Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы. -

XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2142 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, XV-XVIIIғасырларда оның дамуы жайында баяндау, хандардың саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып,, білімдерін тереңдету.
Сабақтың жоспары:
1. Қазақ хандығының құрылуы
2. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы
3. XVII-XVIII ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы
Сабақты мұғалім өткен сабақпен байланыстыра отырып, мына сұрақтарды қояды:
1. Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай мемлекеттер құрылды?
2. Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай ордасының әлсіреуіне не себеп болды?
Оқушы жауаптарын мұғалім толықтыра отырып, сабақты әрі қарай жалғастырады. Қазақ хандығының құрылуын XV ғасырдың 60 (70)-жылдары деп көрсетудегі дәлелдің бірі-М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» деген еңбегінен үзінді келтіре отырып түсіндіреді. Жәнібек пен Керейдің Жетісуға қарай көшуінің түпкі негізі-біріншіден, хандықтың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар, екіншіден, этностық байланыстар. 1465-1466 (1470-1471) жылдары Қазақ хандығы құрылып, дүние жүзіндегі мемлекеттерге таныла бастағанын деректерге сүйене отырып әңгімелеу.
Тақырып бойынша Оқушыларға ақпараттарды өздерінің белгілеуіне сәйкес келесі кестеге орналастырып, жүйелеу ұсынылады:
Инсерт кестесі:
V «қанат белгі» (әлдеқашан белгілі нәрсе)
- «алу» (белгісі түсінігіне қайшы нәрсе)
+ «қосу» белгісі қызықты және тосын нәрсе
? «сұрақ белгісі» (егер бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса)

...
...
...
...

...
...
...
...

Кестенің әрбір бағанын тізбектей талқылау жүргізіледі.
Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен –XVI ғасырдағы саяси жағдай.
Бұл ғасырларда қазақ хандары Жәнібек пен Керей сол кездегі Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдайларды пайдалана отырып, Оңтүстік Қазақстандағы Созақ, Сығанақ, Сауран, т.б. қалаларды жаулап алады. Қазақ хандығының аумағын ұлғайтуда Қасым ханның рөлін мұғалім деректерге сүйене отырып, ерекше атап өтеді. «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстан», «XIII-XVII ғасырлардағы Жетісу» карталарын, «Қазақстан Республикасының саяси картасын» пайдалану.
Мұғалімнің қазақ хандары Хақназар, Тәуекел, Есім тұсінда олардың батыста, солтүстік-шығыста, Орталық Азияда хандықтың шекарасын кеңейтудегі рөлін, көрші елдермен саяси, сауда қарым-қатынастарын жасап, ел экономикасының дамуына на назар аударып отырғанын ерекше атап өту.
Сызбаны пайдалану
XV-XVIғасырлардағы қазақ хандығы

• Моғолстан

Қатынас түрлері.

Сабақ жоспарындағы үшінші мәселе-XVІІ-XVІІІ ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы.
Мұғалім оқушылардың назарын қазақ хандығының өз ішінде жүріп жатқан саяси бытыраңқылығына аударуы керек. Бұл ғасырларда күшейген көрші Жоңғар мемлекетінің шапқыншылықтары, оған қарсы қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресі ерекше орын алады.
Суреттерді пайдалану
Қазақ хандары

Әбілқайр хан Абылай хан
Қазақ батырлары

Қабанбай Бөгенбай Райымбек Малайсары Жәнібек
Сонымен қатар мұғалім Жәңгір хан, Тәуке ханның ішкі, сыртқы саясатта жүргізген іс-шараларына тоқталады. Оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында тарихи, әдеби шығармалардан үзінділер оқып, сабақта немесе сабақтан тыс уақытта талқылауға болады.
Мұғалім сабақты қорытындылап, бекіту сұрақтарын қояды.
1. Қазақ хандығы қашан құрылады, алғашқы хандары кімдер?
2. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
3. Бұрындық пен Қасым хан кезінде Қазақ хандығының шекарасы қай жерлерге дейін ұлғайды?
4. Қазақ хандығы көрші қандай мемлекеттермен қарым-қатынас жасады?
5. Парсы тарихшысы Ескендір Мұңшы Тәуекел ханның қай елге шапқыншылығын суреттейді.
6. Шоңғарларға қарсы Орбұлақ шайқасы қай жылы болды, ерекшелігі қандай?
7. Тәуке хан ішкі саяси билікте қандай өзгерістер енгізді?
8. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қандай жылдарды еске түсірді?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.