Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы. -

Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2828 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға құрақ құру, өрнектер құрудың техникасын түсіндіріп, құрақтың түрлерін дайындау
жолдарын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын
және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ертеден келе жатқан салт- дәстүрін білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Нұсқау картасы, құрақ көрпеше, буклет, үлгілер, компьютермен жасалған слайдта.
Қажетті құралдар: мата қиындысы, ине- жіп, қайшы.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, сурет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, қажетті құралдарды тексеру, сабаққа даярлау.
ІІ. Өткен тақырыптағы, үйге берілген тапсырманы тексеру, қайталау.
Өткен тақырыбымыз матамен жұмыс, матамен жұмыс кезінде қажет құрал- жабдықтар. Матаның неден тоқылатынын, астарымен өңін қалай ажыратамыз осы жайында біліп үйрендік. Балаларға үй тапсырмасы бойынша бірнеше сұрақтар қойылады?
Сұрақтар:
1. Мата неден тоқылады?
2. Жіпті қайдан аламыз?
3. Мақта қайдан шығады?
4. Біздің еліміздің қай бөлігінде өседі, яғни өндіріледі?
Балалар енді матамен жұмыс кезінде құрал- жабдықтар пайдаланамыз. Сол құралдарды атап өтейік. Сызғыш, қайшы, ине- жіп, оймақ, бор, карандаш.
Енді мен сіздерге матамен жұмыс кезінде керек заттар туралы жұмбақтар жасырамын. Сендер жылдам шешуге тырысыңдар.

Жұмбақтар:
1. Күнде оны көремін,
Қиып, қырқып жүреді.
Тек өзіне керегін,
Ойып алып жүреді. (қайшы)
2. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,
Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (ине- жіп)
3. Саусаққа киіп ем тобатай,
Инені жүгіртіп оп- оңай.(оймақ)
ІІІ. Актуальдау.
Енді балалар матадан әртүрлі бұйымдар жасайтынын білеміз. Мата қиындыларын да іске асыруға болады екен. Бүгінгі сабағымыз сол қиындылардан құрақ құрау. Оны қалай құрамыз, түрлері қандай? Сол бойынша түсініп алайық.
ІV. Жаңа сабақ. Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы.
«Құрақ құрау да өнер» демекші бұл құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің өзіндік мәні жоғалмай, сақталып келе жатқан өнердің бірі. Халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алған сәндік тәсіл. Құрақ дегеніміз түр түсі әртүрлі геометриялық пішіні әр алуан матадан, мата қалдықтарынан құрастырылатын өрнек.

Құрақ негізінен «құрау» деген сөзінен алынған. Құрақпен өзге елдер де шұғылданады. Әр елде оны әрқалай атайды. Орыстарда «мозайка» немесе «пэчверк», ал батыста құрақ көрпеше жастық мағынасында атайды. «қалауын тапса, қар да жанады» демекші құрақты құрағанда, өзіндік реттерімен құрайды. Екі түрлі матаны қиылыстыра отырып, осы екі матаны түрін 5-6 рет қайталап, белгілі бір тәртіппен келіп отырса, өрнек болып шығады.
(Құрақ түрлерін көрсету)
Құраққа қойылатын талап – біреу- ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және оның түстерінің үйлесімді болуы. Ертедегі шеберлеріміз, әжелеріміз, апаларымыз математиканы оқымаса да үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб жасай отырып құрақтардың үйлесімділігін тауып құраған. (Өрнектер құрау техникасы көрсетіледі)
Яғни, мата қалдықтарын қалдырмай іске асырып отырған. Құрақтан: көрпеше, дорба, тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсек жапқыш, төсегіш тігіледі. (бұйым түрлері көрсетіледі)
Құрастырылған қиындылар таза үтіктелген болуы керек алдын ала құрақтың суретін салып, сол бойынша пішеді. Одан соң бір- біріне жалғап тігеміз.

