Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құрақ құрау мозайкасы -

Құрақ құрау мозайкасы

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1934 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ғ.Ж. Тлеубердиева,
Астана қаласы №34 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Құрақ құрау мозайкасы
Сабақтың мақсаты: құрақтың шығу тарихымен таныстыру
Білімділік:құрақ мозаикасы және оны орындау технологиясы туралы.
Қажетті негізгі білім беру: қолмен көктеу және тігу көмегімен қазақтың ою-өрнегін орындауға машықтандыру.
Дамытушылық: қосып тігу машықтарын дамыту,матаның түсіне үйлесімді жіп түсін таңдауға үйрету.
Тәрбиелік: эстетикалық қабылдауларын, талғамдарын қалыптастыру; жұмыста ұқыптылыұқ пен нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұхбат және зертханалық жұмыс.
Сабақтың дидактикалық жағынан қамтылуы
а) қолмен және машинамен орындалған тігістердің кестелері және олардың графикалық кескіні;
ә) «түстер шеңбері түстер үйлесімдігі» кестесі;
б) маталар мен жіптердің үлгілері
в) «Пэчворк» стилінде орындалғн бұйым суреттері мен фотосуреттері;
г) жұмыс орындауға арналған қима үлгілер.
Сабақтың барысы:
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазу.
Сабақтың мақсатын қою.
Оқушылармен сұхбаттаса отырып, Қазақстан халқының ою-өрнек өнерінің тарихы мен маңызын түсіндіріп, түстер мен фактура үйлесімділігін ескере отырып, матаны таңдау ережелерімен таныстырамын.
Әр отбасында сәннен шыққан ескі киімдерді: блузкаларды, көйлектерді, пальтоны таспалар мен шілтерлер қалдығын қайда жіберу керек деген мәселелер туындайды. Егер бос уақытымызда бүкіл осы үйінділерді алып, кішкене қиялға ерік беріп және шыдамды болсақ, онда «түк жоқтан» қызықты, қайталанбас және тұрмысқа қажетті нәрселер жасауға болады.
Қиықтардан жасалған құрақтардың көпғасырлық тарихы бар және өзіндік дәстүрге бай. Қиындылардан құрақ құрап бұйым жасау мүмкіндігі таңғаларлықтай көп қырлы және қызықты. Қолда бар қиындыларды пайдаланып, негізгі фонда ою-өрнек түрінде суреттер жасауға немесе белгілі бір түстік гаммаларды басшылыққа ала отырып, бұйымды геометриялық элементтермен безендіруге болады.
Құрақ құрау-бұл сөзсіз қолөнердің әдемі түрі, себебі оған шикізат ретінде әр түрлі қиындыларды қолдануға болады. Мұндай мата қиындыларын табу ересектер үшін де, балалар үшін де қиындықтар туғызбайды.
Мата қиындыларынан тігілген бұйымдар ерекше сәнді көрінеді: бұл- перделер,пледтер сөмкелер және т.б.
Жаңа түсініктерді қалыптастыру.
Құрақтық техника стилінде орындалған бұйымдарды немесе фотосуреттерді көрсету.
Құрал –жабдықтар мен материалдар: ине, қайшы, қатты жіптер, дөңгелек басты түрегіштер, қима үлгілері үшін картон. Жұмыс үшін барлық маталар жарамды, бірақ ең жақсысы-мақта мата. Жұмыс алдында алдында матаны дымқылдап үтіктеп алу керек.
Тігетін бұйымның эскизі болған жақсы. Бұйымға арналған бөлшектерді қолданар алднда мұқият өлшенген симметриялылығы тексерілген қима үлгілер бойынша пішіп алады.
Егер бұйымды алдын ала ватин немесе синтепонды қойып тігістері бойынша көктеп шықса, онда ол квилет болады.
Мата таңдау барысында түстердің үйлесімділігіне мән беріледі. Барлық түстерді хроматикалық (кемпірқосақ түсіне боялған)және ахроматикалық ( түссіз) деп бөледі: ақ, қара,сұр. Хроматикалық түсті жылы және салқын түстер деп бөледі.
Түстік шеңбер түстердің үйлесімділігі мен қарама-қарсылығын жасауға көмектеседі.
Қосымша түстер түстік шеңберде қарама-қарсы орналасады.
Ұжымдасып жұмыс жасау үшін сыныпты негізгі үш топқа бөлуге болады. Әр топ келесі реттегі белгілі бір технологиялық оперецияларда орындайды.
-қима үлгі бойынша элементтерге үлгі салып шығу;
-бөлшектерді қию;
-бөлек блоктардан бұйым жасау;

Үй тапсырмасы туралы ақпарат
Елімізде тұратын халықтардың сәндік қолданбалы шығармасы бойынша құрақтан бұйым эскизін жасау.
Сабақты қорытындылау
Жұмыс қорытындысын шығару, ең үздік жұмыстарды көрсету. Жіберілген қателерге талдау жасау, баға қою, жұмыс орнын жинастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.