Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Күзгі байлық (сыныптан тыс ) -

Күзгі байлық (сыныптан тыс )

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1569 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Күзгі байлық (сыныптан тыс )
Бертлеуова Айнагүл Қансейітқызы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі
Мақсаты: Оқушыларды жан-жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын, салт дәстүрлерін, тамаққа байланысты мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйымдар туралы білімдерін сынау.
Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге баулу. Қыздарды өз ойын еркін жеткізе білу дағдылары мен бойындағы инабаттылықты қалыптастыру. Оқушыларды отаншылдыққа, өз ұлотының салт-дәстүрлерін жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік және құрал-жабықтар: түрлі-түсті гүлдер, буклет жасау, сән үлгісіне арналған альбом.
Жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар. Сіздер технология пәнінен «Күзгі байлық» атты сайысқа қош келдіңіздер! Алдымен бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Әділ қазылар мүшесі:
1. Технология пәнінің мұғалімі Сүлейменов Сапарғали
2. 8 «б» сынып жетекшісі Баешева Бақытгүл
3. Сызу пәні мұғалімі Тайсарин Рүстем
4. Технология пәні мұғламі Бертлеуова Айнагүл
Жол сілтеген биікке ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті ең алға мақсат еткен
Таныстырайын әділ қазы алқаларын.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
1. Таныстыру
2. Күзге байланысты буклет жасау
3. Сән үлгісі
4. Өз өнерлерін көрсету
5. Мерекелік дастархан маңызы
І бөлім. Таныстру
Келдік біз міне бүгін сыналуға,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Саламыз бар өнерді осы ортаға
Береді әділ қазы әділ баға.
ІІ бөлім. Буклет жасау
Әрбір оушы күзге байланысты буклет жасайды, таныстырады, мән-мағынасын ашып түсіндіреді.
ІІІ бөлім: Сән үлгісі (күзгі жапырақтардан сән үлгісін жасау)
IV бөлім: Өнер сайысы
О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірін-бірі.
Тыңдалық, тамашалап көрермендер.
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.
V бөлім: Мерекелік дастархан мәзірі
Меркелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып.
Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеліпті халыққа бір молшылық.
Сары жапырақ алтындай болып төгіліп
Елімізде болын әр кез толшылық,-дей келе
«Күзгі байлық» атты сайыстың қорытындысында:
І орынға Жасақбаева тұрсынгүл
ІІ орынға Есмурзина Әйгерім
ІІІ орын Сутеева Ақтентек марапаттау, алғыс хатқа ие болды.
Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.