Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
“Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог”. -

“Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог”.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1785 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Хамзин Нұржан Әлімжанұлы
Жангелдин орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Аралбай ауылы

Сабақтың тақырыбы: “Ы. Алтынсарин – ағартушы, педагог”

Сабақтың мақсаты:

Бiлiмдiлiк: Ұлы тұлғалар жайында бiлетiн бiлiмдерiн шыңдай отырып, олардың тарихтан алатын оры зор қайталанбас бiр тұлға екенiн меңгерту.

Дамытушылық: Танымдық жұмыстар арқылы қосымша тарихи мәлiметтер беру, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелiк: Ұлтын сүйген ұлы тұлғалардың өмiрi, шығармашылығы жайында баяндау арқылы адамгершiлiкке, мейiрiмдiлiкке баулу, елiн, жұртын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрi: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың әдiсi: Сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтастыру, баяндау.

Көрнекiлiктер: Ы. Алтынсариннiң портретi, таңдамалы шығармалары, плакатқа жазылған жазулар, iрек-сызбалар, сөзжұмбақ, ҚР аяси картасы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиетi, әдеп.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берiлген тапсырма: “А Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетiнiәң негiзiн салушы”. Үй тапсырмасын естерiне түсiру үшiн топтау әдiсi қолданылады.

Үй тапсырмасын естерiне түсiргеннен кейiн деңгейлiк тапсырмалар бойынша үй тапсырмасы сұралады.
I деңгейлiк “Қызыл” түстi тапсырмалар:
1. Абайдың әкесiнiң аты? (Құнанбай)
2. Абайдың шын есiмi? (Ибраһим)
3.Абайдың әжесi кiм едi? (Зере)
4. Ибраһимдi еркелетiп алғаш рет Абай деп атаған кiм? (анасы Ұлжан)

II деңгейлiк "Жасыл" түстi тапсырмалар:
1. Абай қай жерде дүниеге келдi? (Қазiргi Семей облысы, Абай ауданы Шыңғыстаудың баурайында)
2. Құнанбай он жасар Абайды қандай оқу орнына бердi? (Ахмет Риза медресесi)
3. Абай өлең жазумен қай жастан айалыса бастады? (Отыздан асқанда)
4. Абайдың қаншаға жуық қара сөздерi бар? (50-ге жуық)

III деңгейлiк "Сары" түстi тапсырмалар:
1. Абай орыстың қандай ақын-жазушыларының шығармаларын ана тiлiне аударды?
(А.С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов т.б.)
2. Абай Пушкиннiң қай шығармасын аударып, оның үзiндiлерiне ән шығарып сазгерлiк қырынан танылды? (Евгений Онегин)
3. Құнанбайдың Абайды оқуын бiтiртпей елге алып кетуiнiң себебi неде?
(ел басқару iсiне араластыру)
4. Абайдың өiр сүрген жылдарын анықтаңыз? (1845-1904 жж.)

III. Жаңа сабақтың тақыыбы: "Ы. Алтынсарин - ағартушы, педагог".

Жоспар:
1. Ы. алтынсариннiң өмiрi және қызметi.
2. Ы. Алтынсариннiң шығармалары және олардың тәрбиелiк мәнi.

Ой шақыру.
- Балалар, қазақ тарихында ағартушылық, көркем әдебиет саласында және т.б. салаларда қызметатқаран ұлы тұлғалар аз болмаған. Бүгiнде олардың өмiрi, еңбегi, шығармалары кейiнгi ұрпаққа үлгi, өнеге. Сондай ұлылардың бiрi - Ы. Алтынсарин.
- Балалар, Ы. Алтынсариннiң қандай өлеңдерiн бiлесiңдер? (Тақтаға "Кел балалар оқылық" өлеңiнен үзiндi жэазылған плакат iлiнедi).

Жаңа сабақ.

1) ғартушы, педагог, жазушы, ғалым, балалар әдебиетiнiң атасы Ы. Алтысарин 1841 жылы қазiргi Қостанай облысының Торғай өңiрiнде дүниеге келген. Әкесiнен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы Балғожа би тәрбиеледi. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектептi алтын медальмен бiтiредi. Мұнда орыс, араб, татар және парсы тiлдерiн жақсы меңгерiп шығады.
Мектептi 1857 жылы бiтiрiп, атасы Балғожа бидiң хатшысы ретiнде тiлмаштық қызмет атқарды. 1864 жылы Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етедi.
Сол замандағы қаражаттың жетiспеушiлiгi, мектеп үйi, ұрал-аспаптардың жоқтығы да оны мұқалта алмады. Ол ауыл-ауылды аралап халыққа бiлiм беретiн мектептiң артықшылығын түсiндiрдi.
Сол заманның ең озық бiлiм ордалары саналған Петербург, Қазан қалаларына барып, оыс ағартушыларының еңбектерiмен, орыс үкiметiнiң халыққа бiлiм беру жүйесiмен танысты. Солармен таныса отырып, қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты
1879 жылы Ыбыай Торғай облысындағы мектептердiң инспекторлығына тағайындалады.
Ыбырай қазақ даласында бiрiншi болып қыздарды бiлiмге тартты. 1887 жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты.

