Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Электр тізбегі және оның негізгі элементтері. -

Электр тізбегі және оның негізгі элементтері.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7785 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Электр тізбегі және оның негізгі элементтері

Амантай Сектайович Искаков
Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектебінің технология пәні мұғалімі,Астана қаласы.

Сабақтың тақырыбы:
Электр тізбегі және оның негізгі элементтері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды электр тізбегінің негізгі элементтерімен таныстыру. Сызба бойынша шартты белгілерді оқи білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың бойына еңбек дағдысын қалыптастыру. Қарапайым электр тізбегін жинай білуге, тұрмыстық электр құралдарын ақауларын жөндеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Электротехникалық жұмыстарды орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың объектісі: Түрлі электротехникалық арматуралар, электромонтаждық құрал-саймандар.
Сабақтың көрнекілгі: Сымдардың ұштарын аршып жалғаудың технологиялық картасы.
Пән аралық байланыс: сызу, физика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын тексеру.
І топқа
1. Металдар қандай топтарға бөлінеді?
2. Қандай метал қорытпаларын білесіңдер және олардың химиялық құрамы қандай?
3. Ток көздері деп нені айтамыз?
4. Электр өткізгіш материалдарды ата?
ІІ топқа
1. Электр тогын жақсы өткізетін металдарды ата?
2. Диэлектриктер деп қандай затты айтамыз?
3. Дәнекерлеу әдісі қандай құбылысқа негізделген?
4. Электр энергиясын қабылдағыштарды ата
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар өндірісте қолданылатын көптеген машиналар, аппараттар, қондырғылар, механизмдер, электр энергиясы күшімен жұмыс істейтінін сендер білесіңдер. Оны алу үшін электр энергиясы көзі болу керек. Ток көзі ретінде Гальваникалық элемент, аккумулятор немесе генератор пайдаланады. Электр энергиясын ток көзінен тұтынушыға жеткізу үшін арнайы өткізгіш қажет. Жақсы өткізгіштер тобына металдар жатады. Ток көзі мен электр тұтынушыны өткізгішпен қосу арқылы электр тізбегі алынады. Тізбек қосылған кезде онымен ток жүреді, ал егер оны кез келген жерден үзіп тастаса ток тізбек арқылы жүрмейді. Демек токты жүргізу үшін тізбекті қосу керек ал оны тоқтату үшін тізбекті үзу керек.
Тізбекті қосып үзу үшін арнайы электр ажыратқыштар қолданылады. Ең қарапайым электр тізбегі төрт элементтен тұрады-ток көзі, ажыратқыш, электр тогын өткізгіш және қабылдағыш.
Тұрмыстық электр құралдарын пайдалану барысында оның ақауларын жөндеумен айналысуға тура келеді. Тұрмыстық құралдардың сымдарында ақаулар жиі болып тұрады. Электр сымын ауыстырғанда, алдымен ток өткізгіш желілерден үзілген орындарын табады. Әдетте бұл электр сымдарының майысқан жерлерінде кездеседі. Бұл жұмыстардың орындалу тәртібі мынадай.
ІҮ. Плакаттағы суретпен жұмыс.
Ү. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Электро-техникалық жұмыстар барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін бұлжытпай орындай отырып жұмыс істеу керек. Электр тогы адам өміріне қауіпті.
ҮІ. Сарамандық жұмыс.
Топқа бөлініп тапсырмалар орындайды.
І топқа қажетті электр арматураларды пайдалана отырып, қарапайым электр тізбегін құрастыру тапсырылады.
ІІ топқа электро шырақ құрастыру міндеттеледі.
ҮІІ. Қорытындылау. Бағалау. Сарамандық жұмыстары бағаланады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
Түрлі электро шамдарының эскизін салып келу тапсырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.