Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ілмек бізбен тоқу. Шартты белгілер. -

Ілмек бізбен тоқу. Шартты белгілер.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2293 | Размер: | Автор: Нартай4540
. БҚО, Теректі ауданы, Подстепный қазақ ЖОББМ технология пәнінің
мұғалімі: Есенбекова Ақылай Бақтыгереевна

Тақырыбы: Ілмек бізбен тоқу. Шартты белгілер.
Мақсаты: Ілмек бізбен тоқу технологиясымен таныстыру, орындалу
әдістерін үйрену.
Білімділік: Қолмен ілмек бізбен тоқу технологиясын таныстырып, шартты
белгілерін үйрету. Оның күнделікті өмірде пайдасының бар
екенін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту,
тапсырма беріп олардың қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушының еңбекке деген қызығушылығын өз бетінше
орындауға, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелік теориялық, сарамандық.
Әдіс –тәсілдері: Іздену, түсіндіру, сұрақ – жауап, оқушымен жұмыс, көрсету.
Пәнаралық байланыс: Математика, химия, бейнелеу.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)оқушыларды түгендеу
ә)сынып тазалығына назар аудару
б)оқушының сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге тапсырма бізде Бисер. Бисердің түрлері
болатын сіздерге бірнеше сұрақатр беріледі.
1.Бисердің Отаны. (Ежелгі Египет)
2.Бисер сөзі қайдан шықты? (арабтың бусара сөзінен)
3.Ол қандай мағынаны білдіреді? (ортасы тесік моншақ)
4.Бисер өндірісі қай ғасырда ерекше дамыды? (ХҮ ғ, ХҮІ ғ басында)
5.Ең алғаш рет бисермен өңделген киімдер, аяқ киімдерді кімдер
киген? (сарматтар, скифтер)
6.Әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде нені қолданады? (бисер мен стеклярус)
7.Стеклярустың бисерден айырмашылығы (түтікше тәріздес оны Францияда жасап шығарады)
8.Бисерге сипаттама бер. (Бисер - ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әр түрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалады.)
9.Стеклярусқа сипаттама бер. (Стеклярус шыны түтікше 5-10мм қырлы немесе целиндр пішінді. Одан басқа шабылған бисер, ол өте ұсақ ұзындығы 2-3 мм.)
10. Бисер тізу үшін қандай материал қолданылады? (жіңішке жұқа капрон жіп, леска, мыс сымды қолданады)
11.Лесканы не жасау үшін қолданады? (көлемді баулар жасау үшін қолданады)
12.Мыс сымды не үшін қолданады? (гүл, түйреуіш, әр түрлі декоративті элементтер жасау үшін қолданады)

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Бірінші шалуды кім және қашан ойлап тапқанын ешкім білмейді. Бірақ таңғажайып шалу біздің дәуірімізден бұрын пайда болған.
Египетте мазарлардың бірінен баланың тоқылған аяқ киімін тапқан. Археологтар оған 4мың жыл болғанын анықтаған. Ал келесі бір мазардан тоқылған шұлықты тапқан, бір қызығы үлкен бармағы бөлек тоқылған. Ол кездегі киетін аяқ киімге ыңғайлы екен.
Ең қызығы тоқу алғашында ер адамдардың кәсібі болған. Онымен аңшылар, балықшылар айналысқан. Олар торлар мен аулар тоқыған. Уақыт өте келе бұл іспен әйелдер айналыса бастаған. Климаты қатаң аймақтарда әйелдер үй ішіндегілерге түрлі жылы киімдер тоқыған.
Ал оңтүстік аймақтарда күн көзінен қорғану үшін түрлі қолшатыр, шляпа, шәлі, қолғаптар тоқыған.
Қазіргі кезде тоқыма адамның «хоббиына» айналған. Егер қазіргі сән үлгісіне салып өзің тоқып кисең өте әдемі көрінеді. Оның үстіне дайын бұйымдарға қарағанда ол өте арзанға түседі. Ілмек бізбен түрлі жиде, көйлек, сөмке, шұлық, жайма және пәтер интерьерлерін тоқуға болады.
Ілмек бізбен тоқудың тағы бір ерекшелігі басында тоқылған бұйымды тарқатып – сол иірімжіпті қайтып бірнеше рет қолдануға болады. тоқылған заттың сапасы иірімжіпке байланысты. Алуан түрлі иірімжіптер бар. Жіпті де бұйымға қарап таңдау керек.
Зығыр - Салыстырмалы алғанда берік иірімжіп.
Жоғары температурада отырмайды, жылдам кебеді.

