Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ағаш өңдеу. Пышақ қойғыш. -

Ағаш өңдеу. Пышақ қойғыш.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1691 | Размер: | Автор: Нартай4540
. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№ 43 Нұрғалиев атындығы гимназия-мектебі
Өскемен қаласы

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ағаш өңдеу. Пышақ қойғыш
Технология пәні


Технология пәнінің мұғалімі:
Ботабаев Рифхат Муратович

9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдеу. Пышақ қойғыш.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсат: Оқушыларға ағашты дұрыс таңдай білуді, қолданудағы әдістерін дамыту.
Дамытушылық мақсат: Ағашты әртүрлі мақсатта жұмыс істеу тәсілдерін үйрету, меңгерген білімдерін практикада қолдану. Пышақ қойғыш жасау әдісін үйрету
Тәрбиелік мақсат: еңбекке баулу, қолөнерді дәріптету
Сабақтың жұмыс нысаны: ағаш өнімдерін үйде, тұрмыста және өндірістік жағадйда қолдана білуді үйрету.
Сабақтың көрнекілігі мен керекті құрал-жабдықтар: плакат, сызғыш, карындаш, жапсыратын қағаз, ара, балға, егеу, шеге, бұрыш өлшегіш, қайшы, пышақ., Инсерт кестесі
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық және теориялық
Пәнаралық байланыс: сызу, сурет, геометрия пәні

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
- психологиялық ахуал тузызу (әр оқушыға қағаздан қиылған емен жапырақтарын таратып беру, оқушылар артына көршілес сыныптасына жақсы тілек жазып береді)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ағаш қасыққа ою салу
Сарамандық жұмыс ұйымдастыру
- әр оқушыға жеке тапсырма беру, берілген тапсырманы тексеру, талдау жұмысы
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
1. керекті құрал – жабдықтарды дайындау, оқушылардың жұмыс орнына қою
2. Еңбек құралдарын қолдану әдістерін көрсету

ІV. Жаңа сабақ
Ребус шешу арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Піл сөзінен соңғы екі әріпті алып таста, ыдыс сөзінен соңғы 3 әріпін алу, ұшақтан бірінші әріпті ал
Соңында «пышақ» сөзі шығады.
Мұғалім: Пышақ сөзіне байланысты қазақ халқында ырым тиымдар бар. Кім айтып береді?
- Пышақты ешкімге сыйлауға болмайды.
- Пышақты түзімен төмен қаратып тік қоюға болмайды
- Балалар, пышақтың қайраттылығы сақталу үшін не істеуге болады?
- Қасық, темір заттардан бөлек ұстау керек
- Үнемі қайрап отыру керек?
- Пышақтардың түрлері көп. Бірімен нан турайды, екіншісімен, көкөніс турайды, ет турайды, ол пышақтарды сақтайтын орны болу керек, сондықтан біз бүгін пышақ қойғыш жасаймыз. Әр пышақты өз қалтасына сақтау мақсатынды.
Синквейн стратегиясы
Ағаш, пышақ сөздеріне бес жол өлең құру
Ағаш Пышақ
Қалың, жұқа өткір, болаттай
өңдейді, жағады, оюлайды кеседі, турайды, өңдейді
Ағашты өңдеу қиын емес Біз бүгін пышақ қойғыш жасаймыз
Зат бәкі
V. Практикалық жұмыс
Оқушыларды техникалық қауіпсіздік ережелері жайлы жұмысты орындау алдында түсінік беру. Жұмыс киімдерін (халаттарын) кию. Барлық оқушыларға керекті құрал-жабдықтарын таратып беру. Өз бетімен жұмыс жасауға арналған үлгілерді көрсете отырып түсінік беру (плакат, сурет). Оқушыларға түсінбеген, орындай алмаған жұмыстарын көрсетіп, орындау әдістерін түсіндіру.
Өз беттерінше жеке-жеке істейтін жұмыстар.
1. Жеке, дара жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың жұмысқа дайындығын тексереді. 2. Құрал жабдықтарының жұмысқа дайындығын тексереді.
3. Әр оқушының ағашпен жұмыс істеу әдістерін, дұрыс қолдануын қадағалайды.
4. Жеке, дара жұмыс кезінде, мұғалім оқушылардың өз біттерінше жасалған жұмыстарын жеке бағалап бір-бірінің қателерін анықтап, түзетуіне көмек береді. Жұмыс аясында оқушылардың жұмыстарын, бағалап, үй тапсырмасын түсіндіріп беру. Өте жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау


VI. Сабақты қорытындылау
Инсерт таблицасын толтырту

Не білемін Не үйрендім Нені білгім келеді?


Рефлексия (стикерлерге оқушылар өз ойларын жазып плакатқа жапсырады)
Сабақ маған ұнады жасыл стикер
Сабақ маған ұнаған жоқ қызыл стикер
Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын сары стикер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.