсивті даму.

12.Экология.

13.Жоспарлы экономика. Республика экономикасы дами бастады.

Мамандар қатары көбейді.

Ғылым, мәдениет өркендей бастады.

Техника дамыды.

Қазақстан КСРО-ның негізгі астықты аймағына айналды.
Нарықтық экономикаға негізделген Тәуелсіз Қазақстанның ауылшаруашылық реформаларына сипаттама беру.
«Жекешелендіру» реформасының нәтижелеріне сипаттама.

Қорытындысында тақырыптың (мазмұнын) маңызын оқушылар бірігіп ашады.Нәтижесінде мұғалім тек бағыттаушы рол атқарып,шәкірттердің тақырып аясында өз ойын айту мен дәлелдеуге, сөйлеуге мүмкіндіктері болады. Әр топқа сөйлеуге 7 минут уақыт беріледі.
Оқушылар тақырыпты өздері бір-біріне түсіндіреді.

Жаңа сабақты қорытындылау сұрақтары.
1. 1950 жылдары өкімет билігінің жоғары деңгейінде қандай идея пайда болды?
2. Қазақстан Компартиясының VII сьезінде азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді
арттыру мақсатында (1954 жылдың қаңтары) қандай мәселе қаралды?
3. КСРО-дағы тың жерлер игерілген аймақтар?
4. Қазақстанда тың жерлері игерілген аудандар?
5. Тың және тыңайған жерлерді игеру саясатының жетістіктері?
6. Тың және тыңайған жерлерді игеру саясатында жіберілген кемшіліктер?
7. Тақырыпты оқу барысында қандай терминдік сөздер қолданылды?
8. Тың игеру саясатының тарихи маңызы?
Бағалау.

Рефлексия
1. Менің сабақтағы көңіл-күйім?
2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
3. Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
4. Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны?

Үйге тапсырма: Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.