.
.
Алматы облысы Дайындамаларды егеу
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1693 | Размер: | Автор: Нартай4540Кербұлақ ауданы
Қарашоқы орта мектебі
технология пәнінің мұғалімі
Сапиев Моктархан Закирбаевич
Тақырыбы: Дайындамаларды егеу
Мақсаты :1. Оқушыларды егеудің түрлерімен таныстырып, дайындамалар-
ды егеуге үйрету.
2. Егеумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамыту.
3. Ұқыптылыққа, өз-өзіне қызмет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ –жауап, жеке жұмыс
Көрнекіліктер: суретті плакаттар, технологиялық карта, ескертпелер
Қажетті құралдар: дайын бұйымның үлгісі, егеулер, қыспақ, балға, шапқы
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау ( сұрақ-жауап)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау
Ү. Өз бетімен жұмыс
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушыларды түгендеу;
2. Сабақтың мақсатын айту
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау ( сұрақ-жауап)
«Ой қозғау» сұрақтары
1. Өткен сабақта қандай бұйым жасадық, ол не үшін қажет?
2. Шапқының кескіш бөлігі қандай болады?
3. Металды шапқымен ненің үстінде кеседі?
4. Шапқыны қалай ұстайды? (тәжірибе түрінде көрсету)
5. Балғаны қалай ұстайды? (тәжірибе түрінде көрсету)
6. Балғамен, шапқымен жұмыс істегенде қандай қауіпсіздік ережелерін
сақтау қажет?
7. Дайындаманың қалыңдығы 2мм қалың болса, соғу белгісін қалай салады?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру
Технолгиялық картамен жұмыс жасау
1. Егеуге қажет сайманды егеу деп атайды. Оның қызметі металдың бетін
кесу арқылы түзету.
2. Егеудің мынадай түрлері бар: (суретті плакаттарды пайдалана отырып
түсіндіру)
-шаршы, жалпақ, үш қырлы, жартылай дөңгелек, пышақ тәрізді
3. Жұмыс барысында егеудің сабын оң қолымен ұстайды, бас бармақты
саптың үстіне тіреп қояды, сол қолды егеудің ұш жағынан 2-3 мм кері
тастап, үстін басып ұстайды.
4. Жұмыс барысында екі қолдың күшін реттеп отыру керек:
егеудің ұш жағы металдың үстінде болғанда, күшті сол қолға көбірек салу
керек, ортасына келгенде күшті екі жағына бірдей салады. Артқы беті
металдың үстіне келгенде күшті оң қолға аударады.
5. Бөлшектің бетін тегістеп жақсарту үшін, қиылыстырып егеу әдісін
қолданады.
6. Қауіпсіздік шаралары: (Плакат арқылы түсіндіру)
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау
1.1-2 оқушыға егеумен металдың бетін егету
2. Металдың жаңқаларын үрлеп түсіруге болама?
3. Егеудің қандай түрлері бар?
Ү. Өз бетімен жұмыс
1. Оқушылар өз бетімен бұрыштықты егеп, белгілі мөлшерге келтіреді
2. Оқушылардың жұмысын қадағалап, ағымдық нұсқау беру
ҮІ. Қорытынды
1. Қателерін айтып, түзету.
2. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
4 тақырып, 12-13 бет оқу, әңгімелеу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.