.
.
Құрақ түрлері, тігілу жолдары, қолданылуы Құрақ түрлері, тігілу жолдары, қолданылуы
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2185 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: құрақ түрлерін таныстырып, өздері құрай білуге үйрету, өнерді бағалауға, салт-дәстүрге баулу, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: құрақ түрлеріне арналған буклет, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ жазылған плакаттар.
Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, қазақ әдебиеті, математика.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, ине, жіп, қарандаш, сызғыш, түрлі-түсті қағаз, үлгі, мата қалдықтары.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты тексеру
Бүгінгі сабақтың мақсаты құрақ құрау әдісін меңгеру. Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылытын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішіндегі ең ертен келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар. Екі түрлі матаны бір-бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығатын болады. Құраққа әр түрлі матаның қиындыларын пайдалануға болады, әсіресе мақта матасынан жасалған құрақ төзімді болады, әрі жуылғаннан кейін қыртыстанбайды. Барқыт, шибарқыт, драп құрақ құрауға өте қолайлы және тиімді. Құрақ әртүрлі геометриялық фигуралардан тұрады. Бүгінде көрпе, жастық, жұмсақ ойыншықтар, шағын көрпешелер, әртүрлі естелік бұйымдар жасауда құрақ кеңінен қолданылады. Құрақтың бірнеше түрі бар: сегіз жапырақ, қызғалдақ, тырнақ қатар, ботагөз, шаршы т.б. Осы құрақтар сан алуан қиықтардан тұрады. Құрақты құрау кезінде қойылатын талап- ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеуіміз керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалаңдығына қарай іріктеліп алынады. Матаны үлгі бойынша қию үшін тегіске кететін қосымшаны 0,5-1 см артық алып, матаның шығымдылығын ескерту керек және түр үйлесімділігін ұмытпаған жөн.
Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі- ысырап болса, өнердің бұл саласы да сол ысырапшылдыққааа жол бермейді.
Көрнекті педагог Ы.Алтынсаринның “Бір уыс мақта ”, “Әке мен бала” әңгімесін еске түсірейік. Осыдан ақыл, ой, сезім, іскер шебер қол болса, ешнәрсе ешқашан ысырап болмайды деп қорытынды шығаруға болады.
Құрақ құрау эстетикалық талғамды қажет етеді. Жұмыс барысында түс үйлесімділігі, қиындылардың симметрялылығы, дәл қиыстыру шеберлікті қажет етеді, төзімділікке баулып, еңбек етуге тәрбиелейді.
Матаның үлгі бойынша қию үшін алдын ала дайындалған матаның үстіне үлгіні қойып, бормен немесе сабынмен шетінсызып, қосымшаны ескере отырып белгілейміз де, бұдан кейін үлгіні алып тастап, бормен белгіленген жерді қиып аламыз. Құрақ қиындыларын әуелі көктеу тігістері арқылы бірітіреміз, одан соң тұрақты тігіс машинаға саламы. Құрақтың сәнді болуы сызбасы мен үлгісіне тікелей байланысты. Машина тігістері қолен тігу арқылы орындауға болады. Қол тігістері: тепшу, көктеу, қайып тігу т.б. соныыың ішіндегі қайып тігуімен тігеміз. Құрақтан жасалған бұйымның шетін түрлі мата қиындыларнан тұмаршалауға, шашақтауға немесе өзге түсті матттамен жиектеп, сәндеуге болады. Көрпенің астына лайықтаппп астааар қиып алып, беттттестіру кезінде екі жааағының да оң беті ішіне қарайды. Арасына көрпешенің немесе бұйымның барлық жақтауларына өлшеніп алынған тұмарша қосыла көктеледі. Мықты болу үшін машина тігістерін пайдаланамыз. Құрақ бұйымның оң бетін аудару үшін 8-10 см көлемінде астардың дәл ортасынан ашық тігілмеген жер қалдырамыз. Арасына тұмарша салынып, астарланған құрақтың ішіне мақта саламыз да көрпешені көктетеміз. Бізге көктеу не ушін керек?
Көктеу жұмысы мақтаның түйдектеліп, көрпешенің бір шетіне жинақталып қалмауы үшін қажает. Көктеп болған соң көрпешені сулы дәкемен үтіктейтін болмақ, тігістің кейбір кемшілігі білінбей кетті. Осындай тәсілдермен құрақ корпеше, көрпе, жастықша құрауға болды.
Машинаны жұмысқа дайындау үшін ең әуелі шөлмекке жіп төгеміз. Тетіктерін орташа тігіске келтіреміз. Тігіз дегеніміз- бір жүйелікпен қайталанатын, иненің шаншымы аралығының қатарын айтамыз. Тігіс екі жіптен пайда болды: жоғарғысы-инедегі жіп, төменгісі- шөлмектегі жіп. Ең әуелі тігілетін матаны беттестіріп көктеп аламыз, көктеу дегеніміз матаны сирек тігіспен тігу.
-Міне, балалар, бүгінгі сабақтан құрақ құрауды үйрендік. Ең бастысы бұйымды жасаудың технологиялық картасын меңгеруіміз керек.
Қауіпсіздік ережесі:
1. Жұмыс барысында құрал-жабдықтарды өз орнында ұста.
2. Инені ине шанышқа түйре.
3. Қайшыны ашық ұстама
4. Жұмыс орныңды таза ұста
Сарамандық жұмысты ұйымдастыру.
Сабақты қорытындылау.
1. Біз бүгінгі сабақтан не үйрендік ?
2. Құрақ неден тұрады?
3. Құрақтың сәнді болуы неге байланысты?
4. Құрақ құрауға арналған құрал жабдықтарды атаңлар.
Оқушылар еңбегін бағалау: оқушылардың жұмысын тексеріп, ережелердің сақталуын, жұмыстың ұқыптылығына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: «Қыз еркем, кестесімен көркем» деген тақырыпқа реферат жазу, құрақ құрап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.