Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қыпшақ хандығы7 -

Қыпшақ хандығы7

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1764 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі
Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы

Тақырыбы:

Қыпшақ хандығы

7 – сынып

Тарих пәні мұғалімі: Н.Т.Қойшекенова

Қаратөбе 2012

Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Қыпшақ хандығының қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, саяси жағдайы мен қоғамдық құрылысы, шаруашылығы туралы түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, қызығушылығын, белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, алғырлыққа, патриоттылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Өзара белсенділікті арттыру сабағы
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, топтық жұмыс, ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: Схемалар, суреттер, қаттамалар, плакаттар
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру:
Сұрақ: Найман, керей, жалайырларды неге қазақтың байырғы тайпасы дейміз? Қазақ халқының қалыптасуындағы рөлі қандай?
Жаңа сабақ жоспары:
1. Қыпшақтардың қоныстанған жерлері, этникалық құрамы.
2. Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы
3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы.
4. Қыпшақ хандығының шаруашылығы.
1.
Қыпшақ хандығы

Құланды даласы

Орал Алтай
Еділ Ертіс

Балқаш көлі,
Жоңғар Алатауы

Көшіп – қонған жерлері

Үстірт Маңқыстау Нұра Тобыл

Сарысу Қобда

Есіл Ойыл

Жайық Жем Елек Сағыз

Қыпшақтардың этникалық құрамы
(VI – VIII ғғ. қалыптасты)
Қыпшақ бірлестігі
Батыс бірлестігі
11 тайпа Түркі тілдес тайпалар Шығыс бірлестігі
16 тайпа
Елбөрілі
Тоқсоба
Йетиоба
Дурут Қимақ
Оғыз
Құман
Башқұрт
Қаңлы
Қарлұқ
Жікіл Негізгі тайпалар (8)
Ұсақ тайпалар (8)

2. Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы
Әскери басқару жүйесі
Орда
Оң қанат Сол қанат
Орталығы: Сарайшық Орталығы: Сығанақ

Қыпшақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
Оқушыларға тапсырма: Қыпшақ хандығының хандық басқару жүйесі негізінде интерактивті тақтадағы сөздерді жоғарыдан төмен қарай ретімен орналастыру

Жатақтар Құлдар Ханның туған –туысқандары Ақсүйек-шонжарлар Тархандар ХАН Басқақтар Ру-тайпа көсемдері Бектер Байлар
3. Қыпшақ хандығының саяси жағдайы
- Қыпшақтар ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан басқа
жерлерінің барлығына ие бола бастады.
- Қыпшақтардың бөгде аттары:
Орыс деректерінде «половцы» (далалықтар) деп аталған.
Венгр деректерінде «Кундар», «командар» деп аталған.
- Қыпшақтар Хорезм е,лімен қатынасты жақсартуға мүдделі болды. Алайда Хорезм шахы қыпшақтардың күшеюінен және олардың өз шекараларына жақындауынан қауіптенді.
- Қыпшақтар өз іштеріндегі алауыздықтың кесірінен Хорезм елімен шайқастарда жеңіліп қалып отырды.
- Екі мемлекеттің арасындағы бәсекелестік Монғол шапқыншылығынан кейін біржола тынды.
- Қыпшақ хандығы құлағанымен оның халқы мүлдем жойылып кеткен жоқ.

4. Қыпшақ хандығының шаруашылығы
1) Мал шаруашылығы (төрт түлік)
2) Тұрмыстық кәсіп (қолөнер, зергерлік)
3) Аң аулау шаруашылығы
4) Егін шарушылығы (тары,күріш,бидай)
Жаңа сабақты бекіту
«Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап беру. Жауабын тақтаға жазу.
1. Қыпшақтардың этникалық құрамына қандай тайпалар кіреді?
2. Қоғамдық құрылысы қандай болды?
3.Қыпшақтар қай жерлерді өзіне қаратты?
4.Қыпшақ хандығы қашан құрылды?
5.Шаруашылығы қандай болды?
Үй тапсырмасын тексеру
«Жұлдызды сәт» ойыны. Әрбір дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.
1. Наймандар қай жерлерді мекендеді?
2. Найман атауының шығуы неге байланысты?
3. Найман мемлекетінің астанасы?
4. Найман ханы Инанч білгеге қандай атақ берілді?
5. Мемлекеттің иәлсіреуіне не себеп болды?
6.1160 – 1203 жылдары билік еткен найман ханы

«Тарихи домино» ойыны. Қалтадағы қиылған сөздерді құрастыру

1. деп Керейіттер Кермин орналасқандықтан бойында
өзенінің аталған керілер
2. деректерде Аргус бұл тайпалар Селенгі
Жазба Керулен, тұрған Орхон бойында өзендерінің
3. қаласының маңындағы Битөбе Керейіт
Ұлан – Батор мемлекетінің деген орталығы жерде
4. оның баласы Керейіт Х –ХІІ ғасырлардағы шарықтау
хандар мемлекетінің Маркус шегі Құтшақұз пен кезі
5. болып Құтшақұз болғаннан хан сайланады Торы кейін қайтыс
6.достық билеушісі Шыңғыс хан Торы мен ұзаққа созылмаған қарым –қатынас

1.Шыңғыс ханның Жалайыр тайпасыныңішіндегі ең жақын досы кім?
2.Жалайырлар туралы қай еңбекте айтылған?
3. Қазақ жеріне келген жалайырлар қай жерге қоныстанды?
4.Ұлыстардың ұлы істерін кім басқарды?
5. Жалайырлар қай жерді мекендеген?
6. Шаруашылығы қандай болды?

«Даталар сөйлейді». Берілген жылдардың оқиғасын жазу.

915-955 жылдар -
960-990 жыл -
960 жыл -
992 жыл -
996 жыл -
999 жыл -
1040 жыл -
1089 жыл -
1212 жыл –

Тарихи сипаттама

1. Мемлекеттің аты –
2. Өмір сүрген уақыты –
3. Алғашқы билеушісі–
4. Астанасы –
5. Күшейген уақыты –
6. Саяси тарихы –
7. Этникалық құрамы –
8. Территориясы –
9. Шаруашылығы –
10. Билеуші титулы –
Үйге тапсырма :

1.§13. Оқып түсінгенін айтуға дайындалу.
2. Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.
3. «Қыпшақ хандығы» тақырыбына сөзжұмбақ құрау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.