.
.
ШҚО Зайсан ауданы Біржан ауылы Білікті ұстаз – сапалы білім негізі
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1792 | Размер: | Автор: Нартай4540Амангелді атындағы орта мектебінің
Технология пәнінің мұғалімі
Қабиолдин Дәулет Қабиолдаұлы
Білікті ұстаз – сапалы білім негізі
Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, мұғалім біліктілігі, бұл еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады. Сондықтан да біздің бүгінгі жылдан-жылға алға басқан қоғамымыздың ең көкейкесті мұраттарының бірі болып отырған білімді педогог кадрларды әзірлеу және қалыптастыру мәселелері, соның ішінде ұстаздар біліктілігін жүйелі арттырып отыру жолдары енгізілуде Солардың бірі Кембридж проектісі, мектеп мұғалімдеріне арналған 3 айлық курс мақсаты: жаңа идеаларды қолдана отырып білім сапасын, оқушы саналылығын, өмірге деген бейімділік, өзгемен санасу, өзге сенім арту сияқты қасиеттерді тез арада, аз күш жұмсап, көп нәтижеге жету – міне, осы курстың негізгі берер бағыты деп айту орынды болар. Әрбір ұстаздың бала тәрбиесіне олардың жаңа білімді қабылдауына жаңаша оймен, тың көзқараспен қарау. Ал бұл дегеніңіз, ұзақ жылдардан бері бірте-бірте жүргізіліп келе жатқан еліміздің білім саласындағы реформалық шараларды одан әрі тереңдете түсу деген сөз. Абай атамыз «ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға»- деп айтып кеткен сөзі, ұзтаздар үшін өмірлік ұстанымына айналуы өте маңызды. Яғни XXI ғасырдың мұғалімдері баланы оқыту үшін, жаңа үдерісті меңгерту үшін, өзіміз де тынымсыз дамуымыз керектігі қоғамның жарасымды дамуына ықпал етеміз деп ойлайм.
Ізденуді қойған бас,
Өмір жайлы ойланбас.
Абай
Әрбір адамда дүниетану, білімге талпыну болмаса, еңбекке үңіле қарамаса, ілгері басу, прогресс те болмас еді. Сондықтан, ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық әдет-ғұрыпты, намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарай алатын оқушы дайындауымыз керек. Олар жаңа ойларға, идеяларға шығармашыл болып, күтпеген жерден пайда болған мәселелерді шеше біліп, ақпараттарды саралай білулері керек. Оқушылар кез келген жалпыға танымал ақпарттарды сын тұрғысынан шығармашылықпен қарап, оның ұтымды жақтарын қолдануға тиісті.
Сабақтың жаңа формада өтуінің қандай қажеттілігі болды?
Біраз жылдар бойы технология пәнінен дәріс беріп жүрген кездегі толғантқан проблемаларым:
-біріншіден технология пәнін оқи бастағаннан-ақ, көбінде оқушылар ауырдың астымен, жеңілдің үстімен өтеміз деп мән бере қарамауы мүмкін.
-Екіншіден негізін түсінбеген оқушы үлкен жобалар жасуда қиындық туындады.
-Үшіншіден технологияның өмірге қажеттігін түсінбеді.
Сондықтан балаларға жеңіл, қызығатын, өз жұмысын бағалай алатын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында оқытудың сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып жүрмін. Бұл технология бірнеше стратегиялармен жұмыс жүргізуде жүзеге асырылады. Әр оқушы белгілі бір тақырыптарға ой толғап, суреттеп, еске түсіріп, болжап, жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға ынталанады, басқалардың ойын тыңдауға үйренеді және өз білімін толықтыра білуге тәрбиеленеді.
Осы мақсатпен 8-сыныпта “ Жоба жасау тәртібі. Шығармашылық жоба» тақырыптарында топпен жұмыс істей отырып, 3 кезеңнен тұратын сабақ өткізілген болатын.
Сабақ ІІІ кезеңнен тұрды.