Мақта иірімжібі - Қолмен тоқуда баяғыдан қолданып келе жатқан иірімжіптің ең кең тараған түрі

Мохер - Ұзын, үлпек талшықты жүн иірімжібі. Мохерден жеңіл, жылы бұйымдар тоқуға болады.

Жүн иірімжібі - Бұл табиғи материал. Қырқылған қой жүнінен алынады.

Ангор - Ангор жүнін ангор тұқымдас ешкілерден алады. Біріншіден қымбат, екіншіден созылмайды.

Кашемир - Өте жеңіл, жылы, жұмсақ иірімжіп. Бірақ үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп дөңгелектер пайда болды.

Вискоз- Өте жеңіл, жылы, жұмсақ иірімжіп. Бірақ үйкеліске өте шыдамсыз, түйіршіктеліп дөңгелектер пайда болды

Басында ілмек біздер ілмексіз тегіс таяқшалар болған. Қазіргі кезде ілмек біздер әртүрлі материалдан жасалады: болат, алюминий, сүйек, пластмасса, ағаш. Диметрлері 1-8мм дейін қалыңдықта болады. Тоқу үшін ілмек біздің басына назар аударған жөн. Егер басы үшкір болса тоқу барысында саусақты жаралайды. Егер жаңа ілмек біздің басы бұдырлау болса, ұсақ егеумен егеу керек.
Ілмек бізді ирімжіптің жуандығына қарай таңдайды. Қанша жіп жуан болса ілмек бізде сонша жуан болуы керек. Егер жіп жіңішке болса, ілмек бізде жіңішке болуы керек.
Ілмек бізбен іліп тоқудың негізгі элементтері:
1.Бос шалу
2.Шалмасыз бағанша
3.Шалмалы бағанша

Ілмек бізді қалам сияқты оң қолға ұстайды. Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып ілмек бізде жатады. Жіп алақан ішімен саусақтар арасымен өтеді.

Шалманың пайда болуы.
1-бос шалу, 2- бос шалу тізбек.

Бос шалу тізбегі бұйымың төмендегі шетін құрайды. Тоқуды бұрғанда, яғни бір қатардан екінші қатарға өткенде, өрнек тоқығанда қолданылады.

Шалмасыз бағанша- беті тегіс шығу үшін көптеген өрнектерде қолданылады. Ілмек бізді тізбек ілмегіне кіргізіп, жұмысшы жіпті іліп алып, тізбек ілмегі арқылы тартып шығарады. Ілмек бізде екі ілмек пайда болады. Жұмысшы жіпті іліп алып, енді екі ілмектен тартып шығарады. (сурет)

Шалмалы бағанша – Ілмек бізге шалма тастап, бізді тізбек ілмегіне өткізіп жұмысшы жіпті іліп, тізбектің ілмегі арқылы тартады. Ілмек біздегі ілмек пен шалуды жұмысшы жіпті ілмекбізге тастап, оны ілмек және шалма арқылы тартып шығарып байлайды. Содан жұмысшы жіпті ілмек біздегі екі ілмек арқылы тартып шығарады.

Қауіпсіздік ережесі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру. Ілмек бізбен тоқығанда сақталатын қауіпсіздік ережесі:
1.Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
2.Орындық арқасына сүйеніп, тік отыру керек.
3.Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
4.Ілмек біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы крек.
5.Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу қажет.
6.Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтарды жәшікке жинап салу керек.
7.Ілмек бізді қорабымен алып жүру қажет.
Қорытынды сұрақтар
1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер?
2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар?
3.Тоқуға арналған ілмек біздерді қандай материалдардан жасайды?
4. Ілмек бізді қолда қалай ұстайды?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.