.
.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі. « Білезік » тақырыбымен танысу
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2889 | Размер: | Автор: Нартай4540Минестерство образования и науки Республики Казахстан.
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі.
Средняя школа №10 отдела образования акимата города Костаная.
Мусина Салтанат 5 сынып
Мусина Салтанат 5класс
« Білезік »
« Браслет »
Қазақстаның тарихи ескірткіштерге және болашақ дамуы бұл саяхат маршруттары.
Исторические памятники Казахстана и перспективные маршруты.
Этномәдиниеттану.
Этнокультураведения.
Ғылыми жетекшісі: Жунусова.А.Х.
№10 орта мектебі технология пәні
Қостанай қаласы
2012 оқу жылы
Аннотация.
Зерттеу жұмысының мақсаты: « Білезік » тақырыбымен танысу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1.Білезік туралы жалпы түсініктер беру.
2.Білезік түрлерін және пайдалану жолдарын анықтау.
3.Қостанай қаласының мұражайына саяхат жасау.
Зерттеу жұмысының нысаны: Қостанай қаласындағы мұражайы.
Зерттеу нысаны: Білезіктің пайданалану тарихы, жергілікті мұражай
материалдарын пайдалану , әшекей бұйымдарды қарап
қосымша материал ретінде келтіру.
Зерттеудің тарихнамасы:
Қостанай қаласындағы мұражайдағы әшекей
бұйымдардың тарихымен және қолдану
материалдарымен танысу .
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ғылыми жұмыс кіріспеден , екі тараудан
қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен, қосымша материалдан
жазылған.
Нәтиже: Мұражайға барып «Білезік» туралы зергелік бұйымдарды өз
көздерімен көріп, олар туралы нақты ой түрлеріне жағдай жасадық.
Аnnotation
Aim of work research: " to meet by the theme of Migraine " .
Duty of work research:
1. About a bangle general concepts to give.
2. Types of bangle and lines the use to expose.
3. Сities Kostanay to do trip .
Object of work research: museum in city Kostanay. Object research: history of bangle, to use, local materials of museum looked objects decoration on addition time of material to compel to come.
Historiography research:
Decoration in museum in city Kostanay by history of objects and to meet by materials application .
Actuality of work research: scientific work was introduction, from two divisions, from final and use list, of literatures additional material written. Because that about a ring to history and to the core of life peep, population of Kazakh exactly not put on neatly bangle only , from a month is sober.
Result:
Though going in a museum "About a bangle" braid objects will aim, looking, about they exact to the types of idea
Мазмұны:
1. Кіріспе .............................................................................................................5
1.1Өзіктілігі..................................................................... ...................................6
1.2Мақсаты , міндеті ..........................................................................................7
2. Білезіқтің тарихы............................................................................................8
2.1 Білезіқ..............................................................................................................9
2.2 Білезік түрлері..........................................................................................10-12
Фото суреттері.................................................................................................13-15
Қорытынды ...........................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................17
I. Кіріспе.
Әйел әшекейлерінің ішінде ертеден келе жатқан және күні бүгінге дейін кең қолданылатын әсемдік бұйым - білезік.
Білезік сыңар қолға да , қос қолға да тағыла береді.Оны бірнеше бөлшектен құрап та , сом темірден тұтас құйып жұмыр етіп те жасады,сондай ақ ашпалы жаппалы түрлері де болады.
Соған орай оларды сом білезік ,жұмыр білезік ,қарта білезік,қақпақ білезік, бес білезік,сағат білезік деп әр түрлі атайды. Олардың ішінде алтын ,күміс нәзік шынжырлармен шымдалып жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі.
Зергерлер білезіктерге неше түрлі өрнектер салып , тас қондырып , қарала жүргізіп, зерлеп , сымдарды ширата дәнекерлеп әсемдеген.
Бүгінгі күннің жастары мен жасамыстары той-томалаққа, түрлі жиындарға алтынмен апталған, күміспен күптелген бүкіл, алқа-білезіктерін тағынып баруға тырысады.
Мақсаттары мәлім – сән, мақтан үшін. Ал өткен өмірдің өзегіне көз салсақ, басқа халықты қайдам, дәл қазақ жұрты білезікті тек қана сәндік үшін тақпағаны айдан анық.
