.
.
Аменов Алмас Какимович, технология пәні мұғалімі, Кеме
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1641 | Размер: | Автор: Нартай4540А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп-балабақшасы.
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы,
Мұратсай ауылы.
Сабақтың тақырыбы: Кеме
Сабақтың мақсаты: «Кеме үлгісі» үйірмесінен алған білімдерін қорыту, бекіту; оқушыларды бірлесіп әрекет жасауға ұйымдастыру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Жұмыс орнын дайындау
Теңіз қашанда өзінің шексіздігі мен құпияға толылығымен адамдарды қатты қызықтырады. Сол қызығушылықпен адамдар ашық теңіздердегі қауіптерге қарамастан саяхатқа шығып жатады. Ол үшін су бетінде еркін жүзуге арналған кеменің неше түрін ойлап тауып жатыр.
Түсіндірме сөздік:
Лайнер – жолаушы және жүк тасымалдайтын үлкен жүрдек кеме
Палуба – кеменің үсті
Каюта – кемедегі жеке бөлме
Акватеатр – су астында өнер көрсететін театр
Миль – әр елде әртүрлі қолданылатын метрлік емес ұзындық өлшемі
Яхта – кішірек кеме
Катер – яхтадан да кіші кеме
Скутер – жылдам жүретін бір орындық қайық
ІІ. Жаңа сабақ
Практикалық жұмыс
Кеме құрылысы:
1. «Титан» желімі
2. Ватман
3. Желімді түрлі-түсті қағаз
4. Декор материалы
5. Фольга
6. Сары сым
Модель мына материалдардан жасалды:
ПВХ, ватман, желім, скотч, декор
Пайдаланылған құралдар:
Қайшы, пышақ, қалам, қарындаш, сым
Жасалу технологиясы:
Ватманға кеме үлгісін түсіру, декор материалынан үлгі корпусын дайындау, сыртын фольгамен қаптау, әшекейлеу, ойыншық құрылғыларын т.б құрылғыларды тиісті жеріне орналастыру, су сызығын желімдеу.
Танымдық ақпарат:
Теңіз кітапханасы бар ең үлкен лайнер
Кеме ішінде орналасқан кітапханасының үлкендігімен мақтана алатын кеме - «Куэн Мэри ІІ» деп аталады. Ол қызметін 2003 жылдан бері жалғастырып келеді. Кеменің «Куэн Мэри ІІ» деп аталуының себебі бар. Оның есімі 1934 жылғы «Куэн Мэри» атты ағылшындық серуенге арналған бумен жүретін кеменің құрметіне қойылған.
Сондай-ақ, кемеде салтанат сарайы да бар. Ол өзінің көлемі жағынан «Теңіз ортасындағы оазистен» сәл ғана артта қалады. Кеменің 2600 жолаушыға арналған 1310 каютасы бар. Оларға 1245 кеме қызметкерлері қызмет көрсетеді.
«Куэн Мэри ІІ-де» ең алғашқы және әлемдегі жалғыз теңізден ғарыш денелерін бақылайтын аспап орналасқан.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Жұмысты бағалау және талдау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.