.
.
Нұрын шашқан Түркістан Нұрын шашқан Түркістан
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1504 | Размер: | Автор: Нартай4540Білімділік мақсаты: Оқушыларға түркі халықтарының ордасы-Түркістан туралы мағлұмат беріп, Қожа Ахмет Иассауидің өмір жолымен таныстыру, кесенесінің макетін жасату.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жалпы іскерлігі мен сәндік қолданбалы өнерді үйрену, жоспарлы ойлау іс - әрекетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың өз елін қорғау рухын көтеруге,өнер арқылы өз халқын, мәдени мұрасын, ұлттық қол өнерін сүюге, салт дәстүрін дәріптеуге, шеберлікке, еңбек сүйгіштікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қожа Ахмет Иассауи» кітабы, авторы Б.Т.Тұяқбаева
Қожа Ахмет Иассауи мовзелейінің суреті, Қожа Ахмет Иассауи суреті, нұсқау карта, үлгі, газет-журналдарға шыққан материалдар.
Түркістан - қазақ халқының мақтанышы. Тіпті күллі түрік кие тұтар қара шаңырақ Түркістан түгел түрік әлемінің Темірқазығы, рухының рауаны Түркістан ислам әлеміндегі екінші Мекке. Орта Азияда теңдесі жоқ ғажайып ғимарат. Түркістан ежелден теңдік пен әділеттікке , тыныштық пен рухани бірлікке, әлемдік бейбітшілікке үндейтін, ынтымақ ұялаған жер.
Алауыздықтың салдарынан жауынан жеңілген сәттерде Түркістанға келіп, әруаққа тағзым етіп, есін жинап, ынтымақ тапқан Алладан медет сұрап, күш-жігер жинап, бас біріктіріп, жауға қайта шапқанда жеңіске жетіп отырған.
Міне, бұл елдіктің, бірліктің белгісі еді. Ер еңсесін көтеріп, елдікке жеткізген Түркістанды тәбәрік Шаһар дейміз.
Қожа Ахмет Иассауи ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық құрып ашқан діни ағартушы сопылардың пірі (ұстазы) болған. Иассауи Сайрам қаласында туып, Иассыда (Түркістан) тұрған, сондықтан әлемге Иассауи деген атпен танымал. Ахметтің анасы Қарашаш пен әкесі Ибрахимнің мазары Сайрамда, алғашқы ұстазы Ақ-Ата, ұстазы Арыстанбаб. Ахмет Иассауидің 90 мың шәкірті болған. Олар ұстазының сапалық білімін Орта Азия, Анадолы- Түркістанға дейін таратып алып кеткен. Қожа Ахмет Иассауи үлкен кешенін тұрғызуға Әмір Темір небір сәулетшілер, зергерлермен шеберлерді жинап, 1397-1404 жылдары, яғни жеті жылда ең соңғы үздік үлгісімен тұрғызылды. Қожа Ахмет Иассауидін қабірі жатқан Әзірет Сұлтан топырағы қазақ халқының әйгілі хандары, даңқты батырлары, мұнда Есім ханның, Жәңгір ханның, әз Тәуке ханның, Абылай ханның, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Қанжығалы Бөгенбай Батырдың сүйектері жерленген.
Түркістан тұла бойы тұнған тарих. Түркістан музей қала. Тайқазанның салмағы 2 тонна, асыл құймадан, сыйымдылығы 3 мың литр сұйық, диаметрі 242 см, биіктігі 162 см. 2003 жылғы маусымда Қожа Ахмет Иассауи мазары ЮНЕСКО–ның Бүкіл дүние жүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілді.
Береке мен ынтымақтық белгісіндей қасиетті қазан. Иманды болуға үндейді, адалдық жолын үлгі етеді, ізгілікке шақыратынын айта отырып, біз Қожа Ахмет Иассауй мавзолейінің макетін жасауға оқушылармен ұйғардық.Өзіміз жасаған технологиялық картаны басшылыққа ала отырып, өлшемдерін (1) ағаш тақтаға белгі сызамыз. Сызғаннан кейін қол бұрғымен ойып,(2) жұқа ағашты ойылған жерге қағамыз. Оны қада (2) есебінде пайдаланамыз. Себебі ортасы қуыс, тай қазан тұратын болғандықтан, алдыңғы екі бұрышына (3) қағаз Ø8 түтікті қоямыз жан-жағына опалка жақтау (4) қойып, гипсті (5) дайындап, айналдыра қалыңдығы 30 см өлшем бойынша құйып, 30 минуттан соң жақтауларды алып, жан-жағын қырғышпен қырып, тазалаймыз. Жұқа ағашпен төбесін (6) жауып, гипсті жұқалап жағамыз және қағаз түтіктің жан-жағына , ішіне құямыз, (7) жаматхана, өлшем бойынша төрт бұрышын шығарып, гипс кепкен соң, (7) алты бұрыш қылып құямыз. Ортасы қуыс бос болады. жаматхананың күмбезін дайындау үшін (9) үлкен кесеге, мешіт дайындау үшін кішкентай кесеге май жағамыз да, (5) гипс құямыз. Кепкен соң аударып, дөңгелек сұлбасы шығады. Майдың пайдасы тез түседі. Сұлбаның ішін ойып, өлшем бойынша орын-орнына қойып, жиегіне бұранды шегемен бекітеміз. Қалған жерлерін гипс жағып, кепкен соң қырып, күмбез өрнектерін саламыз, зімпара қағазбен тазалаймыз. Күмбездерін бояу падаланып әшекейлеп, лактеп қоямыз. Ортасына тай қазанның макетін қоюға және 12в ток көзімен жарықтандыруға болады.
Технологиялық карта
р/с Жұмыстың орындалу реті Сызба түрінде нұсқа Қажетті
құрал-саймандар
1.
2.
3. Дайындалған ағаш тақтай
60см х 85см
Өлшемі
50см х 75см сызық түсіру, тесу.
Қада қағу, қағаз түтік 8 см қоямыз 1.Метрлік,
сызғыш,
карандаш,
бұрыштама
2. Қол бұрғы,
3. Қол бұрғы, қада, балға
4.
5. Жақтау
Қалыңдығы 30 мм
Гипсті сумен араластырып құю.
4. Балға, шеге
5. Гипс, су, пластмасса ыдыс
6. Жұқа ағашпен төбесін жабу.
Түтік 8 см, ұзындығы 40 см 6. Ара, балға, сызғыш, бұрыштама, егеу, карандаш
7.
8.
9. Жаматхана
23см х 23см
Алтыбұрыш
Күмбез 18 см
7. Гипс, су, пластмасса ыдыс, өсімдік майы,
8. қырғыш, егеу,құмқағаз.
9. Ою түсіретін пышақ
10 Гипсті кесеге құю арқылы күмбез сұлбасын жасау ,кептіру, тазалау, ою-өрнек салу , лактеу
10. Қашау, қырғыш, егеу, құм қағаз, баяу, лак
Жасалынған макеттердің суреттері
Кенжебаев Өрікбай
Технология пәні мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы , Ақсукент ауылы
№20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.