Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар -

Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 5382 | Размер: | Автор: гость
. Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар
Чукаев Бекгали Узакбаевич,
№18 ортра мектебінің технология пәнінің мұғалімі,
Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау обылысы

Сабақтың мақсаты: оқушыларды ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналарымен таныстыру.
Міндеттері:
білімділік: оқушыларға ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналары, олардың құрлымы және қолданылыуы жайында білім беру;
дамытушылық: оқушыларды ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналарының қолданылумен таныстыра отырып, олардың танымдылық қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту;
тәрбиелік: жұмыс істеу кезінде ұқыптылық пен зейінділікке баулу, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақ өткізі әдістері:
— түсіндіру-иллюстриялық (әңгімелеу, әңгімелесу, дидактикалақ материалдармен жұмыс, көрсету);
— қалыптастырушылық (нұсқама, сарамандық жұмыс, өзіндік жұмыс).
Оқыту құралдары:
— заттық-табиғи нысындар, көрнекі құралдар;
— іс-тәжірибелік—еңбектік қызмет;
— эмоциялық—шығармашылық, қызығушылық, жұмыстағы қанағаттанушылық.
Жабдықтар және көрнекіліктер: проектор, слайдтар, «Ағашты қолмен өңдеу» плакат, «Ағаш өңдейтін машиналар» плакат, тірек сызбалар, Венн диаграммасы, инсерт кестесі.
Пәнаралық байланыс: физика, биология, өмірмен байланыс.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу, оқушылырды түгендеу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. Сабақ өткізу жоспарын ашу.
ІІ. Өтілген материалдарды қысқаша қайталау: «Конус тәрізді беті бар бөлшектің графикалық бейнесі».
Сұрақтарды экранға проекциялау. (Слайд №2)
а) «Айналатын денелерді» атаңдар.
ә) Цилиндр, конус, жартылай конус, домалақ (шар) қандай пішіндердің айналуынан алынады?

ІІІ. Жаңа материалды зерделеу кезеңі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын экранға проекциялау. (№1 және №3 слайдтар)

