Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бөлшектерді конструкциялау. -

Бөлшектерді конструкциялау.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2060 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырыбы: Бөлшектерді конструкциялау.
Мақсаты: Оқушыларға конструкция тарихын түсіндіре отырып оның түрлерімен таныстыру. Конструкцияның атқаратын рөлі мен маңызы жайлы мағүлымат беру. 3D технологиясымен геометриялық денелерді кескіндеуге үйрету. Цилиндр, шар, сақина тәріздес геометриялық денелерді түрлі жазықтықта көрсету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, дүниетанымдылық қасиеттерін қалыптастырып, денелердің құрылысын елестетуге, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.
Тәрбиелігі: Талғампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайдтар. АСКОН 3D программасы.
Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия, сызу, бейнелеу өнері
Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындйқтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
4-ші тарау металды қолмен және механикалық түрде өңдеу болғандықтан оқушылардың 5-ші сыныптан металдар тақырыбында алған білімдерін тексеру.
Сұрақ:
1. Металл түрлерін ата
2. Қара металл түрлерін ата
3. Түсті металдарды ата
4. Металдардың қасиеттері
5. Қаттылық дегеніміз не?
6. Беріктік дегеніміз не?
7. Серпімділік дегеніміз не?
8. Болат пен шойынның айырмашылығы?
9. Болат пен шойынның қолданылуы
10. Түсті металдардң қасиеттері?
3. Жаңа сабақ.
Конструкция (латын сөзінен constructio) – құрастыру, тұрғызу. Конструкция – құрылмалы, бұзылмалы бөлшектер және алуан турлі бөлшектен тұратын күрделі дене.
Конструкция негізгі мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Вантты конструкция
2. Жапырақты конструкция
3. Жылжымалы конструкция
4. Құрылыстық конструкция
Вантты конструкция – сым арқандармен аспалы немесе кабельдермен керіле тартылған құрылғылар болады. Бұндай құрылғылар анкерлі болттар мен арнайы тартпа бұрандалармен орнатылады.
Жапырақты конструкция – металл жаймаларынан, түрлі ертпелерден жасалады. Сұйықтар мен түрлі сусылдақ денелерді (химиялық) сақтайтын ыдыстар (резервуар, газгольдер, бункер) жасалады. Бұндай конструкция пісіру немесе қапсыру арқылы құрастырылады.
Жылжымалы конструкция – арнаулы өндірістерде, құрылыстарда көтергіштерді, тасымалдаушы аппараттарды, құрылысшылар мен машинистер станоктарының жұмыстарын атқарады. Бұл конструкция болаттан және жұмыс салмақтарына байланысты есептеліп құрастырылып отырады.
Құрылыстық конструкция – мекемелерді және оларды түрлі материалдармен біріктіре тұрғызу мақсатында пайдаланылады. Мұндай конструкцияларды болттау, байлау (орау), тарттыру, қапсыру, пісіру, жапсыру арқылы жүзеге асырады.
Құрылыс конструкцияларын материалына байланысты келесідей бөледі
• Тасты және теміртасты
• Бетонды және темірбетонды
• Металды (болатты және алюминийлі)
• Ағаш және пластмасса
Тасты конструкцияларды қабырға тұрғызуда және кей жағдайда бағандарда қолданады. Беріктігін жоғарлату үшін темір торлармен армирлейді.
Тасты қалау деп ерітінді арқылы тұтас материалға айналған жасанды немесе табиғи тастардан құралған қалауды айтамыз. Тасты конструкциялар мыңдаған жылдар бойы қолданысқа ие болған, қазіргі кезде де сыртқы және ішкі қабырғаларда, іргетас бағандарында көп қолданады.
Түріне қарай:
• Табиғи, тас карьерларында алынады (бут, қиыршық тас);
• Жасанды тастар, күйдіру тәсілімен алынған (керамикалық), және күйдірусіз тәсілімен алынған тастар (силикатты, шлакты, бетонды тастар);
Бетон және темірбетонды (темірбетон) конструкцияларын жер асты конструкцияларда және жер үсті конструкцияларда қолданады. Олар болады:
• Монолитті, құрылыс алаңында жасалады
• Құрылымды, зауыттарда жасалынып құрылыс алаңына әкелінеді
• Құрылымды-монолитті, құрылымды элементтерден тұрады және арасы бетонмен құйылады
Темірбетонды элементтері құрамында арматуралы қаңқасы бар.
