Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ас-адамның арқауы -

Ас-адамның арқауы

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2923 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ас-адамның арқауы

Тұяқбаева Ләззат Алиакбарқызы
№39” Қызылөзек” орта мектебі
Қызылорда облысы

II-бөлім .Тағам дайындау технологиясы

Мақсаты:
Білімділігі; Оқушыларды тамақ түрлерін жасай білуді үйрету,ұннан жасалатын кондитер өнімдері туралы мағлұмат беру.
Дамушылық: Оқушыларды тамақ әзірлеуде өз шығармашылығы мен орындауға
аспаздық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға,ас мәзірін дайындауда
тиянақтылыққа ,тазалық пен ұқыптылыққа, дастарқанды әзірлеуге,
еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер,мақал-мәтелдер,қанатты сөздер.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ,қорытынды
Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс,жұмбақ шешу,топпен жұмыс,графикалық диктант.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
а) Сынып оқушыларымен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Cыныпты топқа бөлу
Оқушыларға сабақ сайыс түрінде өтетінін хабарлап,сайыс кезеңдерімен таныстыру.Әр дұрыс жауап бір ұпай,ең жоғарғы ұпай он.
I-топ “Ақ бидай” , II-топ ”Шелпек”
Әр топқа уақыт беру арқылы өз топтарын төрт шумақ өлеңмен таныстыру,топ басшысын сайлау.
I- кезең : Нақыл сөздердің мағынасын ашу
“Ас әзірлей білу де - өнер”
“Өмір нәрі-ата кәсіп”
II-кезең:Өткен сабақтрады қайталау сұрақтары”Кім жылдам?” ;2 топқа бірдей сұрақтар беріледі.Оқушылар жылдам жауап беруі қажет.Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі.
1.Одан әрі өңдеуді керек ететін зат? (Шала)
2.Ашытқыны күшейту үшін ашытпалы қамырға аздап не қосу керек? ( Қант)
3.Ұнды пайдаланар алдында нені ескеру керек? (Сортын және елегіштен өткізу)
4.Қосымша біз үйренген майлықты бүктеудің тәсілдерін ата?
(Пирамида,артишок,көбелек тияра және лилия)
5.Балық еті қандай минералды заттарға бай?
(Ақуыз-13-20%,майлары1-3%, миералды заттар1-5% ,май мен дәрумендерге бай.)
6.Балық өнімінің қай түрі үлкен сұраныста? (Консервіленген түрі)
7.Дастарқанның басты асы не? (Нан)
8.Ашытпалы қамырдан қандай нан түрлері жасалады? (Тапа нан,бауырсақ)
9. Ашытпасыз қамырдан қандай нан түрлері жасалады? (Пирог,шаг-шаг,бисквит,үгілмелі)
10.Қамырды илеу тәсілі неше топқа бөлінеді? (2 топқа)
III-кезең;Ой-толғау
a) Әр топтан бір оқушыдан шығып өздерінін дайындап келген тағамына сипаттама беру
б) Топтағы қалған оқушыларға тапсырма.Тамақ әзірлеу технология тарауы бойынша тірек сызба әдісін пайдалану арқылы дұрыс жауабын сызу.
IV-кезең:Менің үш құпиям. Топ басшылар сайысы. Үш пәнді таңдап, сол таңдаған пәндерінен сұраққа жауап беру.(жұлдызша-ұпай саны1)
1.Биология
Егер тамақта не нәрсе жетпесе баланың дамуы тежейді?Ол адамдардың денсаулығын едәуір бұзады,еңбекке қабілетін нашарлатады?(ақуыз,белок)
2.Музыка
Дастарқанға байланысты қандай әндер білесің?
(Қазақы дастарқаным,Дастарқан-ау дастарқан)
3.Әдебиет
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға ем,сауға қуат дәрі қымыз.
Елімнің социалистік сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз-деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ағқынымыз кім? Ж.Жабаев
4.Бейнелеу өнері
“Дастарқан”натюрмортының авторы кім? Айша Ғалымбаев
5.Математика
Ертедегі ақылды әйел өз үйін, малын ұрылардан қалай аман алып қалған?
Сапырып- сапырып-Сарманға бер,құйып- құйып Құрманға бер,төрдегі төртеуге бер,есіктегі екеуге бер-деп аман алып қалған.
6.География
Төрт түліктің киелісі –түйе малының шыққан жері? Орта Азия Қазақстан
V-кезең: Ой ұшқырлығы деп аталады.Топға тапсырма мақал құрастыру.
Есіңде сақта
• Нан ыдыста көгеріп кетпес үшін сіріңке қорабына мақтаны йодқа батырып
нан салғышқа салып қой.
• Пышақты өткірлеу үшін жарты сағат тұзды суға салып,содан соң қайра
• Нан қатпас үшін жарты тілік алманы нан салғыштың жаныа қой.
• Беті ашылған томат пастасы бұзылмауы үшін бір ас қасық май немесе арақ құй.
• Кофенің жауы- ауа.Сондықтан құрғақ ыдыста бетін жауып сақтау керек.
Қысқаша кеңес
Заттың асқа ,сұйыққа байланысты кіші бөлшегі,қалдығының аталуы.
Асқа байланысты.
• Бір асауға жараралық ас-асам
• Астың дәмін білерлік қалдығы-жалам
• Бір қайнатуға жетерлік шәй-қайнатым
• Еттің қатқан, қалғаны-қақпыш
• Азда болса жеу үшін пайанылар ас-тіске басар
• Бір рет жеп қаларлық ас-шайнам
• Бір түйреп аларлық ас-шаншым
VI- кезең: Тапқырлық “ Ойнайықта , ойлайық шешпей оны қоймайық”
Әр топқа үш жұмбақтан жасыру
1.Суда туады,суда өледі. Тұз
2.Жылай –жылай пісер аузыңа кеп түсер. Шелпек
3.Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңіліне силайды. Дастарқан