Мұғалім сөзі
Табиғатта өңдеу тәсілдерінің барлығына дерлік көнетін ағаш сияқты материал жоқ деуге де болады. Ағашты тек кесуге, сүргілеуге, аралауға және желімдеуге, бұрғылауға, жонғылауға, жону мен күйдіруге ғана емес, сондай-ақ баспақтауға, қалыптауға, жылулық, биологиялық және химиялық өңдеуге де болады.
Ұсақталған және арнаулы құрамдарға араластырылған ағашты, металл құйған сияқты құюға да болады. Ағаштың мамық сияқты жеңіл болуымен қатар, бытыра дәрісі сияқты тұтануы мүмкін. Алайда оны қорғасын сияқты ауыр және қоспа болат сияқты қатты, отқа жанбайтын етуге болады.
Ағаш материалын биологиялық, химиялық, қолмен, немесе механикалық әдіспен өңдеуге болады. (Слайд №4)
Ағашты биологиялық өңдеу – сапасы төмен ағаш пен миллиондаған тонна әртүлі ағаш және ауылшаруашылық қалдықтарынан аса маңызды өнім – азықтық ақуыздық ашытқыларға айналдыру.
Ағашты химиялық өңдеу – ағашқа әртүрлі химиялық қосылыстармен әсер ету арқылы өңдеу. Ағашты химиялық өңдеу бірнеше өндірісті біріктіреді: целлюлоза-қағаз өндірісі; гидролиз өндірісі; ағаш пиролизі өндірісі; канифол-скипидар өндірісі.
Ағашты қолмен өңдеу – кескіш аспаптарды (ара, сүргілер, бұрғылар және басқа да кескіш аспаптар) қолмен қозғалту арқылы аралау, сүргілеу, жону, бұрғылау және т.б. операцияларды орындау. Ағашты қолмен өңдеу әдістерін, онда қолданылатын аспаптарды 5 сыныптан бері білесіңдер және ағашты қолмен өңдеп жүрсіңдер. (Слайд №5)
Ағашты механикалық өңдеу – ағаштың өзі өзгермей, көлемі мен пішіні өзгеретін өңдеу. Ағаш материалдарының басым көпшілігі талшықтар арасындағы байланыстың бұзылуымен өңделеді. Ағашты бұлай өңдеу негізінен кесумен өңделеді: аралаумен, сүргілеумен, жонумен және т.б. талшықтар арасындағы байланысты бұзбастан өңдеу (баспақтау, майыстыру). Бұл кезде ағаштың иілгіштік қасиеттері, яғни сыртқы күштердің әсер етуі тоқтағаннан кейін оған берілген пішіннің сақталу қабілеті пайдаланылады.
Жұмысшы органдары (кескіш аспаптары) механикалық әдіспен (іштен жану қозғалтқышымен немесе электр қозғалтқышымен) қозғалысқа келтірілетін аспаптар механикалық аспаптар деп аталады. Ағашты қолмен өңдегенде қандай операциялар орындалатын болса, механикалық өңдеу кезінде де сол операциядарды (аралау, сүргілеу, бұрғылау, қашау, жону, ажарлау, сыдыру, тегістеп өңдеу т.б) орындауға болады.
Бүгінгі таңда техниканың дамуымен өндірісте, құрылыста, тұрмыста электрлендірілген қоласпаптар кенінен қолданылуда. Жұмысшы органдары электрқозғалтқышпен қосғалысқа келтіріліп, аспаптың өзі қолмен қозғалтылатын аспаптар электрлендірілген қоласпап деп аталады.
Электр аспабын пайдалану кезінде еңбек өнімділігі 8-10 есеге артады, жұмыстардың сапасы жақсарып, жұмысшының шаршап-шалдығуы азаяды. Сондай-ақ электраспабы портативті, жұмыс істеу мен қызмет көрсетуде қолайлы, салмағы 5-тен 15 кг-ға дейін.
Жұмыс істеу кезінде қолданылатын электрлендірілген қоласпаптардың қатарына дискілі және таспалы электраралар, электржонғыштар, электрсүргілер, электрбұрғылар, электрқашаулар, электрбұрауыштар мен электражарлаушы аспаптар жатады.
Электрлендірілген қоласпаптар салмағының шағындағына орай, электрлендірілген аспап-білдектердің пайдаланылуы мүмкін болмаған жерлерде жөндеу-монтаждау жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Ағашты механикалық өңдеудің негізгі түрлері: аралау, сүргілеу, жону, жонғылау (фрезерлеу), қашау, ұңғылау т.б.
Қазіргізаманғы ағаш өңдеуге арналған технологиялық машиналарында орындалатын жұмыстар: жаңқалау, шыбық және шебік жону, білте тақтайшалар мен жұқа тақтайшаларды жасау, ой-өрнектерді салу т.б. (Слайд №6)

ІV. Білімді және қызмет тәсілдерін бекіту кезеңі.
Сарамандық жұмыс: «Ағаш өңдейтін токарь білдегінде дайындамаларды өңдеу»
Қажетті құрал-жабдықтар және материалдар: ағаш өңдейтін токарь білдегі, кескіштер, ара, балға, қадаубас, қарындаш, сызғыш, 50х50х500 өлшемдегі ағаш дайындама. (Слайд №7)
Жұмысқа тапсырма:
1. Жұмыстың орындалу ретімен таныстыру.
2. Техникалық қауіпсіздік техникасының ережелерін еске салу.
3. Дайындаманың кесу орталағын аныктау.
4. Дайындаманы орталыққа бекіту.
5. «Қарадүрсін» жонуды орындау.
6. «Тазалап» жонуды орындау.
7. Алынған цилиндрдің сыртқы бетін ажарлау.
8. Цилиндрді кесіп алу.
9. Жұмыс соңында құрал-саймандарды мұғалімге тапсыру, жұмыс орындарын жинау, тазалау.

V. Қорытындылау кезеңі.
Венн диаграммасын толтыру. (Слайд №8)

VІ. Үй тапсырмасы.
«Ағаш өңдеуге арналған технологиялық машиналары» тақырыбына тиісті реферат дайындау.
Инсерт кестесін толтыру. (Слайд №9)
Білемін Білгім келеді Білдім



VІІ. Бағалау.
Оқушыларға білімдеріне, орындаған жұмыстарының сапасына қарап баға қоямын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.