Металл конструкциялары болаттан, кей кезде алюминий балқымаларынан жасалады. Алюминий балқымаларынан жасалған конструкциялар қымбатырақ болып келеді. Металл конструкцияларын көбінесе өндірістік, биік және әртүрлі ғимараттарда қолданады. МК (металл конструкциялары) элементтері прокатты және құрылымды болып келеді. Прокатты элементтерді металлургиялық зауыттарда жасайды (бұрышты, швеллер және двутавр).
Болатты конструкция үлкен құрылыстарда, зәулім ғимараттарда, көпірлер мен эстакадаларда, крандарда, табақты конструкцияларда ( резервуарлар, газгольдер, бункер ),электр көзін әуемен жүргізу мұнараларында қолданылады.
Алюминий қасиеттері бойынша алюминийдің болаттан едәуір айырмашылығы бар. Егер болаттың тығыздығы ρбол=7,85т/м3 болса, алюминийдікі ρал=2,7т/м3, яғни үш есе дерліктей болаттан жеңіл.
Таза алюминий оңай коррозияланады, бірақ тез арада бетінде жұқа тотығу үлпегі пайда болып, коррозияның одан әрі дамуынан қорғайды.
Беріктігі төмен болғандықтан алюминий таза түрінде конструкцияларда қолданылмайды. Сондықтан оны беріктендіреді: а) легирлендірумен; ә) нагар-товкалаумен, яғни алдын ала созумен; б) термиялық өңдеумен.
Ағаш конструкциялары тұтас болып келеді немесе желімделген ағаштардан құралады. Тұтас ағаштардан құрастыру арқылы құрылымды элементтерді алады, ол үшін болттарды немесе шегелерді қолданады (оларды нагель д.а.). Ағашты желімдеу үшін синтетикалық суға төзімді желімдер қолданады.
Ағаш құрылыс конструкциялары көбінесе қылқан жапырақты ағаштардан жасалады, сондықтан тек қана қылқан жапырақты ағаштың құрылымымен танысумен шектелеміз, ол жапырақты ағаштардан қарапайымдылығымен және бірқалыптылығымен ерекшеленеді.
Пластикалық массалар жасанды материал болып табылады, синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстардан жасалған. Құрылыста кеңінен қолдану себебі, олар әмбебапты, жеңіл өңделеді, антикоррозиялық қасиеттері бар және сыртқы әдемі түрі үшін. Пластмассаларды құрылыста конструкционды, әрлеу, жылу және дыбыс изоляция үшін қолданады.
Көп пластмассалар жеңіл өңделеді, оңай кесіледі, тесіледі және созылады.
Конструкционды синтетикалық материалдарға шыны пластикті, органикалық шыны, қатты винипласттар, сонымен қатар, ағашпен араласқан пластик (ДСП), ағаш жоңқалы және ағаш талшықты плиталар жатады.
2-ші тақырып: цилиндр тәріздес денелерді сызба түрінде кескіндеу.
АСКОН 3D программасының «деталь» сызба жұмысын таңдау арқылы цилиндр, шар проекцияларын түсіреміз. Оларды түрлі бағыттарда (фронтал, горизонталь, профиль) орналасуын көрсетеміз.
Жаңа сабақты бекіту:
1. Конструкция дегеніміз не?
2. Контрукция түрлерін ата
3. Вантты конструкция дегеніміз не?
4. Жапырақты конструкция дегеніміз не?
5. Жылжымалы конструкция дегеніміз не?
6. Құрылыстық конструкция дегеніміз не?
7. Құрылыстық конструкцияның маңызы қандай?
8. Құрылыстық конструкцияның түрлерін ата
9. Тұрғылықты жерімізде қандай конструкциялар көп кездеседі?
10. Болатты қандай конструкцияларда қолданылады?
11.
Үйге тапсырма:
Пластмасса қалдық бөлшекткрді жапсыру арқылы еркін тақырыпта композиция құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.