Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алаша түрлері, жасалу түрлері -

Алаша түрлері, жасалу түрлері

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2721 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Алаша түрлері, жасалу түрлері
Сабақтың басты мақсаты: Ұлттық қол өнерді игере отырып, алаша түрлері мен оның жасалу әдістерін үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі: Оқушыларға алаша туралы түсінік беру, қолдану әдісі мен жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: Ұлттық қолөнерге қызығушылығын арттыру, ісмерлік өнерге баулу, қол икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: Өз білігімен, өз өолдарымен жасаған қолөнерді бағалауға ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру
Пәнаралық байланыс: Тарих, геометрия, сызу, сурет
Көрнекі құралдар: Алаша суреті, дайын бұйымдары
Керекті құралдар: жіп, тоқитын құрал
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІІІ. Сабақты бекіту
ІҮ. Үйге тапсырма
Ү. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабақ
Әр халықтың рухани әлемі ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен бастау алады. Ал өнердің дамуы халықтың өмірімен тығыз байланысты. Егер қазақтың киіз үйінің төріне жайылған ала теру алашаны басқа елдердің ою-өрнектерімен әшекейлесе әдемі болмас еді. Ал апаларымыздың әдемілеп, әсерлеп тіккен бұйымы көңілімізге, көзімізге де ыстық көрінері анық. Міне ұлттық өнердің ерекшелігі осында. Халық арасында осындай өрнегімен әйгілі шеберлеріміз көптеп саналады. Бірақ осы қасиетті мұрамызды күнделікті өмірде қолданып жүрміз бе? Жасыратыны жоқ қырдағы ауылда болмаса көпшілік шоғырланған қалада бұл дәстүр шеттепқалғаны анық. Қазақ халқы өнердің мұрагерідейтін болсақ, еліміздің батысындағы Маңғыстау өлкесінің сары алтындай сақталған қол өнері өзіндік ерекшелікке бай, қаймағы бұзылмаған қалпында күні бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан өміршең өнер.
Маңғыстау өлкесі мал өнімдерін кеңінен пайдаланып, қол өнердің бірнеше түрінің үлгісін көрсетті. Ұлттық қол өнердің жиынтығы бұл киіз үй. Киіз үйдің қаңқасы ағаштан, жабындысы киізден, төсеніші тағы да мал өнімі алаша деп аталады.
Алашаның өрнегіне байланысты бірнеше түрі бар:
Ала теру
Қызыл теру
Алаша Жүз теру
Орталы тегеріш
Шым игеру
Алаша қойдың жүнінен иіріліп, боялып, ширатып арнайы тоқу құралдарымен тоқылып дайындалады. Алаша тоқитын құралдар мыналар:
• Қылыш
• Адарғы
• Серу ағаш
• Мосы ағаш
• Күзу жіп
• Көтеру ағаш
Сонымен бірге алаша тоқылған кезде жібінің жіңішкелігіне, бояуының әдемілігіне тоқитын шебердің шебер, іскерлігіне де байланысты.



Алаша құру- алаша құру үшін 3-4 адам керек. Үшбұрыш формасында 3 қазық қағылады. Ұзындығы тоқылатын алашаның көлеміне қарай дайындалады.
Күзу байлау. Күз жіп ешкінің қылынан алдын – ала иіріліп дайындалады. Күзу байлайтын адам екі қазықтың ортасында отырып, еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасын айырып отырады. 2-3 қыз жіпті жүгіріп айналып жүреді. Күзу байлайтын адам алашаға салынатын өрнектің жібін санап, түсін таңдап есептеп отырады.
Тоқылатын өрмек әр түрлі ұзындықта болады. Тоқитын кезде екі қабатталып жататыны ескеріліп, 5-7 метрлік бөлмеге құрылады.
ІІІ. Сабақты бекіту
1. Алаша дегеніміз не?
2. Алашаның неше түрі бар?
3. Алаша қандай жүннен тоқылады?
4. Алаша салынатын ою түрлері қандай?
5. Алаша қандай құралдармен тоқылады?
ІҮ. Үйге тапсырма
Ү. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.