.
.
Автокөлік құрылысы пәнінен сабақ Электр жабдықтар тізбегіне техникалық қызмет
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3389 | Размер: | Автор: гостьСабақтың тақырыбы: Электр жабдықтар тізбегіне техникалық қызмет
көрсету
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: автомобильдің жарық беру жұйесін, тәуліктің қараңғы
кездерінде автомобиль жүргізушінің қауіпсіз жұмыс істеуіне
және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауын үйрету, оны іс
жүзінде қолдануды меңгерту;
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Теория тұрғысынан алған білімдерін іс жүзінде қолдана
білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды кәсіби біліктілікке, эстетикалық
талғампаздыққа, өздігінен шешім қабылдай білуге, еңбекке
тәрбиелеу,
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, 2ңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту, бағалау.
Сабақтың көрнекілігі:
- Газ-53 автокөлігі
- Фарлар, лампалар
- Нұсқау картасы
- Кілт-құралдар жиынтығы
- Тазалағыш жабдықтар
1) ¥йымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сэлемдесу.
2) Кезекші мэлімдемесі.
б) Журнал бойынша түгелдеу
Жарық беру приборлары сәулені электр лампасынан алады, ол мыналардан тұрады:
- металдан жасалынған цоколдан,
- шыны баллоннан,
- қызатын вольфрам сымнан,
- контактілерден.
Лампалар бір немесе екі контактілі болады. Бір контактілі лампа баллонының ішіне қыздыру сымы орнатылған, оның бір жақ у.шы цоколға - «массаға» дәнекерленген, ал сымның екінші ұшы цоколдың доғал жағындағы изоляцияланған контактіге шығарылған.
Екі контактілі лампаның баллоны ішінде екі сым орналастырылған. Екі сымның ұшы езара және цокол-мен жалғастырылған, басқа екі ұшы цоколдың доғал жағындағы екі изоляцияланған контактыға шығарылған. Шыны баллондардың іші инертті газбен толтырылған.
Жарық беретін приборларда лампалар патрондарда фланецтердің көмегімен бекітіледі. Лампаның беретін жарығы түрліше болады.
Фарлар автомобиль жолының алдын жарықтандыру ушін пайдаланылады. Олар алдыңғы бөлігі қанатындағы үяға орналастырылады.
Фардың негізгі бөліктері мыналар:
- корпус,
- рефлектор,
- сәуле шашыратқыш әйнек,
- патрон,
- лампа,
- құрсау және аралық тесем.
Фардың корпусы оптика жұйесі тәрізді больіп келеді, осы корпус ішіне рефлектор мен сәуле шашыратқыш әйнек және лампа орнатылған. Рефлектор болаттан жасалынған ойыс айна, оның ішкі жақ беті алюминий қабатымен көмкерілген, осы себепті сәуле жақсы шағылысады. Рефлектордың ішкі жақ қабырғасында екі сымды лампасы бар патрон орналастырылған, бул лам-палар сәулені алыс немесе жақын тусіру үшін пайдаланылады. Сәуле шашыратқыш әйнектің қабырғалары жарық сәулесі тасқынын шағылыстырып, оны автомобиль алдындағы жол бойына бірқалыпты бөліп отырады. Рефлектор мен сәуле шашыратқаш әйнек қаусырманың кемегімен біртұтас жинақталған. Рефлектор мен әйнек аралығына төсем салынған, ол осы аралыққа шаң-тозаң және ылғал тусуден сақтандырады.
Фардағы жарық сәулесінің бағыты екі винттің кемегімен реттеліп отырады, оларды бұрау арқылы оптикалық жұйенің қалпы өзгертіліп отырады.
Жарыц түсіретін приборларға техникалық қызмет керсеткенде атқарылатын негізгі жұмыс түрлері:
Күнделікті қызмет көрсету /ЕО/:
1. Фарды, подфарникті, бұрылыс көрсеткіштерін, стоп-сигналды және артқы фонарьларды шаң-тозаңнан тазарту.
2. Жарық түсіретін приборларды және бұрылыс көрсеткіштерін іске қосып, олардың жұмыс істеуін байқау.
Бірінші техникалык қызмет көрсету /ТО-1/:
1. Фарлардың орнатылуын және бекітілуін байқау.
2. Приборлар қалқаны лампасының, подфарниктердің, бұрылыс керсеткіштерінің, артқы фонарьдың, стоп-сигналдың жағдайын тексеру.
Екінші техникалық қызмет көрсету /ТО-2/:
1. Фардың орнатылуын, бекітілуін және жұмысын тек-серу, қажет болса сәуленің бағытын ретіне келтіру.
