Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі -

Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1778 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тамақтану мәдениетімен таныстырып, меңгерту. Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін түсіндіру. Қазақтың ұлттық тағамдары мен салт – дәстүрлерін жаңғырту арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Салауатты өмір салытын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс: биология, әдебиет, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызба «тамақтанудың негізгі ерекшелігі», «Адам ағзасына қажетті тағамдық заттар», мақал – мәтел, буклеттер асқа арналған.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Бекіту бөлімі
5. Оқушылардың білімін бағалау
6. Үйге тапсырма ебру
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасып, түгендеп журнал толтыру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. (алдарына үйден дайындап әкелген астарын және топты қорғау ұранын қою)
1 топ. «Нан астық басы, құдіреті, әрі символы» бұл топ оқушылары ұннан тағамдар даярлап әкеледі.
2 топ. «Дәрумендердің көзі - көкөністе» жеміс – жидек, көкөніс әкеледі.
3 топ. Ет, жұмыртқа, құс еті, балық «Ет қажетті нәруыздар» .
4 топ. Сүт, айран, қымыз, шұбат, құрт «Ақты көп ішсе, ұзақ жасайсың».
2. Ұй тапсырмасын тексеру. Үйге «Ас» туралы, «денсаулық», «еңбек» туралы мақал – мәтелтауып, мағнасын ашып айту.
1 топ. Нұрлан: Ас атасы – нан
Данияр: Арпа, бидай ас екен
Алтын, күміс тас екен
Гүлжан: Нанды астық атасы деп бағалаған қазақ.
Халқы оны барлық астын артық санаған.
Жанбота: Нанды бір қолмен үзбейді.
Нан үстіне зат қоймайды.
2 топ. Шырай: Асты аяқ әдемі.
Айдана: Ас – адамның арқауы.
Мөлдір: Асбар жерде ауру жоқ.
Ерасыл: Дәрумендер көзі – жемісте.
Нұрбек: ішің ауырса аузыңды тый
3 топ. Ерсін: Ет жесең тісіңе кіреді, жемесен түсіне кіреді.
Жарқын: Ет етке - сорпа бетке.
Аружан: Ас иесімен тәтті, тағамымен жақсы.
Айым: Сиыр сауып ішсең мың күндік,
Сатып жесең мың күндік.
4 топ. Шырай: Қымызды кім ішпейді,
Қызға кім сөз айтпайды.
Элянура: Айран ішкен құтылады,
Шелек жоғалған тұжылады.
Алты жыл аш жұрсеңде,
Ата салтыңды ұмытпа.
Назым: Ақты жерге төкпейді, ысыраптамайды.
Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
3. Жаңа тақырыппен таныстыру, мақсатын айту.
Тамақтыну мәдениеті дегеніміз – бәр қалыпты тамақтану, тағамдардың әр түрлі алуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп – жей білу.
Адам тағамынан өзінің бір тәулікте жұмсайтын энегиясының мөлшеріне қарай қуат алуы тиіс. Егер адам мөлшерден тыс ішіп жесе, артық салмақ қосып, нәтижесінде қант диабеті, атеросклероз, жүрек ауруларына шалдығады. Алайда тамақты аз ішіп, үнемі аш жүругеде болмайды. Бұның да қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай-жапсары болуға тиіс. Адам ағзасында (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг су, 16-17 кг нәруыз, 7-10 кг химиялық элементтен, 2,5 – 3 кг минералды тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсутегіден тұрады. Адамның ағзасы тағам түрлерінен дәрумендерді, биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұру керек!

Адам ағзасына қажетті тағамдық заттар
Нәруыздар
Сүт
Ет
Жұмыртқа
Балық Майлар
Ет
Сүт
Күнбағыс
Көмірсулар
Ұн
Картоп
Бал
Дәрумендер
Көкөніс
Жеміс – жидектер Минералды тұздар
Балық
Теңіз өнімдер,
Құс еті

Бұл ас қорытатын шырындардың әрекетімен тағымнан бөлініп, қолға барып араласадыда, дененің барлық организміне тарайды, сөйтіп онда түрлі клетка элементтерін құруға, оларды қалпына келтіруге және адамның жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады.
Қазақтың ұлттық тағамдары тағамдық құнарлығы жағынан өте құнарлы және ерекше. (Ұлттық тағамдар суреті). Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сіңімді сусындар дайындалған. ХХ ғасырдың басында енген ұн өнімдері де қазақтың ежелгі ет тағамдарының ажырамас бөлігіне айналды.
Тамақтану мәдениетінің 10ережесі:
1. Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын энергиясына сай қуат алуға тиіс.
2. Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.
3. Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.
4. Ыстық тағам температурасы 50-600С, салқын тағам 100С –тан төмен болмау керек.
5. Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
6. Тамақтын түрін (рационын өзгертіп тұру керек)
7. Қайнатылған, буға, парға піскен тағам пайдалы.
8. Тамақты асықпай шайнап жеу керек
9. Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек
10. Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек

4. Бекіту бөлімі. Топтарға саяхат.
1-тапсырма. Әр топ өз алдындағы тағамдарды бүгінгі тақырыпта айтылған тағамдық құнды заттары барма, қай тамақта қандай заттар бар айтып көрсету.
2- тапсырма.
1-топ. Нәруызы көп тамақтын суретін ватманға салады.
2-топ. Көмірсулары көп тағамды салады.
3-топ. Дәрумендері көп тағамды салады.
4- топ. Минералды заттар мен майлары бар тағамдарды салады .
3-тапсырма. Әр топ асқа, тағам, дастарханға байланысты ырымдар айту.
1-топ. Тамаққа қарап түшкіру әдепсіздік.
Жүкпен үйден шыққанда, үйден тұз алмайды.
2-топ. Шөлдегенде су бермеген жаман ырым.
Қол жумай асты ішпейді.
3-топ. Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді.
Тамақ үстінен аттамайды.
Дастарханға алдымен нан қойылады.
4-топ. Таңертеңгі асты тастамайды.
Тамақты сол қолмен жемейді.
Дастарханға бата бермей мұсылмандар тұрмайды.
5. Оқушылардың білімдерін қорытындылау, бағалау. Жақсы қатысқан оқушыларды марапаттау. Күнделігіне, журналына баға қою.
6. Үйге тапсырма беру. Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі. Жеке тапсырма: ас қайыру, бата іздену жұмысы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.