.
.
Ұлттық өлшемдер Ұлттық өлшемдер
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1654 | Размер: | Автор: Нартай4540Қазыбек Ардақ
Қостанай облысы, Наурызым ауданы,
Қарамеңді ауылы, Жамбыл орта мектебінің
технология пәні мұғалімі
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ұлттық құндылықтарымыздың бір бөлігі қолданбалы қолөнерімізді зерттеу, оны ары қарай дамыту іс-шаралары қолға алынып жатқан осы сәтті пайдаланып, еліміздің орта мектептерінде жүргізілетін технология пәнінің бағдарламасына енгізу арқылы он саусағынан өнер тамған шебер ата-бабаларымыздың өз саусақтары арқылы өлшем алу жолдарын келешек ұрпақтарымызға үйректсек деген пікірімізді ұсынып отырмын.
Ерте заманнан бастап қазақ халқы өз қолының саусақтарын өте дәлдікпен өлшемдер алуға пайдаланып келгені баршаға мәлім. Ерте кезде халық арасында «шеберлердің өлшеуіші әр қашанда өзімен бірге жүреді» деген сөз бекер айтылмаған. Себебі, біздің ата-бабаларымыз өзіне керекті қандай бір өлшемді қолының саусақтарын, буындарын пайдаланып өлшеп отырған. Осы өлшемдер кейіннен пайда болған халықаралық өлшем бірліктерімен сәйкес келген. Сондықтан да келешек ұрпақтарымыз халықаралық біріккен стандартпен қатар өз халқымыздың бұрыннан келе жатқан өлшем алу жолдарын қатар меңгерсе артық болмас.
Қолдың саусақтарын пайдалана отырып өлшем алу жолдарын игерудің мақсаты:
- оқушыларды ұлттық құндылықтармен сусындандыру;
- кез келген жағдайда өлшем ала білуге дағдыландыру.
Тапсырма №1
Саусақтарыңның барлық өлшемдерін сантиметрмен өлшеп кестені толтырыңдар:
Өлшем аттары см-есебімен
1. Кереқарыс
2. Қарыс
3. Сүйем
4. Сынық сүйем
5. Бір елі
6. Екі елі
7. Үш елі
8. Төрт елі
9. Алақан жабар
10. Бір буын
Өлшемдеріңді кестеге толтыру үшін төмендегі тәсілдерді қолданамыз:
- сызғыш немесе мататадан жасалған метрдің «0»-іне басбармағының ұшын қойып өлшейсің;
- кере қарыс, қарыс, сүйем, сынық сүйемдердің өлшемін аларда саусақтарыңды жақсылап керіңдер.
Тапсырма №2
Отбасы мүшелерінің өлшемдерін кестеге толтырыңдар:
Өлшем аттары Сантиметр есебімен
ата апа әке шеше т.б.-лар
1. Кереқарыс
2. Қарыс
3. Сүйем
4. Сынық сүйем
5. Бір елі
6. Екі елі
7. Үш елі
8. Төрт елі
9. Алақан жабар
10.Бір буын
Тапсырма № 3
Өзіңнің қандай да бір көйлегіңді алып, оның өлшемдерін дәстүрлі тәсілмен өлшеп кестені толтыр:
Өлшем аттары Кере қарыс Қарыс Сүйем Сынық сүйем Бір елі Екі елі Үш елі Төрт елі Алақан жабар Бір буын
1. Көйлектің ұзындығы
2. Жеңнің ұзындығы
3. Етектің кеңдігі
Тапсырма № 4
Дәстүрлі өлшемдерді сантиметр өлшемімен салыстырып жаз:
№ Өлшем
Көй-
лектен
алынған
өлшем Кере қарыс Қарыс Сүйем Сынық сүйем Бір елі Екі елі Үш елі Төрт елі Алақан жабар Барлығы
д см д см д см д см д см д см д см д см д см см
1 Көйлектің
ұзындығы
2 Жеңнің ұзындығы
3 Етектің кеңдігі
4
5
6
7
1. Тапсырманы орындау үшін мысал: 3-ші тапсырмада сенің дәстүрлі тәсілмен өлшеген көйлектің ұзындығы 6 қарыс, бір сынық сүйем болса:
Өлшемдер Қарыс Сынық сүйем
д см д см
Көйлектің ұзындығы 6 1
2. Бірінші тапсырманы пайдаланып см-ді толтырамыз.
Мысалы: сенің бір қарысың 18 см, сынық сүйемің 13 см болса:
6 қарыс х 18 = 108
1 сынық сүйем х 13 = 13 см.
Өлшемдер Қарыс Сынық сүйем Барлығы
д см д см
Көйлектің ұзындығы
Дәстүрлі өлшем түрлері
Қарыс – оң қолдың бас бармағының ұшынан бастап ортаңғы саусағының ұшына дейінгі өлшем
Сүйем – Бас бармағының ұшынан бастап сұқ саусағының ұшына дейінгі өлшем, шамамен 17 см-ге ең.
Сынық сүйем – бас бармағының ұшынан сұқ саусағының екінші буынына дейінгі өлшем, шамамен 13 см-ге тең.
Бір елі – сұқ саусақтың жалпақтығы, шамамен 1,5-2 см-ге тең.
Екі елі – Сұқ саусақ пен ортаңғы саусақтың жалпақтығы, шамамен 3-3,5 см-ге тең.
Үш елі – үш саусақтың жалпақтығы, бұл шамамен 4,5-5 см-ге тең.
Төрт елі – төрт саусақтың жалпақтығы, шамамен 5,5-6,5 см-ге тең.
Алақан жабар – бес саусақтың жалпақтығы, шамамен 10 см-ге тең болады.
Тырнақ бойы – бас бармақтың ұшынан бірінші буынға дейінгі өлшем.
Біз бар өмірімізді ұстаздық жолға арнаған адамдармыз. Сондықтан да егеменді елімізде жас ұрпақ тәрбиесінің жақсы болғанын қалаймыз. Ол үшін мұғалім білімді, мәдениетті, сабырлы, қайырымды, әдепті болуы керек. Мұғалім ол тек мектепте ғана емес, ол бүкіл елдің ұстазы – болашақтың тұтқасы. Болашақ ұрпақтарымызды тәрбиеге шақыра отырып, өзіміз де оқиық. Үйрете отырып өзіміз де үйренейік. Ұлағатты ұстаз болып еліміздің елеулісі, халқымыздың қалаулысы боларлық болашақ ұрпақтың ұл-қыздарын тәрбиелеп отырғанымызды естен шығармайық. Ұстаз еңбегі - әр қашанда ұлы еңбек, ардақтай да аялай да білейік.
Халықтық ұғыммен айтар болсақ, инновация - жаңалық, жаңа зат, жаңа құбылыс, жаңа өнер, жаңа жүйе, жаңа өндіргіш күш, жаңа өндірістік қатынас, жаңа техника деген анықтамаға сәйкес келеді. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан менталитетіндегі ерекшелік - жаңалыққа жатсынбайтын асыл қасиетін жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа дарытқан танымдық тағылымы уақыт озған сайын жетіле түсуде. Сол себепті, біз ұстаздар, оқушыларға ата-баба дәстүрін дәріптеп, тарихи мұрамызды қайта жандандырып, болашақ ұрпаққа ұмыт болмастай ары қарай жалғастыруымыз қажет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.