2) 1879 жылы Ыбырайдың алғашқы қазақ тiлiндегi оқулығы "Қазақ хрестоматиясы" Орынбор қаласында жарық көрдi. Бұл "қазақ хрестоматиясы" оқулығына енгiзiлген өлеңдер мен әңгiмелердiң тәрбиелiк, бiлiмдiлiк маңызы зор болды. Мысалы, "Кел балалар, оқылық", "Өнер-бiлiм бар жұрттар" сияқты өлеңдерi оқырман қауымның жүрегiнен шықы. Сонымен қатар "қазақ хрестоматиясындағы" бiрқатар өлеңдерi шәкiрттердi Отанын сүюге, адамгершiлiкке, әлiм-тәрбиеге жетелейдi.
Ы. Алтынсарин сонымен қатар жазушы да. Қазақ балаларының жас ерекшелiктерiне лайықтап, түсiнiктi етiп, әңгiмелер жазды. Ол орыс тiлiндегi балаларға арналған шығармаларды қазақ тiлiне жеңiл аудара бiлдi.
"Ыбырай әңгiмелерiнiң тақырыбы". Топтау стратегиясы арқылы түсiндiру.

Еңбек Мейiрiмдiлiк



Жолдастық Отырықшылық



Тазалық, денсаулық Ұқыптылық

IV. Бекiту. “Көш” ойыны. Тақтаға 9 түйенiң суретi iлiнедi, түйелердiң өркешiнде сұрақтар берiлген. Ойын барысында оқушылар түйенiң өркешiндегi сұрақтарды алып жауап бередi.

1-сұрақ. Ы. Алтынсарин қай жылы, қай жерде дүниеге келдi?
2-сұрақ. 1857 жылы қандай мектептi бiтiрдi?
3-сұрақ. 1857 жылы Ыбырай атасы Балғожаның жаныда қадай қызмет атқарды?
4-сұрақ. Ыбырай 1864 жылы қандай қызмет атқарды?
5-сұрақ. Ыбырай қандай қалаларға барып орыс ағартушыларының еңбектерiмен танысты?
6-сұрақ. 1879 жылы қандай қызмет атқарды?
7-сұрақ. 1879 жылы жарық көрген қазақ тiлiндегi алғашқы оқулығы?
8-сұрақ “Қазақ хрестоматиясы” қай қалада жарық көрдi?
9-сұрақ. Ыбырай қазақ даласында 1887 жылы Ырғызда қандай мектеп ашты?

V. Қорыту. Ы. Алтынсарин ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек еттi. Ол 48 жасында ерте қайтыс болса да, болашақ ұрпаққа тәлiм болар мол еңбек қалдырды. Ы. Алтынсариннiң еңбегi қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуiне игi ықпал еттi.
- Ендi балалар, бүгiнгi сабағымыз бойынша құрастырылған сөзжұмбақты шешiп көрейiк.

Сөзжұмбақ “Ыбырай”

Ы р ғ ы З
Б а л ғ о ж А
о қ Ы л ы Қ
о Р ы н б о Р
т о р ғ А Й
а б а Й

1. 1887 жылы қыздарға арналған мектеп интернат қай жерде ашылды?
2. Ыбырайдың атасы?
3. “Кел балалар ...!” Өлеңнiң тақырыбы?
4. Қазақ хрестоматиясы қай қаладан басылып шықты?
5. Ыбырайдың туған жерi?
6. Қазақтың ұлы ойшылы жазба әдебиеттiң негiзiн салушы?

Венн диаграммасы. Абай мен Ыбырайды венн диаграммасы арқылы салыстыру.



VI. Бағалау. Оқушылар үй тапсырмасын орындауына, сабаққа қатынасуына қарай бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы. Ы. Алтынсарин туалы оқып келу және Ыбырай өлеңдерiнен үзiндiлер жаттап келу.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.