Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Алтын әдеп ережесінің» бағдарламасы. -

«Алтын әдеп ережесінің» бағдарламасы.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1857 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Талдықорған қаласы
Ш.Уәлиханов атындағы №10
орта мектеп гимназиясы
бағдарламаны дайындаған
технология пәнінің мұғалімі
Шукеева Г.К

«Алтын әдеп ережесінің» бағдарламасы.

Бағдарлама 3 бөлімнен турады:

1 – бөлім Кіріспе – 8сағат,
2 – бөлім Ресми этикет – 14 сағат.
3 – бөлім Дін және этикет -12 сағат.

Осы арнайы курс 10 сыныптың ұл және қыз балаларына арналған.
Аптасына 1 сағаттан, жылына 34 сағат берілді.

Арнайы курстың басты мақсаты.

1. Оқушыларды көпшіліктің арасында өз-өзін ұстау мәдениетіне үйрету.
2. Этикалық, эстетикалық мәдениеттерін, көзқарастарын қалыптастыру.
3. Өзара сөйлесу мәдениетін дамыту.
4. Ресми әдептің ережелерін үйрету.
5. Дін, салт дәстүрлер туралы хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәлеметтер беріп, курс бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Осы ұсынылып отырған курстың маңыздылығы – ол оқушыларымызға болашақ өміріне қажет деп ойлаймыз. Өйткені мектеп, жоғары оқу орнын бітірген соң жұмыс іздейді. Әр мекеменің өзіндік ережелері бар. Мысалы жұмысқа туру үшін арыз, түйіндеме, өмірбаян, т.б. қүжаттарды дұрыс толтырып өткізу қажет. Осы қүжаттарды дұрыс толтыруын ресми этикет бөлімінде қарастырылған, онда оқушылар резюме, арыз, өмірбаян, телефонмен дұрыс сөйлесудің, мерекелік және фуршет үстелдерін жасауды, визит карточкасын, тіпті ұжымда бір-біріне сыйлық таратуларын үйренеді.
Кейінгі кезде көп деген жастар абайсызда әр түрлі секталарға баратын болған, осы туралы дін және этикет бөлімінде қарастырылған. Осы бөлімге бейне көрінісін еңгіздік, ол бейне көріністе ақиқат және шындық пен сұмдық туралы Медина қаласының Ислам университетінің Қазақстан студенттері дайындаған деректі фильм.
Сонымен қатар бағдарламада ата – баба дәстүрін, мәдениеттік және азаматтық ортадағы асыл қасиеттерін, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, рухани мұрасын бағалай білуге мүмкіндік қарастырылады.


Тақырыптық күнтізбе жоспары.

Рет № Сабақ № Сабақ тақырыбы Сағат Күні
1 Кіріспе. 8
1 1 Кіріспе 1
2 2 Жан ұядағы тәртіп сақтау ережесі. 1
3 3 Мектептегі тәртіп сақтау ережесі. 1
4 4 Адамдарды бір – біріне таныстыру. 1
5 5 Әңгіме тындау, әңгіме айтушыны тыңдау ережесі. 1
6 6 Құттықтау ережесі. 1
7 7 Бата беру. 1
8 8 Көңіл айту ерекшеліктері. 1
2 Ресми әдеп. 14
9 1 Ресми этикет, оның принциптері. 1
10 2 Сөйлесу әдебі. 1
11 3 Ресми әнгімелесу. 1
12 4 Жұмысқа орналасу. 1
13 5 Түйіндеме, өмірбаян маңыздылығы. 1
14 6 Ресми өмірдегі визит карточкалары. 1
15 7 Ресми қабылдау. 1
16 8 Мерекелік және фуршет дастарханы. 1
17 9 Үстел басында өзін – өзі ұстау ережелері 1
18 10 Ресми қарым – қатынас әдебі. 1
19 11 Күнделікті және ресми өмірдегі сыйлықтар. 1
20 12 Этикет және интернет. 1
21 13 Телефондық әнгімелерідің әдебі. 1
22 14 Ұлттық этикет ерекшеліктері. 1
3 Дің және этикет. 12
23 1 Секта туралы ұғым. 1
24 2 Ақиқат (деректі фильм көрінісі). 1
25 3 Шындық пен сұмдық (бейне көрініс). 1
26 4 Бейне көріністі талқылау. 1
27 5 Үйленү рәсімі, ұлттық салт дәстүрі. 1
28 6 Сүндетке отырғызу. 1
29 7 Шілдехана, бесік той. 1
30 8 Құда түсу. 1
31 9 Ораза ұстау. 1
32 10 Құрбандық шалу. 1
33 11 Құран оқу. 1
34 12 Сонғы сапарға шығарып салу. 1
Барлығы : 34
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.