.
.
Ас – адамның арқауы. Балық
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1636 | Размер: | Автор: Нартай4540Айнагул Халелқызы Жүнісова
№ 10 орта мектептің технология пәні мұғалімі.
Қостанай қаласы.
Күні: 24 қыркүйек
Сынып : 7 «б»
Сабақтың тақырыбы : « Балық »
Мақсаты :
а) Білімділігі : тамақ түрлерін жасай білуді ,
оның жасалу жолдары туралы түсінік беру.
б)Дамытушылығы : тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға
аспаздық қабілеттерін дамыту.
в)Тәрбиелігі : қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға ,
ас мәзірін дайындауда тиянақты ,
жинақы , таза істеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: интрактивтік тахта
Эпиграф: Ас әзірлей білу де - өнер.
Өмір нәрі- атакәсіп.
Сабақ түрі : топтық жарыс
Пәнаралық байланыс : музыка, әдибиет, химия, география,
бейнелеу, медицина.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу
б) Оқушыларды түгендеу
в) топқа бөлу:1-топ « Шортан » , 2- топ « Шәбақ »
1- тапсырма - « Тапқырлық »( оқушы ой- өрісі )
Кел балалар , ойнайық,
Ойнайық та , ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық,- деп жұмбақ шешіп көрейік.
1. Тақия мұрын бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар. ( Шәйнек )
2.Сен оның қадірін білші күнім ,
Соған деген болсын тек құлшылығын,
Бір үзім болмаса егер қарап қалып,
Өшер еді өмірден тіршілігің ( Нан )
3.Суда туады , суда өледі ( Тұз)
4. Үйірсек , туысқан бауырмал,
Жесең көңілің жаңарар.
Томпақ , өзі сары алтын.
Пісірген оны аналар ( Баурсақ )
5. Сылдыр сұйық су емес І
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады ? ( Сүт )
6.Аузынан ішкені, мұрнынан шығады. ( Шәйнек )
2.- тапсырма – « Окушы ұшқырлығы »
Бәйге ойыны бойынша жеті құпия ( Жеті пәннен сұрақ )
1. Биология .
Егер тамақта не нәрсе жетіспесе баланың дамуын күрт тежейді ?Ол ересе адамдардың денсаулығын едәуір бұзады , еңбекке қабілетін нашарлатады, ағзаның тұмауға, жұқпалы ауруларға қарсылығын кемітеді .
Ол не ?( Ақуыз)
2. Медицина.
Авитаминоз қандай ауру ?
( Бұл ауру ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан , тамақ құрамында тиісті дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру )
3. Әдебиет.
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға ем , сауға куат дәрі қымыз
Елімнің социалистік сүйген асы
Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз,-деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім ? ( Жамбыл Жабаев)
4. Бейнелеу өнері.
«Дастарқан » натюрмортының авторы кім ?
(Айша Ғалымбаева)
5. Музыка.
Дастарқанға байланысты қандай әндер білесіңдер ?
( « Қазақы дастарқаным ». « Дастарқан-ау, дастарқан » )
6. Математика
Ертедегі ақылды кемпір өз үйін , малын қалай ұрылардан
аман алып қалған ? ( Сапырып- сапырып, сарманға бер , құйып-құйып Құманға бер, төрдегі төртеуге бер , есіктегі екеуге бер» деп аман алып қалған )
7. География
Төрт түліктің қиелісі – түйе малының шыққан жері
( Орта Азия , Қазақстан )
3- тапсырма- Аспаз- маман
Балықтан қандай тағам түрлерін дайындай аласын?
( Оқушылар өздері дайындаған тамақ түрлерімен таныстырады )
4- тапсырма – Балыққа байланысты сурақтар ?
1. Балықтың тағамдық құндылығына кіреді?
2. Балықты алғашқы өңдеу технологиясы ?
3. Балықты өңдеу тәсілдеріне кіреді ?
4 Балықта немен бай ?
5- тапсырма . Тест
1. Балық немен бай ?
а) фосформен б) йодпен в)дәруменмен
2. Балықты алғашқы өңдеу ?
а)ерту,ішек-қарын алу, құйрығын алу,
б) ерту, қабыршығын тазарту , ішек-қарын алу ,
жүзу қанатың алу, жуу , бөлшектеп кесу.
в) ішек- қарын алу , қабыршығын тазарту ,
жуу, бөлшектеп кесу .
3. Сүық және ыстық тағамды дайындағанда ,
балықты салады ?
а) ыстық суға б) сүық суға в) бәрі бір
4. Балықты жылы өңдеу тәсілдеріне кіреді ?
а) қүыру , бұқтыру б) бөлу , пісіру в) қүыру , пісіру
5. Балықты қандай суда ертеді?
а) ыстық суда б) суық сада в) бәрі бір
6. Балықтың тағамдың құндылығына кіреді ?
а)ақуыз , мац , мин заттар , дәрумендер А,В, Е,В2,В12, РР, фосфор
б) ақуыз ,йод , дәрумендер А,С,Д ,В, май
в) май, ақуыз , дәрумендер С, Д,В,В12, фосфор.
7. Балық сорпасын неше минут пісіреді ?
а) 7-9 мин б) 10-12 мин в) 20-15 мин
6- тапсырма .Қорытынды.
Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып,
астындағы әріптерден сөйлем құра.
Тәбетіңіз ашылсын.
Не үйрендік ? Не үйренгіміз келеді ?
Бағалау :
Үйге тапсырма : ас мәзірін үйрену қыз бала үшін қажет пе деген
сауал төңірегінде өз пікірлерін жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.