Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құрақ құрау технологиясы. -

Құрақ құрау технологиясы.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2099 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Құрақ құрау технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
 Білімділік: Мата қиындыларынан түрлі қиықтар тігіп үйрену.Құрақ қиындыларын әзірлеуді, мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.
 Дамытушылық : Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік, икемділігін дамыту.
 Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған тұлға тәрбиелеу
 Пәнаралық байланыс:
Геометрия, сызу, бейнелеу, математика.
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, сарамандық жұмыс.
Сабақтың сәті:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, құрал-жабдыықтарын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ұраны:
“Талаппен баста, талғаммен аяқта”
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
1. Құрақ дегеніміз не ?
2. Құрақтың мағынасын ата ?
3. Құрақ түрлерін ата ?
4. Құрақтың жасалу жолы ?
5. Құрақтың тұрмыста алатын орны, құрақ қандай бұйымдарға салынады?
6. Құрақ жасау үшін қандай құрал жабдықтар қажет,атауын жаз ?
7. Қазіргі кезде құрақтың көптеген түрлерін қалай пайдаланамыз ?
8. Өнерлі болып, шеберлікке жету үшін не қажет ? Саналап айтар болсақ.
Интерактивті тақтаға жаз.
9. Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай қандай топқа бөлінеді ?
ІІІ. Кіріспе бөлімі
Құрақ түрлері:
• Геометриялық
• Зооморфты
Өсімдіктектес
• Тұрмыстық
• Космогоникалық

1.Өрнек сызбасын қағаз 4.Матаны үлгі қағаз
бетіне түсіру. мөлшерімен қию

2.Түс тандап бояу




Құрақтың түрлері:




Құрақтан жасалатын бұйымдар







Технологиялық карта
№ Жұмыстың орындалуы Қажетті заттар

1 Материал дайындау Мата қиындысы
2 Үлгіні дайындау Картон, қайшы
3 Құрақты қырқып дайындау Қайшы, бор, үлгі
4 Көктеп тігу Ине-жіп, тігін машинасы
5 Тұмарша дайындау Мата қалдығы
6 Құрақ көрпешені астарлау Мата, ине-жіп
7 Бұйымды мақта салып аяқтау Ине-жіп, мата
Жұмыс басталмас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережесін есіне түсіру.
Техникалық қауіпсіздік ережелері
• Қайшымен жұмыс жасаған кезде:
 1. Қайшыны ашық тастама.
 2. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
 3. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
 4. Қайшының жүзін жауып қою керек.
 5. Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек.
• Инемен жұмыс жасаған кезде:
 7. Тігін жұмысы барысында ине сабақталып, жастықшада қадалып тұру керек.
 8. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.
 9.Инені киімге қыстыруға болмайды.
 10. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.
 11. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
 12. Жіпті бір шынтақ ұзындығымен өлшеп сабақтау қажет.
ІV. Сарамандық жұмыс
 2. Технологиялық карта бойынша тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру.
 3. Кемшіліктерін түзету, көмектесу.
 4. Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.
 5. Жұмыс арасында ой бөлісу,ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып,
мақал-мәтелдер, жұмбақтар айту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.
Мақалдың жалғасын тап
1. Еңбектің наны тәтті, ... (жалқаудың жаны тәтті)
2. Еріншектің ... (ертеңі таусылмас)
3. Көз қорқақ, ... (қол батыр)
4. Еңбек етсең ... (емерсің)
5. Өнерлі ... (өрге жүзер)
6. Ата көрген оқ жонар, ... ( ана көрген тон пішер)
7.Жеті рет өлшеп, ... (бір рет кес)
8. Өнерлінің қолы алтын, ... (өлеңшінің сөзі алтын)
9. Еңбек үйренемін десең ерінбе, ... (өнер үйренемін десең жерінбе)
10. Талаппен бастап .... (талғаммен аяқта)
V. Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылай келе осы жасаған жұмысымызды қандай өнер түріне жатқызамыз, соны сөзжұмбақты шеше отырып табайық.
Сөзжұмбақ
1. Дөңгелек шеңбер етіп иілген, киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі?
2. Жеңсіз жеңіл киім.
3. Сәндік үшін білекке тағатын әшекейлі,бағалы бұйым.
4. Жеті түрлі дәнді – дақылдардан сүт қосып пісірілген сұйық ас.
5. Сурет салып тоқылған кілем.
6. Нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек.
7. Теріден жасалған,қымыз құятын ыдыс.

Тест
1.Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?
А.4 Б.2
Ә.5 В.3
2.Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?
А. 19-20 Б.17-18
Ә. 15-16 В. 16-17
3.Жұлдыз құрағы қай топқа жатады?
А.Зооморфты Б. Геометриялық
Ә.Космогоникалық В. Тұрмыстық
4.Құрақ үлгілерін сызып бояуда қандай редактормен жұмыс істейміз?
А.Word Б.Paint
Ә.Power Paint B. Exsel
5.Сегіз жапырақ құрағы қай топқа жатады?
А.Өсімдік тектес Б.Космогоникалық
Ә. Геометриялық В.Тұрмыстық
6.Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?
А.Печворк Б.Ласкутная техника
Ә. Patchwork В. Сошико
7.Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты?
А. Үлгісіне Б.Тігісіне
Ә. Көлеміне В. Орындалуына
8.26 шаршыдан 8 үшбұрыштан құралған құрақты ата?
А. Қызғалдақ Б. Аққу
Ә.Жұлдызша В.Иықты
9.Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?
А.Былғары Б. Мата
Ә. Тері В. Полиэтилен
10.Құрақты тіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіске қанша мм қалдырамыз?
А. 15-20мм Б.2-3 мм
Ә. 20-25мм В. 5-10мм
Дұрыс жауаптар:

1. ә
2. а
3. ә
4. б
5. а
6. в
7. а
8. а
9. б
10. в

Оқушыларды бағалау. Оқушылардың сабаққа, орындалған жұмыс деңгейіне, тест сұрақтарына жауап бергендеріне және сөзжұмбақты дұрыс шешкендеріне байланысты бағалау.
Үйге тапсырма. Сарамандық жұмысты жалғастыру, тігін машинасымен жұмысқа дайындалу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.