1.Ақ қиыршық еритін, ас жоқ одан жеритін. Тұз
2.Сен қадірін білші күнім,
Соған деген болсын тек құлшылығын
Бір үзім болмаса егер қарап қалып ,
Өлшер еді өмірден тіршілігін. Нан
3.Ағаш басында құлыптаулы. Жаңғақ

Қорытынды.
а) Өзіңді-өзің тексер
2 топқа бірдей сұрақтар беріледі.Дәптерлеріне 1-10 қатар сандар қоямыз дұрыс жауап “ -”
дұрыс емес жауап “ ” топтар бір-бірін тексереді.

Сұрақтар

1. Тамақты дайындамас бұрын шеберхана тәртіп ережесін сақта
2. Суда тез еритін ,химиялық қопсытқыш тұз
3. құймақ әзірлеу үшін сұйық қамырды дайындайды
4. Самсаның қамыры бисквитті болады
5. Балық етінде ең негізгі бағаланатын фосфор минералдық заты
6. Қазақ ұлттық тағамдарының аспаздық өнерінің ерекшелігі транспорт шаруашылығына байланысты
7. Тұздық- жеке қолданылатын тағам
8. Ет қамыры ашытқылы қамыр
9. Ыстық тағамға- ет тағамдары жатады
10. Торт әзірлеу үшін ашытқылы қамыр дайындалады.

ә). Аспазшы болу ұнай ма ? қысқаша эссе
б).Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып , астындағы әріптерден сөйлем құра.

Ас- адамның арқауы

а с қ а н ы д а ң р у м ы а а
29 18 62 21 35 38 24 12 43 55 71 32 74 68 51

Тәбетіңіз ашылсын

32 27 20 17 25 30 36 21 15 60 75 42 49 45 54 40
і і б ә т ң з е т ы н ш л ы с а

Сабақты қортындылай келе топтарды бағалау

Үйге тапсырма. ”Ізденген жетер мұратқа” Ас мәзірін дайындау қыз балаға қажетпе ? деген сауалға өз пікірлерін жазып келу.

Тірек сызба арқылы дұрыс жауабын сызып белгілеу

Тірек сызба арқылы дұрыс жауабын сызып белгілеу

Мақал құрастыр

1.Ас ,жаман, жақсы, ауруға.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Аттама,үстіне,ас,үлкен,емессің,астан

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3.Болады, ас,айран,ішсе.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4.Жер,ел,асың,таны,барда,атың,тоны,барда.

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

5.Тастама,асты,кешкі,қарама,асқа,таңғы.

Мақал қос

------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1.Атасы,ынтымақ,нан ,тамақтың,көптің,батасы

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Тамақтың,наны,дастарқанда,жоқ,сәні,жоқ

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3 .Кешкі,асты,таңғы,тастама,қарама,асқа.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

4.Тәтті,иесімен,ас

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

5.Ақ,тойғызбасаң да.асыңа,тойғыз,ниетіңе

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мақал қос

------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.