Тіпті күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншектер нәрестесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек жаялығын жуар сәтте, оған сол үйдің үлкендері (енесі, абысыны): «Қолыңа білезік салып ал, тазалыққа тән болады», – деп ескертіп жүреді.
Біреу білер, біреу білмес, бірақ қазақ халқының «Ит аяғына салу» дәстүрі бойынша, жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда не «Есік көруге» шақырылғанда, әйелдер мен әжелер оған «Ит аяғына салу» деп сақина, күміс білезік сияқты заттарды береді.
Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс аудандарында егізінен, жұмырланып және төрт қырланып соғылатын білезіктер тән болса, Солтүстік және Орталық Қазақстанға жұқартыла соғылған жіңішке білезіктер тән, оңтүстік өңіріне құйма сом білезіктер, ал батыс пен оңтүстік-шығысқа өте көлемді сырты алтынмен буланатын көзді білезіктер тән.
Білезіктер күрделі әрленген көбіне ұлттық нақыш бойынша безендіріледі . Шеттерін сіркелеп үшбұрышты фигуралар және ширату , өру техникасымен әр түрлі өрнектер салынады.ХХ ғасырдың басында жасалған білезіктер жұқа таспалардан тұрады.Екі қатар үшбұрышты өрнектер салынып , үшбұрыштардын арасында сызықтар түсіреді.Ойып , қарайту әдісімен соққан білезіктерге ең көп салынатын өрнектін бірі- қошқармүйіз ,оны байлықтың, дәулеттің өсуінің белгісі деп санаған.
(Маңғыстаудың дәстүрлі қолөнері.134б)
Өзіктілігі.
Білезік – естелік, сыйлық, тіпті, мұралық белгі.
Халқымызда қалыптасқан дәстүр бойынша, ас адал болуы үшін оны дайындайтын, дастарқанға қоятын, шай құйып беретін әйелде міндетті түрде күміс білезік болуы тиіс.Жалпы сақинаны жасағанда алтын мен күміс, жез бен мысты пайдаланған. Солардың арасында көбірек қолданғаны — күміс. Себебі күмістің тартымды, сыйқырлы қасиеті бар деп есептелген және алтынға қарағанда күміс арзан және жұмсақ, әрі жарасымды. Оның тіл-көзден, түрлі сырқаттан сақтайтын, тазартатын қасиеті бар деп сенген.
Сондықтан көбінесе әйелдерге күміс білезік тағу ұсынылады.
Демек халқымыз білезік соғылатын күміс, алтынның таттануға ұшырамайтынын, олардың судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізетінін, денсаулыққа жағымды әсер ететінін тым ерте байқаған. Мәселен, жас келіншек нәрестесін шомылдырарда, жаялығын жуарда ауылдағы қарт әжелеріміз оған: Бұл – әлгі зергерлік заттарды сәбиді қырқынан шығарушы әйелдерге арналған сыйлық ретінде емес, халқымыздың сондай асыл заттарды қасиетті санауынан қалыптасқан дәстүр.
Білезік кең тараған түрі — асыл тастан немесе әйнектен арнайы көз салғандары. Ел ішінде ежелден асыл тастар тіл-көзден сақтайды деген сенім бар. Ал мөлдір шыны әйнектен көз салу – дүниенің бәрін көріп тұр деген ұғымға саяды.
Қазақ шеберлері асыл тастарды қырып-жонып көп өңдеуге салмаған, қайта табиғи сынын, түр-түсін бұзбай қаз-қалпында пайдалануды жөн көрген.
Білезіктің бауыры топса арқылы ашылып-жабылатын да түрі болған.
Мұндай білезіктерді білекке салу да оңай, олардың көркемділігі де айтарлықтай әдемі болады. Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады.
Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.
Бес білезік бұл білезіктің бауыр сырты жалпақ, сағат бау сияқты. Ортасында топсасы болады. Білезіктің екі басы түйісіп түймеленеді. Білектің сыртқы жағында күміспен немесе алтын шынжырмен шыжымдап қойған бес сақинасы бар. Сақиналар да өрнектеліп, тастан көз орнатылып әсемделеді. Білезікті білекке салардан бұрын осы бес сақинаны бес саусаққа киіп алады. Бұдан кейін білезікті топсасынан сыртына қарай қайырып білекке салады да екі басын қайтадан түйістіріп, түймелеп қояды. Бес білезікке асыл тастардан алуан түсті көз орнатып, үстіңгі бетіне күрделі өрнектер салады. [3. 128 б.]
