Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Он саусақтың құдіреті» -

«Он саусақтың құдіреті»

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1604 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Атырау қаласы, Дамбы селосы,
Амангелді атындағы орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Дощанова Жаңылсын Айтжанқызы

Сыныбы: 9 сынып
Тақырыбы: «Он саусақтың құдіреті»
Мақсаты: Оқушыларды қол өнермен таныстыру, ата-кәсібімізді қастерлеуге тәрбиелеу. Халқымыздың қол өнерін баулу, қыр-сырын үйрету.
Кіріспе
- Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Бүгін, біз сіздермен мектеп оқушылары әзірлеген «Он саусақтың құдіреті» атты көрмеміздің ашылуына жиналып отырмыз. Бұл көрме оқушылардың туындысы мен шығармашылық жұмыстарынан жасақталған.
1-жүргізуші
Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған антымыз
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз, - дей келе осы көрмеміздің тұсауын кесеміз.
2-жүргізуші: «Өнер – жеміс, өмірге азық» демекші қолөнер арқылы жан-жақты берілген тәлім – тәрбие, олардың азығы болатынына дау жоқ. Қазақ халқының қол өнері өте бай және түрлі тармақтар мен салаларға бөлінеді.
Фариза: Әркімге керек қол өнер
Он саусаққа он өнер
Түгел болар, дүниең
Біліп алсаң оны егер.
Анар: Кесте тіге алмайтын
Болмаушы еді қыз бұрын
Жасауын өзі қомдайтын,
Кестелеп алуан түз гүлін
Төсек жапқыш, жүк жапқыш,
Кестелі қандай сәнді еді.
Отырып үйде тігіп іс,
Әлі есте айтқан әндері
«Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды»- демекші Асылай Сапарова өз жұмысын таныстырды. Асылай өзінің ақ қапқа сурет салып, қаптың көздерін тоқыма кішкентай балдардың киімінен жіп тарқатып көбелекті толық жіппен толтырып кестеледі. Инені жіпке сабақтап қаптың теріс жағынан алып өткізіп кішкентай қалдырып толық кестеледім де, ұсақ моншақтармен безендердім. Бұл тек қапқа емес қалың матадан тігілген киімдерге тігуге болады.
«Алтын балдақ – қол сәні, әшекей кетсе – тон сәні» - демекші Ақбаян өзінің жұмысын таныстырды. /Құрақ көрпе/
Құрақ көрпе қыз жасауында бірге береді. Өйткені келін болып барғасын астына салатын көрпе яғни шай құйғанда . Құрақ дегеніміз – ұсақ маталардан тігіледі. Отбасы ұсақ нәрселерден құрала берсей деген қазақта ырым бар. Бидай шүберегі ішінде, мақта тегіс төселіп, сырты құрақтан құралып қапталады. «Үлгісі көптің – өрнегі көп, өнері көптің – ермегі көп» демекші Артур өзінің жұмысымен таныстырды. Көлдің сәні аққу демекші аққу бейнесін алдымен сызып алып, бірдей мөлшерде төрт бұрыштап қиып алып бүктеп алдымен табанын отырғыздым. Осындай қағаздан Ақтілекте гүл дайындады. Қол сүртетін салфетка түрлі түсті қағаздан төрт бұрыштап айналасын қиып ортасын тігіп біріктіріп дайындадым.
Анар: Еңбек сабағында тек қол өнеремен айналыспаймыз сонымен қатар тағам да дайындап үйренеміз. Қазір сіздердің алдарыңызға сазанның ортасына картоп, қызанақ, бұрыш, сәбіз салынған тағамды ұсынамыз. «Нан болса, ән болады» демекші ұннан дайындалған түрлі тағамдар қойылды. Қазағымыздың қолдан дайындалған нанының бірі таба нан.
Әдет – ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды үйлесімді ғажап шын
Ұмыт болған дәстүрімізді сақтайық,
Насихаттап жаңартудан қашпайық

Көрмеге қатысқандарыңызға көп-көп рахмет.

Би шашу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.