Сарамандық жұмыс
1. Жұмыс орнын дайындау.
2. Қажетті құралдарды орналастыру.
3. Қауіпсіздік ережесін қайталау.
4. Оқушыларға жұмыс беру.
5. Жұмыстарын тексеру.
6. Кемшіліктерін айту.
7. Сабақты аяқтау, қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Ал тұмарша майда мата қалдықтарынан жасалады. Енді балалар алып келген мата қиындымыз бойынша біз құрақ көзін біріктіріп құрақ құрап көрейік.

Алдымен қауіпсіздік ережесіне назар аударайық:

Енді балалар жұмысымызды бастаймыз.
Мен сіздерге нұсқау картасын таратамын. Сол нұсқау картасы арқылы сіздер жұмыс жасай аласыздар.
Нұсқау картасы таратылады.
Жұмыс кезінде оқушыларға ережені естеріне түсіріп, көмек беру керек.
(Осы кезде үнтаспа ойналады «Айгөлек» әні)
Жұмыс аяғында

«Сөзжұмбақ» көрсетіледі.

1 Т І Г І Н Ш І 1. Мамандық иесі.
2. ...етсең ерінбей, тояды қарның тілемей.
3. Киім түрі.
4. Жіптің орысша атауы.
5. Ұлттық бұйым өрнегі.
6. Өлшеуіш (матаны)
7. Көрпеше көктегенде пайдаланатын құрал.
8. Әдемілік символі.
9. Киім тігетін құрал.
10. Асыл тас.
2 Е Ң Б Е К
3 Х А Л А Т
4 Н И Т К А
5 О Ю
6 Л Е Н Т А
7 О Й М А Қ
8 Г Ү Л
9 И Н Е
10 Я Н Т А Р Ь

V. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта құрақ құрауды үйрендік, олай болса аяқтаған бұйымызды мектебіміздің «Шебер қолдар» көрмесіне ұсынамыз.
VІ. Үйге тапсырма. Аяқталмаған бұйымымызды үйден аяқтап келу. Қатырма қағаздан құрақ түрін жасап келу.
VІІ. Бағалау.

№4 орта мектеп

Құрақ өрнек құрастыру.
Өрнектер құрудың техникасы.
(ашық сабақ)

Өткізген: Оразалина А.


Шалқар қаласы
2010 жыл

Шалқар қалалық №4 орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі
Оразалина Алмагүл Ерғалиқызының 2008-2009 оқу жылының
1- жарты жылдық бойынша еңбек пәнінің берілуі туралы мәлімет

Еңбек өтілі: 2 жыл
Сабақ беретін сыныптары: 1,2А,Ә, 3А,Ә, 4А
Апталық жүктеме: 12 сағат
Еңбекке баулу- өнерлік, шеберлік, іскерлік, бірлікті талап етеді. Қазіргі білім беру дамыту тұжырымдамасының мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауап, шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғалар қалыптастыру. Қазіргі таңда еңбекке баулу пәнінің мақсаты оқушыларды еңбекке ынталандырып, әдеп – ғұрпымызды таныстырып, күнделікті тұрмыста қажетті заттарды қолдарымен жасауға үйретіп, өмірге икемдеп тәлім- тәрбие беру.
Сыныптарда жоспар бойынша сабақ берілді. Бастауыш сыныптардың барлығы өзіне- өзі қызмет етуді меңгерді. 3 сыныптар матамен жұмыс кезінде, мата туралы толығымен түсінік алды. Сәндік қолданбалы өнер элементтерімен танысты.
1-2 сыныптар қатырма қағазбен жұмыс жасауды, бұйымдар жасауды үйренді. 3Ә сыныбында «Құрақ өрмек. Өрнектер құрудың техникасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
І және ІІ тоқсанда сапа көрсеткіші төмендегідей:

І тоқсан
4А-100 %
3А,Ә- 100 %
2А,Ә- 100 %
1 сынып
ІІ тоқсан
4А-95 %
3А - 100 %
3Ә - 93 %
2А,Ә- 100 %
1 сынып
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.