1.2 Мақсаты.
Қазақ халқының ұлттық білезіктермен танысу, олардың түрлерін білу .
Білезіктердің түрлері туралы мәліметтерді табу және олардың айырмашылығын , ұқсастықтарын ажырата білу .
Міндеті.
1. Білезіктің тарихын білу.
2. Білезіктің орындалу ерекшелігіне көз жеткізу.
3. Тұрмыста қолдану ерекшеліктерін анықтау.
Қазақ шеберлерінің дәстүрі, тәжірибелерімен танысу
II. Білезіктің тарихы.
Алғашқы қауымдық дәуірде өмір сүрген сақтар қолөнер туындылары ретінде әйелдердің зергерлік бұйымдарын жасай бастаған.
Олар: білезік, жүзік, сақина, алтыннан жасалған моншақтар.
Зергерлік бұйымдар негізінен ғарыштық, геометриялық ою-өрнектердің қарапайым элеметтерінен бедерленген.
Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасап отырған. Әсіресе, күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар — сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден-ақ кең тараған заттар.
Әйелдер құлақтарына қола сырға, апталған алтынмен дөңгелек сырғалар тағып, мойындарына қоладан жасалған өңіржидектер, кейде оған алтын моншақтар тізіп салатын болған. Қолдарына білезіктер мен жүзіктер салып жүрген [1. 24 б.].
Білезік бұйымдары б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан аумағында белгілі болған полихрамдық дәстүрді жалғастырған біртектес мәнерде жасалған. Бірақ ХҮІІІ ғасыр шеберлерінің қолданатын басты шикізаты күміс болды. Қазақтар күмістің қарығыңқы реңін алтын реңмен тең көрген. Көпшілік әшекейлердің ақшыл сұрғылт өңі қазақтардың ұлттық киімдерінің түсіне үйлесіп келіп отырады. Салмақты және көлемді бұйымдарды Батыс Қазақстандық шеберлер құйып жасамаған, оларды қапталған күмістен соққан. Оның бетіне қалыпты өрнектер мен бедерлерді зерлеу жеңіл болған. Әшекейлердің тегістеу бетіне бедерлер шекіліп, ол бұйымның жоғары бөлігіне алдын-ала шекіліп дайындалған пластинкалар бекітілген. Зерлеу мен бүршіктеу сияқты әшекейлеудің күрделі техникасы қалтқысыз меңгерген Батыс Қазақстандық зергер-шеберлер сірә, Қазақстандағы жеке дара құбылыс болса керек.
Бұл әдістермен, әдетте, көркемдік тұрғыдан аса бағалы және қымбат әшекейлер дайындалған.
Қазақ зергерлері таза алтыннан білезік, сырға, сақина, жүзік соққан, сонымен қатар құю әдісімен де жасаған. Бірақ, таза алтыннан жасалатын сәндік бұйымдар өте қымбатқа түсетіндіктен, оны тек ірі байлар ғана жасатқан. Қазақстанның батысы мен оңтүстігіндегі күміс әшекейлердің бетіне алтын жалату, алтынмен булау немесе қақталған жұқа алтынмен көркемдеу жиірек кездеседі. Зергерлердің айтуынша, күміс бетіне алтын жалату мен алтын булаудың айырмашылығы болмаған.
Бұл тәсілді «алтынмен аптау» деп атаған.
«Аптау, булау, жалату» деген ұғымдар бір-бірімен үйлеседі.
Бетіне сынаппен араластырылған дәнекер себілген күміс бұйымға алтын ұнтағы қоса себіліп, отқа қыздырылғанда, алтын жылдам ериді.
Алтын ерітіндісін түтікпен үріп, күміс бетіне түгел жаюды алтын жалату, алтынмен аптау не булау дейді.
2.1.Білезік.