І-қызығушылықты ояту
ІІ-мағынаны тану, ажырату
ІІІ-ой толғаныс кезеңі
Педагог К.Д.Ушинский былай дейді: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор. ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт. Оқушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту: тоқтаусыз өзгерістегі қоғам талабына сай рухани интеллекті, өз ұлтының тілін, ұлттық мәдениеті мен дінін ғана біліп қоймай, басқа ұлттардың да мәдениеттерін танып, біліп, оны құрметтеуге үйретуде, жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді сын көзбен саралай алуға, өзін-өзі басқара алуға, жаңаша жобалар мен идеяларға шығармашыл болуға, сайып келгенде, оқушының жан-жақты дамуындағы проблемалық жағдайларды туғызатын теориялық маңызды, практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып есептеледі. Сондықтан, жаңаша білім беру жүйесіндегі «Технология» білім беру саласының арнайы тарауларын оқыту, сабақта жаңа технологиялар мен шығармашылық жобалау әдістері арқылы оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмір ағымындағы материалдық қажеттіліктен туындаған бұйымды дайындау технологиясын үйрету, оның экономикалық тиімділігі, дизайн талаптарына сәйкестігі мен жобалау іс-әрекетінің іскерлік қабілеттілігін қалыптастыра отырып, оқушыларға экологиялық және эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке баулу, шығармашылықпен ойлау қабілеттіліктерін дамыту, тарихи ұлттық мұраларымызды ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыруға баулу, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру міндетіміз. Жобаны орындаудағы негізгі әрекет алгоритм әдістемесі болып табылады. Зерттеуші Н.В. Матяш анықтауы бойынша жобаны орындаудың алгоритмі төмендегі үш сатыдан тұрады: ұйымдастырылған дайындық сатысы, технологиялық сатысы, қорытынды сатысы
Шығармашылық жоба жұмысының қорытынды бағасы әр сатылардың орындалу есебінен, әрі конструкциялау, модельдеу, дайындалуы, бұйымның сапасы және негізгі ұсынысы мен оны қалай қорғай алуына байланысты қойылады.
Зерттеу объектісі:
8-сынып оқу тәрбие үрдісі
Зерттеу пәні:
Шығармашылық еңбек дағдысын субъектілік қарым-қатынас орнату негізінде басқару.
Мақсаты: субъектілік басқару арқылы оқушылардың технология пәні бойынша шығармашылық еңбек дағдыларын қазіргі заман талабына сай қалыптастырып, олардың болашақтағы даму сатыларына жол ашуына ықпал ету.
Осыдан төмендегідей міндеттер туындайды
- шығармашылық еңбек дағдысын зерттеу
- әр оқушының жеке-дара танымдық қабілеттерін дамыту;
- оқушының дербес субъектілік тәжірибесін «мәдениеттендіру», қолдану, барынша айқындау;
- дара тұлғаның қабілеттерін ің сыртқа шығып, іс-жүзінде өзін-өзі жүзеге асыруына көмектесу.
Болжам:
1. Оқушының жоғары интеллектісі қалыптасады.
2. Оқушының шығармашылығы артып, креативті ойлауы дамиды.
3. Нәтижеге жетуге ынталы болады.
4. Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасады.
5. Өмірдегі өз орнын нақты таба алады
Шығармашылық деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінін, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы.
Сабақта жобалауға байланысты технологиялық карталарды пайдаланылады. Оның мәні: негізгі технологиялық операциялардың кезектесіп келетін ретінің сызбалары мен пайдаланатын құралдары. Осы картаның сызбаларын қағаз бетіне түсіріп, құрастырған кезді кейбір элементтері саналы түрде көрсетілмейді. Көрсетілмеген элементтерді оқушылар өз қабілет-мүмкіндіктеріне қарай шешулері керек. Белгілі мерзімдерде технологиялық карталардың шешімдері күрделене береді. Бастапқыда кейбір жағдайларда менің көмегім арқылы жұмыс жасаса, кейін өз бетінше ынталанып, сызылған өздерінің карталары бойынша, тәжірибе жүзінде берілген дайындамалардан технологиялық карталарға сай бұйымдарды жасап шығарады. Әрине, жұмыстың сапасы әр баланың қабілетіне қарай әр түрлі болады. Сонымен бірге, барлық еңбек жұмыстары, құралдарымен немесе станокта істегенде қауіпсіздік ережелері қатаң қадағалаудан басталатынын ескертемін.Оқушыларды іздемпаздыққа бейімдейтін басты шара – ол жеке басының қызығушылығы. Ол әсіресе, ата-аналарына, туған күндеріне, мерекелеріне, сый бұйымдарын жасағанда айрықша байқалады. Керекті дайындамаларды да өздері әкеліп, ерекше әсермен бар шеберлігін салып істейді. Өз қолымен жасалынған бұйымның қымбат болатыны осындайда аңғаруға болады. Мектебіміздің шеберханасында өте жақсы істелінген бұйымдарға «өз қолымызбен» атты бұрыш ұйымдастырылған. Онда әр сынып оқушыларының қолымен істелінген бұйымдар қойылған. Бұл өтек жақсы өнеге, үлгі. Басқа оқушылардың қол шеберлігінің шығармашылық ізденуіне үлгі. Технология пәнінің ерекшелігі мұғалім оқушымен өзара «субъект-субъектілік» қарым-қатынас жасай отырып оқушының еңбек дағдыларын сабақ үстінде дамытады. Ерекше қабілетті, еңбек дағдысына икемі жоғары оқушылармен жекелей үйірмеде жұмыс жасайды.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін пайдаланатын әдіс– шығармашылық жоба. Жасалынған шығармашылық жұмыстарымен әр жыл сайын оқушылар аудандық байқауларда, аудандық бұйымдар көрмесінде шығармашылық жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, ағаш, металл өңдеп бұйымдар жасау, қыларамен (лобзикпен) әр түрлі сувенир ойыншықтар дайындауда өз шеберліктерін шыңдауда. Дарынды оқушылар технология сабағынан шығармашылық жоба жұмыстарымен айналысады. Оқушыларға дайын жұмысты қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденіп, дербес әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау, жобалау технологиясының негізі.
