Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Киім түрлері. Тігін бұйымдарын құрастыру. -

Киім түрлері. Тігін бұйымдарын құрастыру.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3201 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы №38 Негізгі мектепінің
технология пәнінің мұғалімі: Арман Төкен қызы Смықова
Пәні: Технология. Сыныбы: 5 Мерзімі. 21. 02.
Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері. Тігін бұйымдарын құрастыру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Киім тарихын ескере отырып жіктеу, халық дәстүрлерін қолдану және гигиеналық талаптары мен өлшемдері туралы ұғым беру. Пішім өлшемін үйрету.
Дамытушылығы: Киімнің пайда болуы, қолданылуы мен қоғамдағы рөлі туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Киім туралы эстетикалық талғам қалыптастыруды жалғастыру.Еңбекке баулу арқылы ұқыптылықпен салақтықтықты айыра білуге, жолдастық өзара көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаттықтыру сабағы.
Әдісі: түсіндірмелі – сарамандық.
Көрнекілігі: Түс қағаз - Киім үлгілерінің жіктелуі.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру ( сәлемдесу, түгендеу,сабаққа дайындықтарын тексеру)
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру. «Киім сұлулық ұғымының бір түрі» М. Горкий.
Сабақтың этнографиясын оқыңдар, сабақ не туралы болмақ?
Түсіндірмелі нұсқау (теория түріндегі хабарлама)
А) Киімнің қандай көне түрін білесіңдер? (жапырақ, тері, татуировка).
Ә) Киім не үшін қолданылады. (сұлулыққа, ыстық –суыққа, әсемдікке).
Б) Түрлі халық костюмі неге ерекшеленеді?
В) Киімнің қандай түрлерін білесіңдер? (дәптерге жазу).
Г) Киімді сатып аларда неге көңіл аударуымыз керек? (киімге қойылатын талаптарға және ыңғайлылығы мен жарасымдылығымен қонымдылылығына).
З) Гигиеналығы жайлы, ұзақ мерзімге жарамдылығы туралы оқушылар алдына мәселе қою.
Д) Киім өзіңе қонымды болуы үшін не істеу керек? (өлшеп алу).
Алжапқыш тігу үшін біз бірінші нені білуіміз керек?
Алжапқышты қайда қолданылатын пішу үлгілерімен түрлерін.
Алжапшыш



Формалық
Тұрмыстық
Өндірістік


Алжапқыштың пішу түрлері

Тұтас
Кеудешелі
кеудесіз

Алжапқыш сызбасын құру үшін бізге қандай өлшемдер қажет болады? Адам үстінен киім пішінінің өлшемін алу (көрсету). Дәптерге түсіру.
Сарамандық сабақ . Картадан өлшем алу шартын оқып, екеу ара бөлініп бірігіп жұмыс жасау. Жұмыс барысындағы тәртіп, өзін –өзі бақылау, көмек.
Алжапқыш қиынды бөлігінің аттары
Белдік
белдемше

Қалта
Алжапқыштың төменгі тұсы
Кеудешесі



Адам құрылысының негізгі нүктелерімен сызықтары
Нүкте мен сызық аталулары №
Кеуде нүктесі 1
Омыртқа бойындағы бел нүктесінен басталатын сызық
2
Мықын нүктесінен басталатын сызық
3
Желке нүктесі 4
Тізе нүктесі 5





Өлшем аттары. Қысқаша атаулары. Бағытары. Тағайындау. Дұрыс өлшем алу ережесі.

Кеуде ұзындығы.
К ұ
Кеуде ұзындығын анықтау. кеудеден 1 – ден өз қалаған ұзындыққа дейін.

Астыңғы бөліктің ұзындығы.
АБҰ
Алжапқыштың астыңғы бөлігінің ұзындығын анықтау. Бел сызығынан қалаған ұзындыққа дейін.

Бел құлашы.
БҚ
Бел құлашын анықтау Белді көлденеңнен айналу арқылы 2 жағынан

Мықын құлашы.
МҚ
Алжапқыштың енін анықтау Мықынды көлденеңнен айналдыра

Қортынды. Бүгінгі сабақта қандай көңіл күйде болдыңдар? Өздеріңе қажеттіні таптыңдарма?
Үйге тапсырма: Өз өлшемін кестеге толтыру.





.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.