Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Құрақ жастықша тігу. -

Құрақ жастықша тігу.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2228 | Размер: | Автор: Нартай4540
. №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектеп

« Ашық сабақ »

Тақырыбы:
«Құрақ жастықша тігу».

Сабақтың тақырыбы: Құрақ жастықша тігу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру. Құрақ құрау саласын оқушыларға меңгерту.Ұмытыла бастаған халық өнерін жандандыру.
Білімділік: оқушыларға өнер және қолөнер туралы білім беру. Қолөнердің бір саласы құрақ құрау туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.Қолөнер бұйымын жасап шығару.
Дамытушылық: теориялық білімдерініс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту.Бұйымды жаңа дизайн үлгіде көрсету.
Тәрбиелік: ұлттық өнерге деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құрақ құрау плакаттары,ұлттық қолөнер бұйымдары, дайын құрақ бұйымдар.
Құрал – жабдықтар: мата қийындылары, ине, жіп, қайшы, тігін машинасы, үтік,нұсқау карта.
Пәнаралық байланыс: тарих,математика,сызу, бейнелеу өнері,орыс тілі, ағылшын тілі,геометрия.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс арқылы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау.
ІY.Жаңа білімдімеңгерту.
Ү. Сарамандық жұмыс.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқу құралдарын алып отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру.Оқушылардың келген келмегені түгенделеді.
ІІ. Үй тапсырмасы: (8-10мин)
1. Құрақ дегеніміз не?
Құрақдың екі мағынасы бар: 1. көлдің жағасында өсетін өсімдік,
2. мата қиындыларынан бұйм жасау.
2. Жастықшаны қандай матадан тігеміз?
Көздері майда бөліктермен өте нәзік әрі әдемі түстер мен құралады.
3.Матаны қалай таңдап аламыз?
4.Күнбағыс гүлі жастықшасын қалай құрастырдық?
(технологиялық картасын көрсетіп, айту)
Жаңа сабақ (қорытынды)
Халқымыздың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар.
• Тіл өнері
• Саз өнері
• Қол өнері
• Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.
Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер,апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзінідік тарихы бар.
1.Оқушылырдың құрақтың шығу тарихына байланысты жинаған аңыз-әңгімелерін тыңдау.Ырым-жырымдарды айту.
Құрақ құрау кезінде қойылатын талап –ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және матаның негізгі және арқау жіптерін ескеруіміз керек.
1.Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса,өнердің бұл саласы да ысырапшылдыққа жол бермейді.
2.Ысырапқорлық қазақтарға жат қылық.Ежелден ата-бабаларымыз үнемшіл болып қолдағы темір,сүйек,ағаш,тері тәрізді заттардың да кесінділерін қажетіне ұқсатып,аяқ асты тастамаған.Ал қолдағыны осылай ұқсатуда қиыстырып құрақ құраушылардан асқан шебер жоқ.Құрақ құрау қыз-келіншектерді ысырапқорлықтан тыйып үнемділікке үйретеді.
3.Құрақ құрау үшін алдымен қажетті материалдар таңдап алынып,олар түрі,түсі,матасына қарай сұрыпталады.
Қыз ұзату,келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сыяпат апаратын болған.Әр уйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отбасының ұлт жандығын ғана танытып қоймайды.Бұл қазаққолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан жаңғырып,қазіргі заман талабына сай жарасым тауып отырғанын көрсетеді.Құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп,қазақты әлем халықтарына кеңінен танытуға жарқын жол ашты.Қысқы «Азияда» күндерінде шетелдіктердің түрлі ұлттық сувинирлермен бірге құрақ бұйымдарын да көптеп сатып алып жатқанын көрдік.Құрақ құрау қыз-келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып,оларды ұлттық қолөнерімізді сүюге,оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.