«Білезік» сөзінің шығу төркіні – білек пен жүзік сөз тіркестерінен құралған немесе оны білекке салынған жүзік деуге де болады. [2.] Оны қыз-келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер де салады. Білезік көбіне күмістен, кейде таза алтыннан да жасалады. Тек күмістен соғылған білезіктердің өзі Қазақстанның әр өңірінде әр түрлі болады. Жергілікті өзгешеліктер оның жасалу, әшекейлеу тәсілінен де, көлемінен де, сыртқы мүсінінен де байқалады. Мәселен, Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс аудандарына, негізінен, жұмырланып және төрт қырланып соғылатын білезіктер тән болса, солтүстік және орталық Қазақстанға жұқартыла соғылған жіңішке білезіктер тән, оңтүстік өңіріне құйма сом білезіктер, ал батыс пен оңтүстік-шығысқа өте көлемді сырты алтынмен буланатын көзді білезіктер тән. Әрине, осы келтірілген білезік түрлерінің әрқайсысының ішінде айтарлықтай өзгешеліктер байқалады. Ол, негізінен, әр атырапта көптеген шеберлер мектебінің болғандығының айғағы. Бұған қоса бірнеше асыл тастардан тұратын үзбелі білезіктер де кездеседі. Олардың негізі күмістен жасалады да, сырты алтындалып, әр үзбенің үстіне әр түрлі тастардан көздер орнатады. Мұндай білезіктерге жиі қолданылатын тастар — ақық, ағат, т. б. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жасалатын көлемді білезіктерге арнайы тағылатын шынжырлар ұшына 2-3 сақина, жүзіктер ілінеді. Мұндай білезіктердің сыртына сіркелеу әдісімен, негізінен, геометриялық өрнектер жүргізіледі.
2.2.Білезік түрлері.
Ашпалы-жаппалы білезік
Білезіктің бауыры топса арқылы ашылып-жабылатын да түрі болған. Мұндай білезіктерді білекке салу да оңай, олардың көркемділігі де айтарлықтай әдемі болады. Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.
Қымбат әшекей бұйымдарды (сырға, жүзік, сақина, білезік, алқа, тұмар, диадемала мен шолпылар) қалай тағу қажет, оның өзіндік қатаң қағидасы бар. Соның бастыларының бірін талдап түсіндірсек, қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән-салтанатты жасауы болып та саналады. Кейбір әшекейлер жас талғаса, кейбір әшекейлерді қыз-келіншектердің бәрі бірдей таға береді. Соның бірі – Бес білезік әшекейі. Бес білезік – саусақтарға тағылатын жүзіктердің білезікпен қоса жасалғаны.
Бес білезік
Енді бес білезік жайлы бірер сөз… Бес білезік бұл білезіктің бауыр сырты жалпақ, сағат бау сияқты. Ортасында топсасы болады. Білезіктің екі басы түйісіп түймеленеді. Білектің сыртқы жағында күміспен немесе алтын шынжырмен шыжымдап қойған бес сақинасы бар. Сақиналар да өрнектеліп, тастан көз орнатылып әсемделеді. Білезікті білекке салардан бұрын осы бес сақинаны бес саусаққа киіп алады. Бұдан кейін білезікті топсасынан сыртына қарай қайырып білекке салады да екі басын қайтадан түйістіріп, түймелеп қояды. Бес білезікке асыл тастардан алуан түсті көз орнатып, үстіңгі бетіне күрделі өрнектер салады. [3. 128 б.]
ХІХ ғ. Бес білезік
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражай қорында 180 дана білезік бар. Солардың ішінде № ЭБ-кс-241 номерлі білезікке тереңірек толталсақ. Білезік ХІХ ғ. аяғына жататын «Бес білезік» деп аталады. Алайда, бұл білезіктің жалпақ, сақиналары жоғалған болуы керек, әзірге саусаққа жалғасқан кертіктің орны бар. Сынамы күміс. Білезік құйма, қалыптама, шекемелеу әдістерімен өрнектеліп жасалған. Ал енді білезікке салынған оюларға тереңірек үңілсек. Білезікке бір-біріне қарама-қарсы «құс қанаты» оюы салынған.
«Құсқанаты» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Екі «құсқанаты» оюдың ортасында тамшы тәріздес екі гүл салынған. Ал гүл ою өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою өрнекке дейін кездеседі. Гүл оюларының өзінде де халықтың дана ойы жататынын мынадан байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы – бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді. [4. 33 б.]
