Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың -

Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2297 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылы Ш. Т. Еркінов
атындағы орта мектебі. Технология пәнінің мұғалімі
Құмарова Қорлан

Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың
Мақсаты :
1) Қазақ халқының ұлттық өнерін , салт дәстүрін қалыптастыру арқылы оқушылардың ептілік, икемділік, шеберлік қабілеттерін арттыру.
2)Оқушылардың шығармашылық, бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, қорытынды жасауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
3) Қыздарды әдемілікке, ұйымшылдыққа, өнерге, шеберлікке, сұлулыққа баулу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Түрі: Сыныптан тыс жүргізілген ашық сайыс.
Жүргізуші :
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар!
« Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың » атты ашық тәрбиелік сайысымызға қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда ІХ, Х сынып оқушыларынан құралған топтар білімдерін сынамақ.
Адам баласы шыр етіп жерге түскенінен бастап оны өмір бойы жетектейтін салт- дәстүр мен әдеп- ғұрыптар рухани мәдени және адамгершілік дүниеміздегі ең қымбат қазыналар, сонымен бірге онда халқымыздың сан ғасырлық өмір тәжірибесі, жеңісі мен ізденісі, танымы мен түсініктемесі жиналған. Ұмытылып кеткен дәстүрімізді танып білу, өшкенімізді жандыру, оларды жаңа өмір салтымызға енгізу бәріміздің міндетіміз.
Ерке өскен,ел жалғайтын ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Ал енді,сіздер рұқсат етсеңіздер,
Соныменен кешімізді бастайық біз.
Жүру барысы:
І-тур «Таныстыру »
ІІ-тур « Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық» Сұрақ – жауап
ІІІ-тур «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз» Оқушылар өздері дайындап әкелген бұйым туындыларын көрсетеді
ІҮ-тур «Тарихқа шолу » Сұрақ-жауап.
Ү-тур « Ас мәзірі » қыздар аз уақыт ішінде мерекелік дастархан жаяды
ҮІ-тур « Шығармашылық жұмыс»
Өнер, білім, өнеге туған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырам әділқазы алқаларын.

Сайысты бағалау үшін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар7
Жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетсе деймін.
Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.(Әр топ өз топтарын таныстыру)
І. топ: 9-сынып ІІ.топ: 10-сынып
1)Раушангүл 1) Гүлнұр
2) Айнұр 2) Зәуре
3) Айзада 3) Айкөркем
4) Гүлжауһар 4) Меруерт
5) Айәсем 5) Риза
Жүргізуші:
Ән: «Сар жайлау» Орындайтын: Шоқан Назира
Болады қыздың аты затына сай,
Ниет етсең болуға өнерге бай.
Артық емес, «үйрен де жирен» деген,
Бос қалып, бұл өмірде жүрмеші жай.
Келесі сын «Қандай жұмбақ болса да шешпей оны қоймайық»
Әр топ ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру.
І.Ою-өрнек сұрағы:
1) Ежелгі ұлттық ою? (қошқар мүйіз)
2) Өсімдік тектес оюларды ата (үшжапырақ, жауқазын, шыңгүл, жапырақ, жетігүл)
3) Бұл ою «Г» және «Т» әріптеріне ұқсас, және қандай да бір ру таңбаларынан пайда болған. Қандай ою? (Балта)
4) Магиялық ою қалай аталады? (тұмарша)
ІІ.Жұмбақтар
1)Бар екен бір дүниеде жалғыз көзі,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді 18 мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді (ине)
2) Дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды (дастархан)
3) Арық ат қарны қабысқан,
Бір көлді ішіп тауысқан (қасық)
4) Құрғақ жерде сақтаймыз,
Онсыз тамақ татпаймыз (тұз)
ІІІ. Ұлттық тағамдар
1) Ұйытылған сүт қалай аталады? (Айран)
2) Торта дегеніміз не? (Сары май тұнбасы)
3) Бие сүтінен ашытылған сусын (қымыз)
4) Езілген құрт қалай аталады? (малта)
ІҮ. Жалпы сұрақ:
1) Стил деген не? (Мәнер, сипат, ерекшелік)
2) Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? (Үтіктеу)
3) Салалы, жабайы, бұйра. Қандай талшық? (Зығыр)
4) Мына сандар нені білдіреді: 160-88-70?
(1 сан - см өлшенген бой
2 сан – кеуденің жарты орамы
3 сан - мықынның жарты орамы )
Жүргізуші:
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халықтың сақтай білген ізгі салтын,- дей келе,келесі сын
ІІІ. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз» (әр топ оқушылары өздері жасаған бұйымдарын таныстыру, кесте тігу)
Жүргізуші:
Білімдіден шығады алғыр,шешен,
Шешендіктен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы,
Қалмасыншы бұл кеште сенің есең.
ІҮ.Тарихқа шолу.
І-топ
1)Киім тігетін алғашқы машина жобасын ХҮ ғасырдың соңында кім ұсынды.
(Леонардо да Венчи)
2) 1755 жылдың ортасында құлақшасы бар инемен жұмыс істейтін тігін машинасын ойлап тапқан неміс ғалымы.(Карл Вейзенталь)
3)1843ж қисық ине қолданатын тігін машинасын ойлап тапқан ғалым.
(Бенджамин Бин)
4)ҚР-ның ән ұраны қашан қабылданды? (2006ж, 6 қаңтар)
5) ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993ж;15 -қараша)
6) ҚР-ның елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков,Шоты Уалиханов )
Жүргізуші:
ІІ.топ.
1)ХҮ ғасырддың соңында әйелінің тоқу бізіне зер сала атырып,машинамен тоқуды ойлап тапқан ағылшын ғалымы кім? (Уильям Ли)
2)Тігін машинасының атасы кім? (Элиос Хау)
3) 1834ж амарикандық үшкір жағында құлақшасы бар инелі және қайық қондырғылы, жоғары және төменгі жіптерді бірдей пайдаланған алғашқы машинаны жарыққа шығарған ғалым. (Уалтер Хант
4) Мемлекеттік нышындары туралы заң қай жылы қабылданды? (1992ж 4-маусым)
5) 17-желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңарту күні)
6) Тудың автары кім? (Шәкен Онғаснович Ниязбеков)
Жүргізуші:
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жей ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасайды,
Сайыскерлер дем арада майысып.
Келесі сын- «Ас мәзірі» сайысы.
ІІІ. «Ас мәзірі» қыздар аз уақыт ішінде дастархан мәзірін жасайды.
ҮІ. «Шығармашылық жұмыс» Тәуелсіздікке 20 жыл. Оқушылар өздері жазған шығарған өлең жолдарын қорғау.
Жүргізуші:
Ән: «Қазақ елі» орындайтын: Жандарбек Өнербек
Сайысқа түскенменен топ балалар,
Ішінен жүйрік шыққан, орын алар.
Ендеше бүгінгі өткен сайыстың да,
Бабы мен бағы жанған бағасы бар.
Олай болса,ортаға шақырайық,
Есімін баршаңызға танытайық.
Ерекше білімі мен білігі үшін ,
Алғыс айтып, қошемет танытайық.
Сонымен 9 -10 сынып арасындағы «Өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың » ашық тәрбие сайысы өз мәресіне жетті.
Кімдер шебер, кім іскер білейікші,
Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Сайыскерлерге сәттілік тілейікші,- дей келе, әділқазы алқасына сөз беріп, шарамыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық. (марапаттау)
Сонымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңаздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.