.
.
Назгүл Тілекқабылқызы "Құрақ туралы мағлұмат" "Құрақ түрлері"
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1876 | Размер: | Автор: Нартай4540Технология пәні мұғалімі
БҚО . Жаңақала ауданы , Көпжасар ауылы
ЖББ Д. Нұрпейісова атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: "Құрақ туралы мағлұмат" "Құрақ түрлері"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: құрақтың шығу тарихымен, оның қажеттілігімен танысу, құрақ құраудың технологияларын меңгеру.
Дамытушылығы: оқушылардың түрлі түстерді бір- бірімен үйлестіре
білуін, геометриялық пішіндерді дұрыс қия білуін,жұмыс барысында
ой- өрісін, ойлау қабілетін, шеберліктерін дамыту.
Тәрбиелік: үнемділікке, ұқыптылыққа, төзімділікке, көне заманнан келе
жатқан халқының өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірі, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Көрнекіліктер: слайдтар, дайын құрақ бұйымдары.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих, әдебиет, сызу, геометрия
Құрал- жабдықтар: сызғыш, өшіргіш, қарындаш, түрлі- түсті қағаз, қайшы, мата қиындылары, ине және жіп, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Өткен сабақты қайталау
А) Ою- өрнек дегеніміз не?
Ә) Ою- өрнектің неше топқа бөлінеді
Б) Қошқармүйіз оюы қандай топқа жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Құрақ туралы мағлұмат. Құрақ түрлері.
Құрақ дегеніміз не?
Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеде қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікт тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетіне баға жетпес үлгісі. Қолөнердің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтық мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнердің түрлі өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі- құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.
Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар.
1) Көлдің жағасында өсетін өсімдік
2) Мата қиындысынан жасалатын бұйым.
Құрақ- мата қалдықтарынан құрастырылып жасалатын ерекше бұйым. Тұрмысымызға көрік беретін сәндік бұйым болғандықтан шеберлер бар өнерін салған. Құрақ құрауға әртүрлі мата қалдықтарын пайдалануға болатындықтан, асқан шеберлікті, түс үйлесімділігін, қайталанып келіп отыратын элементтерді дәлдікпен үйлестіруді, эстетикалық талғамды талап етеді. Тарихи мәліметтерге сүйенетін болсақ, құрақ құрау көптеген ұлттарға тән екендігін білеміз. Мысалы, Шығыста, Мысырда, Каир төңірегінде үшмың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдары табылған. Сол сияқты Америка елінде де, көршілес орыс халқында да құрақ құрау өнері ертеден дамыған.
Құрақ негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралардан тұрады.Олай болса,геометриялық фигураларды еске түсірейік
Геометриялық фигуралар:
-тең бүйірлі үшбұрыш -ромб
-үшбұрыш -трапеция
-шаршы -параллелограмм
-тікбұрышты ұшбұрыш
Шеберлер геометрияны оқымаса да ,бір бөлігін 5-6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш,алтыбұрыш,ромб жасай отырып біріктірген.Осындай әдіспен тігілген құрақтың 200-ден астам түрі бар. Құрақтың түрлері
ІV. Сарамандық жұмыс
Оқушылар 3 топқа бөлу.
І- топ “Шаршы” құрағын құрайды
ІІ- топ “Шатыр” құрағын құрайды.
ІІІ-топ “Үшбұрышты” құрағын құрайды.
Енді балалар әр топтың тігетін құрақтарына жеке тоқталып кетейін.
“Шаршы” құрақ 6 немесе 9 ромбы тәрізді тігістерден пайда болады. Ол ұшін 3 түсті 9 ромбы тәріздес мата қиындылары алынады. Олар қарама- қарсы 2 түсті ромбы бойынша қиюластырыла орналастырылады.
“Шатыр” құрағы 1- қатарға 5 ромбы орналастырылады, 2-қатарға 3 ромбы құрастырылады, 3- қатарға 1 ромбы төбесіне орналастырылады. Міне, осыдан “шатыр” құрағы пайда болады.
“Үшбұрышты ши” құрағы. 2 түсті мата бірақ сызықтары бірдей екі шаршы қиып алынады. 2 түсті бөлек-бөлек етіп 8 үшбұрышты қиып аламыз. Енді екі түсті матаның 4 қиығын алып үшбұрыштап келтіреміз., бірақ сызықтары бір- біріне жолақша болып келіп тұру керек, сонда “”ши құрағы пайда болады.
Жұмысты бастамас бұрын инемен, қайшымен, тігін машинасымен жұмыс істеген кездегі қауіпсіз ережелерін ескертеміз және қайталаймыз. Оқушыларға нұсқау картасы таратылады.
Шығармашылық тапсырмалар
Әртопқа 3 түрлі тапсырма беріледі.
І- топқа тест.
1. Құрақ өнері неше түрге бөлінеді?
а) 4 ә) 5 б) 2 в) 3
2. Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?
а) 19-20 ә) 15-16 б) 17-18 в) 16-17
3. Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты?
а) үлгісіне ә) көлеміне б) тіісіне в) орындалуына
4. Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?
а) Пэчворк ә) Мозайка б) құрақ в) Сошико
5. Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?
а) былғары ә) тері б) Мата в) полиэтилен
ІІ- топқа “Сөзжұмбақ”
1. Жастанатын жұмсақ бұйым
2. Сырып тігілетін төсеніш
3. Жүннен талдырып түр салаынатын төсеніш
4. Текемет басуға арналған бұйым
5. Сәндік, әрі үй жиһазы.
ІІІ- топқа “Бес жолды өлең” шығару
V Бағалау парағы:
№ Оқушыының аты-жөні № сұрағы (бағасы) Қорытынды бағасы
1 2 3 4
1
2
3
4
VІ. Сабақты пысықтау.
1. Құрақ неден тұрады?
2. Құрақтың сәнді болуы неге байланысты?
3. Құрақ құрау өнері басқа тілдерде қалай аталады.?
4. Құрақтың қандай бұйымдар дайындалады?
VІ Үйге тапсырма:
Құрақ эскиздерінен буклет дайындау.
Жұмыс орнын жинау
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.