Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Капроннан лала гүл жасау. -

Капроннан лала гүл жасау.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1924 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Капроннан лала гүл жасау. Сабақ мақсаты :
Білімділік:Оқушыларға қолөнер туралы білім беру.Колөнердің бір саласы капронмен жұмыс жасау туралы білім,білік дағдыларын қалыптастыру,қолөнер бұйымын жасап шығару;
Дамытушылық:Теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен дамыту,алған білімдерін,дағдыларын нығайту, дайын бұйымды көрсету.
Тәрбиелік :Халықтық өнерге деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттып, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.Құрал- жабдықтар:интерактивті тақта,қалыптар,қайшы таяқшалар,түрлі түсті капрон,жіп, сымтемір,дайын композициялар.
Сабақ түрі:аралас
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезені.
2. Жаңа тақырып.
Қазіргі күнде ата-бабамыз айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған,қайта түрленіпқазіргі заман талабына сай ерекшеленіпотыр.Қолөнер десек,онда оның көптеген түрлері бар: “Құрақ құрау”, “Кілем тоқу”, “Түп киіз тоқу”, “Сырмақ басу”, “Кесте тігу”сияқты.әр халықтың өзіне тән өнері,тілі,салт-дәстүрі бар.Сол сияқты қазақ халқының қол өнерінің өмірге келуі халықтың көшпеліөміріне байланысты.Көшпелі болғанмен олардың рухани болмысы көшпелі болған емес.VII-VIIIғасырларда үйшілік,ұсталық,XVIIIғасырда зергерлік,XVIII-XX ғасылларда өрімшілік,егіншілік,етікшілік,т.б. көптеген түрлері пайда болды. Сауда дамыған соң,әр халықтың өнері де араласып кетті .біздің заманымызға бабаларымыздың өсиет үлгісі,өнері арқылы жеткен.Атадан баласына,анасынан қызына мирас болып келе жатқан- сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпал етеді.Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы,бір сырлы болуын қадағалаған.Әсіресе қыз балаға:ине сабақтап,түйме қадау,кесте тігуді,ас пісіруді үйретсе,ұл балаларымызға таспа тілу,өрім тоқу,мал сою және мүшелеуді үйреткен.Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан.Енді біз бүгінгі сабағымызда капроннан лалагүлін жасап үйренеміз.
Лалагүл тұқымдастар даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер.Тамыры тамырсабақ түйнекті пиязшық немесе пиязшық.Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.Гүл-қосжынысты,шашақ гүлшоғырына жиналады,ірі гүлдері жеке орналасады.Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар олар 2 шеңберлі орналасады.Аталыға – 6,бұларда - 2 шеңберлі,аналығы – 1, жемісі қауашық немесе жидек.Ғаламшарымызда лалагүлділер тұқымдасының 1300-ге жуық түрі өседі.Қазақстанда 57 түрі кездеседі.Лалагүлділердің шаруашылық,медециналық маңызы зор.Лалагүл тұқымдас лапыздың тұқымы медецина дәрі ретінде пайдаланылады.Тұқымынан қан ауруларын қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады.Тұқымы өте улы.
Барлық тоқыма маталар талшықтардан тұрады.ең алғаш адамдардың жіп алуға қолданған талшықтары қалақай (крапива) және кенепшөп (канапля) талшықтары болды.
Қазіргі жағдайда түлі табиғи (мақта-мата,зығыр,жүн және т.б) сондай ақ химиялық талшықтар қолданады (жасанды,синтетикалық).
Жасырылған сөздер және оған сәйкес мақал - мәтел түрлері.

№1.
2.2 1.5 3.5 1.3 1.5

№ 2.
2,5 1,5 1,4 1,5 3,4

№ 3.
3,3 1,1 1.5


№ 4.
2,1 1,2 3,2 2,3

№ 5.
2,1 1,2 2,4 3,2 2,3

№ 6.
3,1 3,4 1,1 1,5 2,2


2 – кесте
Е Ш С
Б М Р
Т Қ И
Й К А
Н О Ө
1
2
3
4
5
1 2 3
1. Жасырылған сөзді тап.
Бірінші сан – бағана нөмірі,ал екінші сан – жол нөмірі.
2. Жасырылған сөзге сәйкес мақал – мәтел жаз.
№ 1. Кесте 1. Кестенің сыры түрінде
Кілемнін сыры түгінде
2. Кестені көңіл сызады,қол тігеді,сынайды.
3. Қыз еркем,кестесімен көркем,
Ұл еркем, өрнегімен көркем.
№2. Шебер 1. Шебердің қолы ортақ.
2. Шебер қол шет қалмайды.
3. Шеберді өнері асырайды.
4. Шешенің сөзі мерген,
Шебердің ісі мерген .
5. Шеберлік шексіз байлық.
№3. Ине 1. Жолды инемен өлшемес болар.
2. Көк инемен көктеу білмейді.
3.Білім -инемен құдық қазғандай.
4.Іздеген иірілімнен де инені табады.
5. Инесіз тіге алмассыз,
Сусыз жүзе алмассыз.
№4. Мата 1.Мақал атасы – сөз,
Мата атасы –көз.
2.Жүніне қарай матасы,
Теміріне қарай балтасы.
№5 Оймақ 1.Оймақ пішсең де,ойлап піш.
2.Тігінші тігіншіні оймағына қарай таниды.
3.Орақ ұстап әкең қалғанша,
Оймақ ұстап шешең қалсын.
№6. Өрнек 1.Өлеңменеңбек – өмірге өрнек.
2. Жоғарыға қарап өрнек ал,
Төменге қарап ғибрат ал.

Сарамандық жұмыс:
1. Капроннан гүл жасау үшін керек заттар – слайд
2. Жапырақша жасау тәсілдері – слайд
3. Лалагүл түрлері - слайд.
4. Оқушылар өз бетімен лалагүлін жасау Орындау реттілігін тақтадағы нұсқауларға сүйене отырып,
Ойлан , тап! Сөзжұмбақ

Қортындылау : 1. Капроннан гүл жасау үшін қандай заттар қажет?
2. Лала гүл тұқымдас өсімдіктердің қандай ерекшеліктері бар?(даражарнақты,шөптекті,көпжылдық өсімдіктер)
3 .Олардың гүл құрылысы қандай ?(Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.Гүл серігінде алты күлте жапырақша бар олар 2 шеңберлі орналасады.аталығы 6,бұларда екі шеңберлі,аналығы 1,жемісі қауашық немесе жидек)
4 . Лалагүл тұқымдас лапыздың тұқымын не үшін пайдаланады?(Тұқымынан қан ауруларын қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады.)
5 . Талшықтар қандай түрге бөлінеді




Минералдардан Жасанды Синтетикалық
Өсімдіктерден
Жануарлардан

Сабағымызды келесі мақалмен бітірейік : “Көңілсіз жұмыс өнімсіз ”, “Көңіл қойсаң қолдан келмейтін іс жоқ”.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.