Оның мақсаты: оқушының қызығушылық ынтасын дамыту. Өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың болашақта кез-келген жағдайда әр түрлі қоғамдық ортада өзін - өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы шығармашылық жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашақта дұрыс бейімделген тұлға қалыптасады.Сөз соңында: оқушылардың іскерлігін, икемділігін, шеберлігін дамытып жұмысты өз бетінше орындауға ептілік деңгейін көтерін «Білемін», «Үйренемін», «Білгенімді іске асырамын» деген өмірлік принциптерді, бала бойына қалыптастырып, олардың шығармашылық ізденістерін арттыруда қолдан келгенше ұстаз ретінде еңбек ете беремін деп сендіргім келеді! Конфуцийдің Естігенімді – ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін дегені –технология пәнінің негізгі ұстанымы дегім келеді.
1 сабақ
1 сағат
Сабақтың аты: Жоба жасау тәртібі,шығармашылық жоба.
Сілтеме Технология 8сынып.Мектептегі технология жұрналы.
Жалпы мақсаты Оқушылар теориялық алган білімдерін іс жүзінде паидалану үшін жоба жасау тәртібімен танысу.Шығармашылық жоба жасау жолдарын үйрену.
Оқыту нәтижесі Сіз өзіңіздің кандай дәрежеде білім алғаныңызды түсіну.
Оқушының шығармашылық жоба жасауға қабілетін анықтау.
Жоба жасаудың тәртібін жүргізудің маңыздылығы.
Түйінді идеялар Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез игереді.Олар ойларын оңай жинақтайды,терең ойлайды,ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді.Оқушылардың ынтасын және басқару,дамыту жолдарын анықтау жыл көлемінде алған білімдерінің нәтижесі жобалу жұмыстары кезінде жүзеге асады.
Қолданған модульдер. Сыни тұрғыдан ойлау,бағалау және оқуды бағалау,таланты және дарынды балаларды,басқару және көшбасшылық.
Тапсырма 1тапсырма:топтастыру стратегиасы.
Жоба деген не? 2 тапсырма:сөзтуым.сөзжұмбақ шешу
3 тапсырма Аялдамамен оқу. 4 тапсырма: Дөңгелек үстел.эссе жазу
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары
1 Ұйымдастыру кезеңі: (3мин)
Оқушыларды түгендеу,топқа бөлу.шаттық шеңбері.
2 Жана сабақ.(10 мин) Жоба деген не?
Әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындаитын өзіндік жұмысы,басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы.Жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне,алган біліміне оқулықтағы материалды меңгергенине байланысты.Жоба әр түрлі бөләмдерден,арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұымның технологиалық картасынан құралуы мүмкін.Ол бұйымды жасаган кезде есептер,экономикалық немесе экологиалық дәлелдік,түсінік хаттар да пайдалынады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болады. Жобаны қалай дәлелдеу керек? Бұл кезенде адамның іс -әрекетіне қажет бұиымдардың ішінен қандай зат таңдап алатыныңа тоқталу керек.ол бұйым қоғамға,өзіңе,достарыңызға немесе ата-анаңа қандай пайда келтіретінін ойлау керек.
Жарнаманың негізгі міндеті тұтұнушының тауарға деген қызығушылығын арттыру.
Бұымның жарнамалық проспектісі мыналар.
• Бұйым жасаушының тауар белгісі;
• Бұйымның атауы мен атқаратын қызметі;
• Бірнеше жарнамалық сөздер.
Жабдықтар:
• қағаз – біреуі 3 немесе 4 адамнан тұратын топқа
• Фломастерлер.
ж О б а Л а У
о Й
б А л ғ А
а Р а
2-тапсырма (2 мин)сөзтуым
Сыныптағы жалпылама талқылау:
• Алдын ала болжау
• Қиял
• Соққыш құрал
• Кескіш
3 тапсырма. (10мин)жеке және топтық жұмыс.аялдамамен оқу
әр топқа таратпа материал.
4 тапсырма:(15 мин)дөңгелек үстел.эссе жазу.
әр оқушы жазу дәптеріне түсіреді. Оқушының іс әрекеті.
Кезекші оқушы сыныптың дайындығын хабарлайд.таратпа арқылы топқа бөліну.
Оқушылар сұраққа өз пікірлерін айтты.
әр топ плакат бетіне модельдерін салды.
Сөз жұмбақты сынып боп шешимин тапты.
Таратпа материал арқылы оқушылар тақырыптың мазмұнын ашты.
әр бала тақырып бойынша түсініктерін жазу дәптеріне жазды
Бағалау : (5 мин) Бағалау парағы.
Оқушылар өз өзін және бір бірін бағалады
Қосымша оқу Технология оқулығы,қосымша жұрналдар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.