Өсімдік тектес оюлар ұлттық өнерімізге өте ертеден сіңіп, кеңінен тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою-өрнегінің негізін гүл, жапырақ, сабақ құрайды. Гүл-жапырақ оюлары әр түрлі заттарға сәнімен қалыптасып, ұйқасымын табады.Олар өзінің даму барысында әртүрлі жолдардан өтіп, қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмұндарын шешті. Мәселен өсімдік оюларымен шымылдық, перде, түскиіз, көйлек, камзол, бешпет, аяққап, текемет, сырмақ, білезік, шолпы, сырға, жүкаяқ, сандық, қыш құмыралар және т.б. заттар ойылып, кестеленіп, боялып, бедерленіп, сырылып, әшекейленіп безендірілді.Сондай-ақ білезіктің орта тұсында тағы да тамшы іспеттес гүл, оны айнала бидай сабағына ұқсас оюмен безендірген. Бұл шеңбер жасап орналасқан. Негізі шеңбер бұл Күнді тұспалдайды. “Күн” белгісі көбінесе жүзік, білезіктерге бір дөңгелек, не қос дөңгелек түрінде безендіріледі. Бір дөңгелек “күн” белгісі – “күніміз ашық болсын” деген тілікпен салынған“ Сонымен қатар, білезіктің жоғары және тұменгі тұсында тамшы іспеттес өрнекпен «ирек» оюы түскен. «Ирек» өрнегі геометриялық ою-өрнекке жатады. Олар ирек (ирексу) деп те аталады. Ирексудың жиегі болмауы мүмкін. Олармен бешпеттерді, қамзолдарды, шапандарды және тақияның жиегін, сондай-ақ сақина, білезік, қапсырма, алқа секілді зергерлік бұйымдарды, ши тоқымаларын, сырмақтарды, кебежені, жүкаяқтарды, ыдыс-аяқ пен киім-кешектерді әшекейлейді. «Ирек өрнегі» бұл пәле-жаладан қорғайтын тұмар тәрізді мағынасы бар оюдың түрі болып табылады. Қолға киілетін тұсы да ирек-ирек болып келген. Сонымен бірге білезіктің екі жағында шеңбер жасай оралып тұрған ою орналасқан бұл ою дүние дөңгелек дегенге саяды. Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс аудандарында егізінен, жұмырланып және төрт қырланып соғылатын білезіктер тән болса, Солтүстік және Орталық Қазақстанға жұқартыла соғылған жіңішке білезіктер тән, оңтүстік өңіріне құйма сом білезіктер, ал батыс пен оңтүстік-шығысқа өте көлемді сырты алтынмен буланатын көзді білезіктер
VI.Фото суреттер.
Мұражайдағы саяхат
Қорытынды
Жұмысымды қортындылай келе , менім жұмысым қазақтың әшекей бұйымдарының бірі - «Білезік » туралы жаздым. Жұмысым кіріспеден , 2 тараудан , қортынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен , қосымша материалдардан тұрады.
Сөзімді қорытындылай келе дәстүрлі қолөнерімізді дамытып ешқашан ұмытпай,халық қажетін өтейтін табиғат байлығын мақтан етіп халық игілігіне пайдалансақ нұр үстіне нұр болар еді.
Замана көшнен қалып қоймай ұлттық өнерімізді дамыту жас ұрпақтың мақсаты
Бүгінгі күннің жастары мен жасамыстары той-томалаққа түрлі жиындарға алтынмен апталған, күміспен күптелген бүкіл , алқа-білезіктерін тағынып баруға тырысады.
Мақсаттары мәлім – сән, мақтан үшін. Ал өткен өмірдің өзегіне көз салсақ, басқа халықты қайдам, дәл қазақ жұрты білезік тек қана сәндік үшін пайдаламаған
Ертеде халқымыз ас адал болу үшін, тамақ даярлайтын әйел қолында міндетті түрде білезік не жүзік болуы керек деп есептеген.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы. Очерктер. А 1994 ж. 24 бет.
2. Қазақ совет энциклопедиясы. ІІ-том.
3. С.Қасиманов Қазақ халқының қол өнері. А 1995 ж. 128 б.
4. Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. А.2003. 33 б.
5.Қазақ ұлттық киімдері 361 бет
6. Маңғыстаудың дәстүрлі қолөнері 134б
7.Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: ЖШС[108]
8.Қазак тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:[29-33]
9.Ана тілі газеті
10.Ақтөбе газеті
11.Интернет желісінен
12.Энциклопедия[80-85]
13.Зергелік бұйымдар кітабы [12-16]
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.