.
.
Тақырыбы Балтаның сабы. Балтаның сабын жасау технологиясы
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2732 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты Оқушыларға балта сабының технологиялық
картасын сызып, сол бойынша балтаның
сабын жасаудың жолдарын үйрету.
Тәрбиелік мақсаты Оқушылардың ағаштан бұйым жасауға деген
қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту.
Дамытушылық мақсаты Оқушылардың ағш материалдарын өңдеудегі
алған біліктіліктерін онан әрі дамыту.
Жұмысқа шығармашылықпен қарауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер Балта сабының үлгісі, оның технологиялық
картасы.
Құрал-жабдықтар Өлшеп кесілген қайың ағаш, сүргі, ара, қашау
ағаш балға, егеу, пышақ, құм қағаз т.б.
Сабақ жоспары
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
3. Сарамандық жұмыс.
4. Сабақты бекіту.
5. Жұмыс орнын тазалап, құрал - саймандарды мұғалімге өткізу.
6. Үйге тапсырма.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін , жаңа сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіремін. Балтаның сабын жасау үшін қайың ағашыының қолайлы екенін түсіндіріп, қасиеттеріне тоқталамын. Онан әрі сапты жасау үшін оның технологиялық картасын сызғызамын. Бұдан арғы жұмыстардың бәрі технологиялық картада көрсетілген ретпен жүре береді. Жұмыс барысында ағымдық нұсқаулар беріліп отырады, яғни әр оқушының қасына барып, бағыт-бағдар беріп отырамын. Соның ішінде әсіресе техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап отыруларын ескертіп отырамын. Сабақтың соңына таман әр оқушының жұмысына талдау жүргізіп, кемшіліктерін көрсетіп, бағалаймын. Сонан соң әркім өзінің құралдарын мұғалімге өткізеді. Кезекшілер шеберхананы сыпырып, шаңдарын сүртіп ретке келтіреді.
Үйге тапсырма беріледі.
Қажетті ағашты таңдап алып, кесіп алу.
Дайындамаға саптың нобайын салып, кесілетін жерлерін белгілеу.
Белгіленген жерлерді арамен кесіп шығу.
Арамен кесілген жерлерді шапқымен шауып, алып тастау.
Сүргімен сүргілеп, тегістеп, өңдеу.
Балтаның дайын сабы.
Балтаның басын сапқа орнату.
Сапталған дайын балта.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.