.
.
Сабақтың тақырыбы: Машина тігістерін жасау Машина тігістерін жасау
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2651 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер жасау, үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал ету, жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылаққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс
Сабақта қолданатын көрнекіліктер: суреттер, ине – жіп, қайшы, тігін машинасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қатысуды бақылау. Жұмыс киімін оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Тігін машиналарының түрлері
1) Қол жетекті
2) Аяқ жетекті
3) Электр жетекті болып бөлінеді
Жұмыс жасауға ең ыңғайлы электр жетекті машина. Ол тез жүреді және басқарылуы қарапайым. Тұрмыстық тігін машиналарының көпшілігі жетектері аспалы, салынбалы болады. Ол электр қозғалтқыштан қосу педалінен, айыр қосқышты сымнан тұрады. Электр қозғалтқыш шкиві маховиктің шкивімен белдік арқылы жалғасады және ажыратылады.
Тігін машиналары
А) Қол жетекті
Б) Аяқ жетекті
В) Электр жетекті
*** Жоғарғы және төменгі жіптер өткізіліп, төменгі жіп жоғарыға шығарылады,
*** Мата табанының астына салынып, инемен тесілгенне соң табан түсіріледі, жіптер жинақталып, табанның сыртына жіберіледі;
*** Инешаншымның ұзындығы, жоғарғы және төменгі жіптерінің керілуі /тігіс сапасы / тексеріледі.
Машина инесінің айырмашылығы
1. ІІІ. Жаңа тақырып
Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Машина тігістерінің сапасына не әсер етеді?
Жауап: Машина тігістерінің сапасына тігістің ұзындығы және жіптің тартылуы әсер етеді. Алдымен өзімізге қажетті тігістің ұзындығын реттеп алған жөн. Өте жұқа маталарды майда тігіспен қалың маталарды ірі тігіспен тігеді. Тігістің ұзындығы 1-ден 4мм-ге дейін өзгереді.
2. Жіптің тартылуын реттеу?
Жауап: Үстіңгі жіпті өткізгенде екі дөңгелектің арасынан өткізіледі. Ал астыңғы жіпті шөлмектің қақпағындағы жіпті тартып тұратын серіппеден өткізеді. Осы құрылғылар арқылы жіптің тартылуын реттейді. 1) Үстіңгі жіпті сабақтау, 2) астыңғы жіпті сабақтау.
Тігін машиналарын жұмысқа дайындау.
1. Үстіңгі жіпті сабақтау
2. Астыңғы жіпті сабақтау
3. Жіптің тартылуын реттеу
ІҮ. Техника қауіпсіздігінің ережесі
Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап, басты сәл ілгері еңкейтіп отыр. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек. Отыратын орындықпен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15см болуы керек. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
Машина тігістерін жасау
Тігін бұйымдарын тігу кезінде тігістің әр түрлері қолданады. Бұйымның негізгі бөлшектерін қосып тігу, әсемдеу бөлшектерін бастыра тігу шет тігістерін жүргізу үшін мына тігіс түрлері қолданады: жапсырмалы тігіс, бастырмалы тігіс, шет тігіс, қос тігіс.
Қос тігіске қойылатын талаптар:
1. Тігістің ұзындығы бойынша ені біркелкі болуы тиіс.
2. Тігіс түзу болуы тиіс.
3. Екінші тігіс матаның қиылған шеттерін жауып тұруы тиіс.
1. Матаның екі деталі теріс жағымен біріне-бірі теңестіріліп салынады. Түйреуішпен бекітіліп уақытша тігіледі.
2. Бұйымның детальдеріне қиылған шеттерінен 4мм қашықтықта біріктіріп тігу. Содан кейін уақытша тігістер алып тасталып, шеттіктерді екі жаққа қайырып үтіктеу.
3. Үлгінің өңін қаратып тігістерін жөндеп әдіптеу.
4. Матаның бүктелген шетінен 7мм қашықтықта екі бөлшекті қайып тігу. Уақытша тігістерді алып үтіктеп тігісті өңдеу.
Ү. Қорытындылау.
Сабақты қорытындылау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру. Баға қою. Үйге тапсырма беру.
Машина тігістерін жасау.
1. Тігін машинасының түрлері
2. Жапсырмалы тігіс.
3. Бастырмалы тігіс.
4. Шет тігіс.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.