Құрақ құрау екі мақсатты көздейді:
1- матаның қиындыларын іске ұқсату(кәдеге жарату)
2- үлкен сәнділікке баулу, матадан әр түрлі фигуралар жасай отырып, қиюластырып жастық, көрпешелер тігу.
Көне дәуірде құрақ бұйымдарға киелі қасиеттер тән саналған.Мәселен, қазақтардың нанымы бойынша,заттарды дайындауға матаның ұсақ қиықтары неғұрлым көбірек пайдаланылған сайын, олардың иелеріне соғұрлым бала, мал, мүлік көп болады деген сенім болған.
Сондықтан да құрақтарды сый ретінде жиі тартатын. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапандар мен тақиялар дайындайтын. Төсек жабдықтарын,бесік жапқышты құрақтан жасайтын. «Ботагөз»,яғни ботаның,түйенің көзі деп аталады.Олар сәттілік әкеледі және бұйым иесін «сұқ көзден» қорғайды деп есептелетін.
Құрақ тігу үшін алдын ала үлгі әзірленеді.Үлгіге қарап қажетті кескіннің саны есептелінеді. Осыған байланысты алдын ала жасалған үлгісімен пішіледі.Мұнда ескеретін жағдай пішерде матаның көлденеңі мен енін бір деңгейге келтіріп алған жөн. Ал тігістік үшін құрақ матаның барлық қабырғасынан бір сантиметрдей артық алынады.
Тігісті машинамен біріктіру кезінде астыңғы тігіс тартылып түспес үшін мата астына газеттің ұзынша қиындысын қосып тіксе, мата жиырылмай екі жағы жатық түседі.Соңынан газет қиындысын алып тастап, үтіктеп артық – кемдерін қырқып отыру керек.
Құрақтың түрлері мыналар:ботагөз,жұлдыз,тұмарша,құдықша,қайшы сынық мүйіз, қайшы,аққу құрағы т.б.Осы құрақ түрлері өзінің ерекшелігімен,қиюласу өрнегіне қарай мынадай топтарға бөлінеді.
1.Өсімдік тектес – көкөрістік.
2.Ғарыштық – космогониялық
3.Жануарларға байланысты – зооморфтық
4.Геометриялық.
Құрақ басқа мемлекеттерде де қолданыла ма?
Орта Азия халықтары арасында,мәселен,қазақтар мен қырғыздарда ол –«құрақ», Ресейде -«ляпочиха», ал Америкада – «пэчворк» және «квилт» деп жапон халқында құрақ өнері сашико деп аталады.
Құрақтар қалай орналасады?
Құрақтардың көрпеде орналасу ерекшелігін айта кетсек, мысалы: қарсы құрақ, жұлдыз құрақ, шатыр құрақ және ботакөз құрақ көрпешенің ортасында орналасады. Ортадағы құрақ пен шетіндегі құрақтың арасында «су» жүргізеді. «Су» дегеніміз бір түсті матадан жіңішке кесінді. Екі түрлі матадан жүргізсе «қос су» деп аталады. Құрақтың шетіне шеттік жүргізеді.
.
Қауіпсіздік ережелерін қайталау.
1. Қайшымен кезіндегі.
2. Үтікпен жұмыс кезіндегі.
3. Інемен жұмыс кезіндегі.
құрақтың жаңа үлгісін ұсынамын бұның атын мен «күнбағыс гүлі» жастықшасы деп атадық. Мұны тігу үшін алдымен технологиялық картасын сызып алдым.
Сызбасын сызып алдым, матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін бояп алдым.Үлгі қағаз даярлап аламызда, сол қағазды үлгі етіп,пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.оны бір шетін орап үшбұрыш етіп жиырамыз да тігеміз. Оны айналдыра тігеміз дайын болған гүлді матаға орналастырып тігеміз, шетіне ұлттық өнер болғандықтан ою саламыз. Ішіне мақта салып көктейміз.
Әр оқушы осылай өздерінің жасаған бұйымдарын түсіндіреді.
Құрақ тігу үшін есепті білуіміз қажет сондықтан математикаға байланысты ойын ойнайық
Ол үшін бізге 1ден 9 ға дейін санды цилиндрге жазып қоямыз.Осы сандарды араластырып қойсақ 156 саны шығу керек. Ол үшін 39 көбейтеміз 4 ге , 78 көбейтеміз 2 ге.
Оқушыларды тағыда тыңдап,бейнелеу өнеріне байланысты сурет көрсетемін.
Тест тарқатып, 5минут уақыт беріледі.
Қорытынды.
Болғандарына сурет беріп кім жылдам табады ойын (көзді тынықтыру)
Оқушылардың тіккен бұйымдарын сипаттау,Бұйымдардың тігістер сапасын сипаттау, соған қарап бағалау.
Осы еңбектің барлығын жисақ байлық, берсек тәуір сыйлық, жамылсақ, төсесек көрпе, сатсақ теңге, бір сөзбен айтқанда сән – салтанат емес пе?
Бұл уақыт керуенімен озған ата – бабамыздың бізге қалдырған иелік мұра – қазынасы, бай тәжіребесі, қолөнері. Байқасақ мұнда әлеуметтік және экономикалық мәні зор исі қазақтың атакәсібі жатыр. Бабаларымыздың атамұрасын жалғастыру атакәсіпті игеру арқылы тіршілігімізді жандандыру,тұрмысымызды елмен егіздеу біздің қасиетті парызымыз деп білемін.
1.Құрақ жайлы не білдік?
Түрлерін анықтай аламыз,эскіз дайындаймыз аламыз,эскиз бойынша матаны іріктеп, пішіп, құрастыра аламыз,матаның түстерін үйлестіре таңдай аламыз.
2.Қазақ халқының өнері жайлы ойларың?
«Ою ойған, сызу да сызады»
«Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп».
«Үйренгенің өзіңе құт,
Істегенің еліңе құт».
Өнерсізден құт қашады.
Ою - өрнек, құрақ құрау- қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі. (Б.Момышұлы).

Еңбек - өнер өрісі,
Өнер - өмір жемісі.
Өнер көзі – халықта.
Өнерлінің он саусағы тең,
Өнерсіздің бір саусағы кем.

Өнерлі өрге жүзер.
Өнерлінің қолы алтын ,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Оқушылардың тіккен бұйымдарын сипаттау,Бұйымдардың тігістер сапасын сипаттау, соған қарап бағалау.
Үйге тапсырма : Құрақ эскіздерінен альбом дайындау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.