Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ауыл шаруашылық машиналар мен құралдар. -

Ауыл шаруашылық машиналар мен құралдар.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4904 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылық машиналар мен құралдар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Ауыл шаруашылық машиналардың түрлерін танып білуге үйрете отырып, ауыл шаруашылық машиналар туралы алған білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық. Оқушылардың ауыл шаруашылық машиналар мен құралдары жөніндегі білімдерін одан әрі дамыту, атқаратын жұмысына қарай жіктелуін оқытып үйрету.
3. Тәрбиелік. Ауыл шаруашылық машиналар мен құралдары туралы жете танысу, оны заман талабына сәйкес дамыту және ауыл шаруашылығы мен ауылды сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, ребус
Сабақтың өту әдісі: баяндау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: сызу, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру. (3 мин)
2. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)
3. Ребус. (Ауыл шаруашылық машиналар мен құралдар) (3)
4. Жаңа сабақ.

Ребус.
Мына ребустың ішінде жаңа сабақтың аты жасырылған. Сабақтың тақырыбы ұзақ болғандықтан сыныптың ішін 3 топқа бөлемін.
1 деңгей.
‘ ’ ” УA “‘ “

2 деңгей
’ Р

‘‘‘ ”

3 деңгей
” Ұ ‘ ’ “ Д ‘ ”’

Жаңа сабақ.
Адамдар өз істеріне машинаның өте көп түрлерін қолданады. Механикалық қозғалысқа келтіру арқылы энергияны, материалдарды немесе ақпараттарды өзгертетін құрылғы машина жатады.


Машина


Жұмыстық Энергиялық

Технологиялық машина- жұмыс атқару арқылы материалдың пішінін, өлшемдерін өзгертеді. Мысалы, тесетін станок арқылы ағашты тесіп, алғашқы пішіні өзгеріп, тесігі бар пішін пайда болады.
Транспорттық машиналар- жүк немесе адам тасиды және өздері бір орыннан екінші орынға қозғалады. (Мысалы, автомобильдер, теплоходтар, ұшақтар, экскаваторлар және т.б. )
Транспорттаушы машиналар- олар өздері қозғалмайды (мысалы, транспортерлер, конвейерлер, экскаваторлар т.б.), ал жүк олардың жұмыс органдары арқылы бір орыннан екінші орынға жеткізіледі. Жұмыстық бөлігіне мысалы, лента, шынжырлы цеп, трос, канат т.с.с. жатады.
Есептегіш немесе ақпарат алатын машиналар- клавищтерді басу арқылы нақты мәліметтер алады.
Энергетикалық машиналар (машина-двигательдер)- бір энергияның түрін басқа энергияның түріне айналдырады.
Ауыл шаруашылығы заман талаптарына сәйкес дамыту мен еңбек өнімділігін арттырудың ең тиімді жолы – машиналар мен күрделі жабдықтарды жетілдіру. Барлық уақытта да жаңа машиналар мен жаңа тәсілдерді қолдану негізінде құрылған технологиялар еңбек өнімділігін арттырып келеді.
Ауыл шаруашылығы машиналары қолданылу түрлеріне қарай: жер жыртатын, қопсытатын, тырмалайтын, тұқым себетін, суаратын, әр түрлі арамшөптерді жоятын, егінді жинайтын, кептіретін, тазалайтын, дәрілейтін болып бөлінеді.

Ауыл шаруашылығы машиналарының түрлері


Ауыл шаруашылық машиналары өсімдік өсіруде атқаратын жұмыстарына қарай бөлінеді



1. Топырақ өңдейтін машиналар мен құрал-саймандар

Соқалар Тырмалар Қопсытқыштар Катоктар

2. Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналарға минералды тыңайтқыш шашқыштар құрғақ және сұйық органикалық тыңайтқыш шашқыштар жатады.
3. Ауыл шаруашылық егісін себуді және отырғызуды іске асыратын машиналар: Сепкіштер (сеялка), отырғызғыштар және көшет отырғызғыш машиналар жатады.
4. Өсімдікке күтім жасайтын машиналар культиваторлар, тозаңдатқыш, бүріккүштер, жаңбырлатқыш машиналар мен құрылғылар жатады.
5. Ауыл шаруашылық егісін жинайтын машиналарға шапқыштар (носьика), жаткалар, комбайндар жатады.
6. Жиналған өнімді сорттайтын, тазалайтын машиналар астық тазалағыштар, сорттағыштар және т.б. машиналар.


Бағалау.

Үйге тапсырма.
Ауылда пайдаланатын ауыл шаруашылық техникалары.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.