Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ағашты желімдеу -

Ағашты желімдеу

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2334 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектебі
Технология пән мұғалімі
Құмарова Қорлан

Сабақтың тақырыбы: Ағашты желімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды желімдеу технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету. Желім жайында түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы желімдеу технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сыныбы: 7 сынып
Жаңа технология: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме – практикалық
Көрнекілігі: слайд, ағаш, желім, ара, т.б.
Құралдары: ара, бұрандалы қысқыш, егеу, сүргі.
Пайдаланған әдебиет: Технология 6,7,
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
Оқушылар берілген үй тапсырмасына өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім «беске» дайын? Кім «төртке» дайын? Кім «үшке» дайын? Кім мүлде дайын емес?
II. Үй тапсырмасын тексеру Қайталау сұрақтарына ұяшық таңдау арқылы жауап береді.
Ағаш материалдары 10 20 30
Жұмбақтар 10 20 30
Сұрақтары:
1)Ағаш ұсталығында неғұрлым кеңінен қолданылатын қалмақшасы жалпақ шегенің ұзындығы.
8 ден 50 мм
2) Тұрмысқа пайдаланатын ағаштар нешеге бөлінеді? Қылқан, жалпақ жапырақты
3) Шегенің ұшы қандай болады? Ромбы
4) Ағаш мойын шойын бас
Осы мықты мойымас.
Мықтап тұрып ұрады,
Мықты жерге тығады. Балға
5) Кедір бүдір тақтайды,
Тегістейтін тілімен.
Жеген асын татпайды,
Шығар желке түбінен. Сүргі
6)Маржан тісі ақсиып,
Ызылдап ән шырқайды.
Көк тіреген қалшиып,
Қарағайды қырқиды. Ара
ІІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу

жер есік лақ ешкі мысық (желім)
Желіммен құрастырып – бекіту шабақты, кертікті, ойық кертікті, шегемен бекіту сияқты тәсілдермен ұштастыра жүргізіледі, сондай- ақ жекелеген элементтерден, қабаттап жапсырылатын бөлшектерден дайындалған ағаш материалдарын әзірлеу үшін қолданылады. Ағаштың қысқа қиындылары мен қалдықтарын бір- біріне желімдеп жапыстыру арқылы ағаш материалдарын едәуір мөлшерде үнемдеуге болады.
Ағаш блшектерді желімдеу арқылы құрастырып бекітудің басқаша бекіту түрлерінің бірқатар артықшылықтары бар.
Біріншіден, желімдеу арқылы құрастырылып бекітілетін бұйымдар ағаштың тұтас бөлшектерінен жасалатын тап сондай бұйымдармен салыстырғанда бүрісіп- тырысу, қисаю, майысу, сияқты кемшіліктерге ұшырамайды.
Екіншіден, желіммен жапсырылған заттар берік әрі төзімді келеді.

Ағаш бөлшектерді өңдеуге мал өнімдерінен жасалған ағаш желімі немесе мал сүйегінен жасалған мөлдір желім, казеин желімі қолданылады.
Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Ол – шел желім деп аталады. Ал малдың кепкен майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін жасауға болады. Шелден жасалған желіммен ылғал тимейтін бөлшектерді ғана желімдеу керек.
Өнеркәсіпте тақта түріндегі желім шығарылады. Тақта желімдер мөп – мөлдір болады. Ал мұндай желім мөлдір емес, ұйысып, қоюланған болса, бұл оның сапасының төмен екенін білдіреді.
Желім былай жасалынады.
Тақта түріндегі желімді үгітіп ұсақтайды да таза ыдысқа, ең дұрысы ақ қаңылтырдан жасалған консерві банкіне салады. Ұсақталған желімді толық жабатындай мөлшерде су құяды. Сөйтіп ол желімді бір тәулік бойы сақтайды. Принципінде желімнің ісініп көтерілуіне кейде 6-12 сағаттың өзі де жеткілікті. Желімнің сапасы төмен болса оның ісініп көтерілуі кезінде су қатты бұлдыр тартады, сондай ақ тақта желімнің сапасы бүлінеді.
Желім ісініп көтерілген кезде оны 70-80 г дейін қыздырады.желімді қыздырғанда, оттың қызуы тым күшті болмауы тиіс. Өйткені күйген желім іске жарамай, желімнің жабыстырып ұстайтын сапасы жойылады және қарайып кетеді.Желімдеп жабыстыру кезінде оның қоюлығыда маңызды рөл атқарады. Дайын болған желім ешқандай түйіртпексіз, бірқалыпты қоймалжың, мөп-мөлдір қалпында сорғалап ағуы тиіс.Егер желім тым созылып немесе тым сорғалап ақса, қою түйіршіктер кездессе, ондай желімнің сапасы төмен болады.
Казеин желімі сүт белоктарының негізінде жасалады. Ол сатуға ұнтақ түрінде түседі. Түсі ашық та, қара қошқыл да бола береді. Сапалы желімнің құрамында өзге заттардың қоспалары мен қоқым болмайды. Желімді сатып алған кезде одан шірік иіс шықпауы тиіс.
Казеин желімінің кемшілігі онымен ағаш бөлшектерді желімдеп жабыстырғанда, қабығында тері илеуге пайдаланатын заттар көп ағаштан жасалған бұйымдар түсін өзгертіп, қарайып кетеді. Сондықтан казеин желімін қарағайдан, шыршадан, қайыңнан жасалған заттарды желімдеуге жұмсаған дұрыс.
Синтетикалық желімдер суға төзімді келеді және оны қара күйе, микробтар бүлдіре алмайды.Синтетикалық желіммен ұзақ уақыт жұмыс жасаған кезде, оқтын-оқтын үзілістер жасап, үйдің ішін желдету керек.
Нитрожелім дегеніміз нитроцеллюлоза мен шайырлардың органикалық еріткіштердің ертіндісі.Оны ағаш ұсталығында пайдаланады.

