Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қыпшақ мемлекеті. -

Қыпшақ мемлекеті.

Сабақ жоспары | Предметы | Тарихтан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1874 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Қыпшақ мемлекеті

Сыныбы: 10 «А» Күні 23.10.12
Сабақтың тақырыбы
Қыпшақ мемлекеті
Мақсаты

Қыпшақтардың шығу тарихы, этностық құрамы жөнінде оқушыларға толық мағлұмат беру
Күтілетін нәтижелер

Қыпшақтардың шығу тарихын біледі. Қыпшақтардың түркі – оғыз тайпаларымен қарым қатынасына талдау жасай алады. Қыпшақтардың этностық құрамын біледі.
Керекті жабдықтар Оқулық. Интерактивті тақта. Интернет. А4 формат. Видео.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

3 минут

Оқушылармен амандасу;

Әлеуметтік топ арқылы сыныпты 4 топқа бөлу. (Хандар, сұлтандар, билер, батырлар)
Үй тапсырмасын жинап алады. Амандасады

Топқа бөлінеді
Тұсаукесер

3 минут
10 минут

2 минут Видео – ролик көрсетіледі. Ролик адресі:
http://www.youtube.com/watch?v=-Y3Dl0BGFfw&feature=player_embedded
Ролик сюжеті бойынша сыни тұрғыдан ойлау сұрақтары қойылады.
Видео сұрақтар:
1. Бұл видео – роликті түсіруегі авторлардың мақсаты қандай?
2. Видео - роликте кімдер бейнеленген және неге деп ойлайсыздар?
3. Видео – роликтің сюжеті неге арналған?
4. Сюжет соңындағы әке сөзінің тәрбиелік мәні қандай?
5. Видео сюжеті қандай да бір мәдениет белгілерін сипаттайды ма? Қалай ойлайсыздар?
-Сонымен оқушылар саятшылық мәдениеті кімдерден бастау алады деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, критерилермен таныстыру.
Аты - жөні
Қыпшақтардың шығу тегін білу Қыпшақтардың әуелгі кездегі тарихына талдау жасай алу Қыпшақтардың этностық құрамын білу Қорытынды
Өз бағаң
Көрші
Мұғалім
Көреді, ойланады, ой бөліседі, салыстырады, талдайды, баға береді, сұрақтарға жауап береді.

Жауап береді, ойларын айтады. Қызығушылығы артады, белсенділігі артады

Ойланады, ынталанады, жоспарлайды, өз -өздерін реттейді, ойларын жүйелейді
Негізгі бөлім

20

«Қар үйіндісі» тәсілі.
«Хандар» тобы: Қыпшақтардың шығу тегі (Белсенді оқу)
«Сұлтандар» тобы: Қыпшақтардың әуелгі кездегі тарихы
«Билер» тобы: Қыпшақтардың түркі – оғыз тайпаларымен қарым қатынасы.
«Батырлар» тобы: Қыпшақтардың этностық құрамы Белсенді оқиды,жазады, топта талқылайды, ақпарат береді және алады, ақ қағазға түсіру арқылы ақпаратпен алмасады, түсіндіреді, тыңдайды, талқылайды,
Қорытынды

5 минут

5 минут Сыни тұрғыдағы сұрақтар қою арқылы бекіту:
1. Қыпшақтардың шығу тегі қайдан және қашан бастау алған?
2. «Қыпшақ» сөзінің пайда болуы және қыпшақтардың тарих сахнасына көтерілуі қалай жүрді?
3. Қыпшақтардың түркі – оғыз тайпаларымен қарым –қатынастары қандай дәрежеде болды?
4. «Дешті Қыпшақ» сөзінің мағынасы қандай?
5. Қыпшақтардың этностық құрамы қандай тайпалардан құралды?


Критериалды бағалау
Үйге тапсырма: Қыпшақ ру – тайпаларының этностық құрамына кірген тайпалар жөнінде интернеттен мәлімет жинап келу.

Ойланады, талдайды, салыстырады, сұраққа жауап береді, алған білімдерін саралайды.

Өздерін бағалайды.
Топпен бағалайды

Ізденеді, мәлімет жинайды..
Сабақтың өзіндік талдауы
Сабақты оқушыларды топқа бөлуден бастадым. Оқушыларды әлеуметтік топтардың, яғни хандар, сұлтандар, билер, батырлар атымен 4 топқа бөлдім.
Сабақтың тұсаукесер кезінде оқушыларға «Саятшылық» тақырыбындағы шетелдік , соның ішінде ВВС компаниясы түсірген видео – роликті көрсеттім. Видео – ролик интернет желісінің жай жұмысына байланысты тоқтап қала берді. Осындай сәттерді пайдалана отырып, мен оқушылардың роликтің сюжетіне қызығушылығын арттыру мақсатында және сыни ойлау қабілетін әрі қарай жетілдіру мақсатында «ролик сюжеті ары қарай қалай өрбиді деп ойлайсыздар?», «қыран құс жемтігін іле алады ма? », «түлкіні қыран ілгеннен кейін түлкіні жіберіп қоюы мүмкін бе?» деген сұрақтар қойдым. Кей оқушылар түлкіні тірілей жіберіп қоюі мүмкін деген ойларын да айтты. Ролик аяқталысымен сыни тұрғыдан ойлау сұрақтарын тағы да қойдым. Соның ішінде: «Бұл видео – роликті түсіруегі авторлардың мақсаты қандай?», « Видео - роликте кімдер бейнеленген және неге деп ойлайсыздар?», «Видео – роликтің сюжеті неге арналған?», «Сюжет соңындағы әке сөзінің тәрбиелік мәні қандай?», «Видео сюжеті қандай да бір мәдениет белгілерін сипаттайды ма? Қалай ойлайсыздар?». Оқушылар қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап берді. Айтылған ойлардың сан түрлілігі мені таң қалдырды. Осы роликті көрсету сабағымның сәтті және қызықты өтуіне түрткі болған сияқты. Роликті талдау аяқталысымен оқушылардан, ролик кімдердің саятшылық мәениетін сипаттайтынын және ол кімерден бастау алуы мүмкін екенігін сұрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтаттым. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен, бағалау критерилерімен таныстырып, жаңа сабақты зерттеуге кірісіп кеттік. Сабақты талдауда диологтік оқытудың «Қар үйіндісі» тәсілін қолдандым. Тақырыпшалары топтарға бөліп, белсенді оқу мен негізгісін дәптерге түсіріп алу үшін 5 минут уақыт бердім. Оқып шығысымен оқушыларға топ ішінде талдауға қосымша уақыт тағы да бердім. Алған мәліметтерімен бөлісу барысында оқушылар белсенділік танытты. Келтірілген мәліметтермен танысу үшін жазылған мәліметтерді зерттеуге топқа қосымша уақыт тағы берім. Осындан соң сыни тұрғыдан ойлау сұрақтары арқылы сабақты бекітіп, бағалау парақтарына баға қоюды ұсындым. Бағалау көрсеткендей оқушылар ақпаратпен толық бөлісе алған. Сабақ мақсатына жетті. Сабақ соңына оқушыларға үйге тапсырма бердім. Сабақта қиындық тудырған жағдай уақыт жетіспеуі. Уақытты үнемді пайдалану мақсатымен оқушыларды жылдам жұмыстануға итермелегнім де бар. Осының өзі оқушылардың алған білімімен толық бөлісуге кедергі жасаған сияқты. Келесі сабақтарымда ақпарат келтіруге уақытты көбірек берім керек деген тоқтамға келдім.

Сабақ бойынша өзгертулер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.