.
.
ШҚО, Абай ауданы, Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің технология пәні мұғалімі Бабланова Ләйлә Кенжебекқызы «Меруерт» алқа тұмаршасын – бисермен тоқу.
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1668 | Размер: | Автор: Нартай45409 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Меруерт» алқа тұмаршасын – бисермен тоқу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың бисер тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеуге, ынта –ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.
Көрнекілігі: Бисерден тоқылған дайын бұйымдар, технологиялық карта, суреттер, бисерлер, моншақтар, леска, №11 ине, қайшы, жібек жіп.
Сабақтың түрі: Қортындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, химия, сызу, геометрия, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
ІІІ. Сергіту сәті
ІҮ. Сарамандық жұмыс
Ү. «Моншақ» сөзжұмбағын шешу.
ҮІ. Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау
І. Ұйымдастыру. (амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу)
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау – Біз алдыңғы сабақта бисердің шығу
тарихы және түрлері жөнінде танысып өттік.
Ендеше айтыңдаршы?
1. Бисер деген не?
Оқушы: - Пластмассадан, әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі –түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.
Домалақ Сопақ Таяқша
2. Бисермен тоқу нені талап етеді? Бисер қай кезден бастап пайда болды?
Оқушы: -Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді, Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Деген мен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия әлі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылайма, әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Шыны Керамика
Хрусталь Металл
3. Енді ұсақ моншақтар туралы қосымша тағы кім толықтырып айтады?
Оқушы: - Кейбір деректер бойынша, әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс –аяқтар сонау б.з.д ХІ ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнек массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы Египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе, ақ түсті киімдер мен таққан екен. Ең алғаш бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан – жасалған маржан. Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан –жаққа тарап әлемге бисре атауы әйгілі болар бастады.
Сo, Cu, Mn - шыны SiO2 * 6H2O
Химиялық формуласын білесің бе?
Na2O CaO-2SiO2 химия CaO, K2-2SiO2
PbOC0-2SO лағыл
ІІ. Қазақ зергерлері көбінесе қызкеліншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды – былқылдақ, сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды –жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын, күмістен жасаған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара қосып әшекейлеген. Алқаны су моншақтан, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.
Алқа бөлшектерінің атауы:
1) алақан-алқаның ортаңғы негізгі бөлігі тақтасы
2) Аяқ – алқаның салпыншағы
3) Тойнақ –алқаның екі ұшын біріктіретін топса
Алқаны қандай материалдан жасағанына байланысты: лағыл (рубин), маржан (коралл), меруерт (жемчуг) алқалар деп атайды.
Алқа –мойынға тағылатын сәндік бұйым. моншақ неолит дәуірінде тастан, сүйектен, қол дәуірінде –металдан жасалған. Ежелгі мысырда, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда шыныдан жасалған. Бисермен сәндік бұйымдар: алқа, сырға, білезкі, тұмарша тоқуға болады.
ІІІ. Сергіту сәті. Полиглот
1. Тап –тап, тап жорға,
Табаны жоқ боз жорға.
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе таптырмас (ине, игла, needle)
2. Басы екеу, аяғыда екеу (қайшы, ножница, scissors)
3. Ине өткен жерден - ......... өтер (жіп, нитка, sting)
4. Әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі түсті ұсақ моншақты қалай атайды? (сумоншақ, бисер, beads)
5. Әшекейлі күбіні
Июлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге (сәукеле, Saukele)
6. Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген
Етегі желкендей
Киім еді ол нендей. (Кимешек, kimeshek)
Тиістісін тап.
1. Әр Бас киім
2. Әшекей Өрнек күміс
3. Кимешек Әшекей түр, көрік
4. Зүбіжат Ылғи асыл
5. Үлде бүлде Асыл тас
ІҮ. Сарамандық жұмыс.
«Меруерт» алқа тұмаршасын бисермен тоқу.
І. Жұмыс ережесін еске түсірейік
Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме
2. Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.
3. Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс
4. Инені киімге қыстыруға болмайды.
5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.
6. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
7. Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн.
8. Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс.
ІІ. Жұмыстың реті
1. Алқа тоқу технологиясы
2. Нұсқау карта бойынша жұмыс жасау.
Ү. «Моншақ сөз жұмбағы»
1. Бүгінгі сабақта тоқылатын тұмаршаның аты.
2. Су моншақты ең көп шығаратын ел.
3. Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел.
4. Шашқа тағатын әшекей зат.
5. Алқаның екі ұшын бекітетін топса
6. Мойынға тағатын әшекей бұйым.
М Е Р У Е Р Т
Ж А П О Н И Я
Ф И Н И К И Я
Ш А Ш Б А У
Т О Й Н А Қ
А Л Қ А
Меруерт алқа тұмаршасы
ҮІ. Қортындылау
Бисермен шығармашылық жұмыс жасау арқылы өмірге қандай дайындық алдық:
1. Алқа тоқуды үйрендік
2. Моншақ түрлерін ажырата алатын болдық
3. Моншақтың қолданатын орынын білдік
4. Алқаны өзі дайындап ақшасын үнемдеуді.
5. Базардағы алқа мен өзі жасаған алқаны салыстыра отырып, таңдай білу қабілеті жоғарылады.
6. Шеберлікке үйренді.
7. Өзіне -өзі қызмет етуді үйренді
8. Байқағыштық қабілеті артты.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.