ІҮ. Сарамандық жұмыс
Желімдеу технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Керекті жеріне аздап қана жақ .
2. Көлемді нәрсе желімдегенде, желімді әуелі оның ортасына жақ, сосын оны таяқшамен тарат.
3. Жолақша немесе майда нәрсе желімдегенде абайла.
4. Желімдеген бөліктің үстінен таза қағаз жауып, сыртынан қолыңмен сипап бас.
5. 5-10 минут салмақтылау, тегіс затпен бастыр.
6. Желімдеп болған соң міндетті түрде қолыңды сабындап жу.
Ағаштарды желімдеу.
Ү.Сергіту сәті: «Сандар сыры»
Мұнда сандардан құралған мақал-мәтелдер беріледі. Мақал-мәтелдің басындағы сөйлем оқылады, жалғасын табу.
1) 2 жақсы қас болмас, (2 жаман дос болмас.)
2) Бес бармақ жиналса, (жұдырық болады.)
3) Отыз тістен шыққан сөз, ( отыз рулы елге жетеді.)
4) Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)
5) Бір тал кессең, (он тал ек.)
6) Бес саусақ (бірдей емес.)
7) 100 сомың болғанша, (100 досың болсын.)
8) Бір күндік жолға шықсаң, (үш күндік жолға азық ал.)
9) Айдың он бесі жарық, (он бесі қараңғы.)
10) 1 кісі қазған құдықтан ( 1000 кісі су ішеді.)
11)Досынды үш күн сынама, (үш жыл сына.)
12)Бір жақсы дос, (жүз туыстан артық.)

ҮІ. Сабақты бекіту:
І. Кесте толтыру

Желімнің сапалы болуына әсер ететін факторлар Желімнің тиісті бөлшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі болуы
Ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігі
Преске салған кездегі қысым күші

Желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен тығыз байланысы.
Престен шыққаннан кейінгі төзімділік уақыты
Желімнің нақты кездегі жағдайы және сапасы

ІІ.Сұрақ –жауап:
1) Желім түрлерін ата?
2) Мал өнімінен әзірленетін желімдерді ата?
3) Шел желімі дегеніміз не?
4) Казеин желімі дегеніміз не?
5) Желімді қалай жасайды?
6) Шел желімді қайда пайдаланады?
7) Желім ісініп көтерілген кезде неше градусқа дейін қыздырады?
8) Казеин желімінің кемшілігі неде?
9) Синтетикалық желім дегеніміз не?
ІІІ. ВЕНН диограмма толтыру:
Мал өнімінен әзірленетін желім Ұқсастығы Синтетикалық желім.
Мал терісінің шелінен де желім жасалады. Ол – шел желім деп аталады. Ал малдың кепкен майсыз сүйегінен, мүйізі мен тұяғынан сүйек желімін жасауға болады.
Екеуі де жабыстыруға арналған. Ұзақ уақытқа төзімді. Синтетикалық желімдер суға төзімді келеді және оны қара күйе, микробтар бүлдіре алмайды.Синтетикалық желіммен ұзақ уақыт жұмыс жасаған кезде, оқтын-оқтын үзілістер жасап, үйдің ішін желдету керек
ІҮ. Бес жолды өлең:
Не? 1) Желім
Қандай? 2)Ақшыл, қоңыр
Не істейді? 3)Жабыстырады
Сөйлем: 4) Әкем желіммен менің ойыншығымды жабыстырып берді.
Синоним жабыстырғыш.
ҮІІ.Үйге тапсырма:
Ағашты желімдеу түсініп оқып келу
ҮІІІ. Бағалау:
Оқушыларды салыстырмалы түрде бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.