2. Жарық түсіретін приборлардың подфарниктердің, артқы фонарьдың, бұрылыс көрсеткіштерінің, стоп-сигналдың, приборлар қалқаны лампасының жұмысын тексеру.
Фар жарығын реттеуге арналған экранды
белгілеу схемасы
Фарлардың орнатылуын байқау үшін ГАЗ-53А және ГАЗ-24 «Волга» автомобильдері тегіс алаңға шығарылып қабырғаға 7500 мм қашықтықта, ал ЗИЛ-130 автомобилі 1000 мм қашықтықта қарсы қойылады. Қабырғаға белгілеуіш сызықтар: үш тік сызық /олардың екеуі фар осіне, біреуі ортасына/түсіріледі және ЗИЛ -130 автомобилі үшін горизонталь сызық/біреуі фар центрі биіктігі бойынша және басқасы одан 100 мм төмендікте/түсіріледі. ГАЗ-53А автомобилі үшін жерден 1000 мм биіктікте, ГАЗ-24 «Волга» автомобилі ушін 663 мм биіктікте сызықгар түсіріледі.
Фарлардың жұмысын байқау қажет болған жағдайда ең алдымен сымдардың дұрыс қосылуы тексеріледі. Егер алысқа түсетін сәулені қосқанда екі фардың да жарықдагы жоғарыда, ал жақынға түсетін сәулені қосқанда төменге түссе, онда сымдардың дұрыс қосылғаны.
Технологиялық нұсқау картасы
Рет
саны
Негізп ақаулар
Ақауларды реттеу және жою тәсілдері
1 Жарық түсіретін приборлардың негізгі ақаулары мыналар: сымдардың үзіліп кетуі, лампа сымдарының жанып кетуі, контактілердің бүлінуі, жарық түсіретін үлкен және кіші /астыңғы/ фарлардың және фонарьлардың механикалық жолмен сынып бүлінуі.
Бұл ақауды жою үшін қарайып /қара кұйе басып/ кеткен учаскелерді тазарту, приборлардың «массамен» қосылуын байқау, сымдардың бекітілуін тексеру керек. Сымы жанып кеткен лампа ауыстырылады. Бұл лампалар мына тәртіппен ауыстырылады: винт кейін қарай бүрап бо-сатылып, беткі құрсау алынады: ішкі қүрсаудың бекіткіш винттері босатылады, бұдан кейін құрсау бұрап шығарылып алынады, сәуле шашыратқыш әйнек оптикалықэлементпен бірге рефлектор алынады: рефлектордың артқы жағында орналасқан пластмасса патронға салмақ түсіріледі, оны бүрап лампаны шығарады да жаңасымен ауыстырады.
2 Сәуле шашыратқыштың сьінып бұлінуі.
Сәуле шашыратқышты ауыстыру үшін барлық тіс аса мұқияттылықпен бүрап бостылып, бүлінген сәуле шашыратқыш алып тасталады, тістер ретке келтіріліп, аралық төсем салынады, тасталғанының орнына сәуле шашыратқыштың жаңасы қойылады, бұдан соң тістер еппен майыстырылады. Әйнекті орнатқанда «Верх» деген жазудың үстіңгі жаққа дәл келуін қадағалау қажет
3 Сымның үзілуі немесе контактілердің бүлінуі.
Сымның изоляциясы желінген жері қысқа тұйықталуды болдырмау үшін изоляциялайтын лентамен орап тасталады. Сым үзілгенде оның екі ұшы жақсы етіп тазартылып, мықтап бекітіледі және изоляцияланады, алғашқы мүмкіндік болысымен-ақ сымның жалғастырылған орны дәнекерленеді
.
Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру:
Фар дұрыс жанбаған жағдайда қараңғыда жол бойында соғылысып қалу қаупін алдын ала байқап, қажетті шаралар жасау қиынға тұседі. Фардың дұрыс реттелмеуі себепті қарсы келе жатқан машинадағы шофердің кбзі шағылысуы жиі кездеседі. Бұрылыс көрсеткішінің ақаулы болуы басқа транспорт құралдарының қалай қарай жүретінін, бұрылатынын анықтауға мүмкіндік бермейді.
Сабақты қорытындылау.
Бекіту сұрақтары:
1. Фарлардың жарық шоғының бағытын немен реттеуге болады?
2. Екі конгактілі шамның бір контактіліден айырмашылығы қандай?
3. Бұрылу белгісінің жумысы туралы айтыңыз.
Үйге тапсырма: Электр жабдықтар тізбегіне техникалық қызмет көрсету әдістері
В. А. Родичев «Автомобильдер мен тракторлар» § 86. 302-307 бет
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.