Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
XI-XV ғасырлардағы Испания. -

XI-XV ғасырлардағы Испания.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2229 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: XI-XV ғасырлардағы Испания
Сабақтың мақсаты: Пиреней түбегіндегі Кордова халифатының тарихы, мәдениеті мен шаруашылығы, арабтарға қарсы реконкиста қозғалысы және Испанияның бірігу тарихы жөнінде мәлімет беру
Дамытушылық міндеті: Оқушылардың салыстыру, ойларын жүйелі жеткізе білу, терминдермен, картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік міндеті: Өзге елдің тарихына деген қызығушылығын ояту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ойын элементтерін қолдану, «миға шабуыл» әдісі, картамен жұмыс, кесте толтырту, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Германия мемлекетінің орта ғасырлардағы тарихына, мәдениеті мен шаруашылығына қатысты сұрақтар кубиктің сыртына жазылады. Әр топтың оқушылары кубикті лақтырып, өзіне түскен сұраққа жауап береді.
Сұрақтар:
 «Қасиетті Рим ипериясының құрылуы»
 «Алтын булла» жарлығы
 Герман рыцарлары
 Қала-коммуналар
 Ортағасырлық Германиядағы шіркеу


2) Кесте толтыру. І топтың тапсырмасы
Ортағасырлық Англияға ғана тән белгілер

ІІ топтың тапрсырмасы:
Ортағасырлық Францияға ғана тән белгілер

ІІІ топтың тапсырмасы:
Ортағасырлық Франция мен Германияның ұқсастықтары

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Жоспар:
1. Арабтармен күрес
2. Реконкиста
3. Испанияның бірігуі
4. Католик шіркеуі
5. Инквизиция
Сабаққа кіріспе. «Ми толқыны» әдісі. Оқушылардан Испания туралы не білетіндері сұралады.
Өткен тоқсанда өткен арабтар тақырыбы бойынша сұрақ қойыла отырып, бүгінгі тақырыппен байланыстырылады.
Топпен жұмыс. Постер. Слайд.
1-топтың тапсырмасы: Пиреней түбегіндегі арабтар
2-топтың тапсырмасы: Реконкиста және Испанияның бірігуі
3-топтың тапсырмасы: Католик шіркеуі және инквизиция

ІV. Бекіту тапсырмасы.
1). Ортағасырлық Испанияның картасы көрсетіледі. Оқушылар Кордова халифатының территориясын, Кордова қаласын, реконкиста нәтижесінде құрылған Кастилия, Арагон, Наварра, Португалия мемлекеттерінің, арабтардың қолындағы Гранада әмірлігінің территориясын картадан көрсетеді.
2). Терминдерге байланысты ойын. Терминдерді мағынасына қарай үш-үштен топтастыр. Кортес, аутодафе, халиф, король, индульгенция, бас штат, инквизиция, парламент, сұлтан.
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма: параграф 16; контурлық картаға Испанияны түсіндіру, Альгамбра сарайы туралы мәлімет жинау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.