Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Сәнді қолданбалы қолөнерінің шебер мектебі» -

«Сәнді қолданбалы қолөнерінің шебер мектебі»

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2292 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Шеби-шик стилінде орындалған шам, раушан, фиалка гүлі.








Шукеева Гульбану Кенжебекқызы
Шоқан Уәлиханов атындағы
№ 10 орта мектеп-гимназиясы
бірінші біліктілік санаттағы
технология пәнінің мұғалімі

«Сәнді қолданбалы қолөнерінің шебер мектебі»

Мақсаты:
1. Оқушылардың сәнді қолданбалы өнер саласында әр түрлі жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
2. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.

Сәнді қолданбалы қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.
Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері - білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым - қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.
Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі сәнді қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу болып табылады. Сонымен сіздерге мен сәнді қолданбалы қолөнерінің шебер мектебін ұсынып отырмын.
Бүгін раушан гүлін сазбалшықтан орындалу технологиясымен толығырақ таныстырып, және келесі жұмыстардың да орындалу технологиясымен таныстырып өтемін; қағаздан қоян және аққу жасау әдісі, пластикалық қасықтан шеби-шик стилінде орындалған шам, және раушан гүлі, жұмыртқа уяшығынан жасалған гүл. Әрине осындай жұмыстрады оқушыларға сабақ үстінде көрсетіп отырған дұрыс, өйткені оқушылар қызыққан кезде жұмыстарын аяқтамай тыңбайды. Осындай шебер мектебін жиі интерактивті құралдарды пайдалана отырып, технология сабақтарын өте қызықты етіп өткізүге бүгінгі таңда технология пән мұғалімнің мүмкіндігі бар.

Шебер мектебі:

Тақырыбы:
«Пластикалық қасық және пластикалық бөтелкеден жасалған шам»

Мақсаты:
Суретте көрсетілген әдемі шамдың өндеу әдісімен таныстырып үйрету.

Шамды дайындау үшін келесі құрал жабдықтар қажет: 3-5 литрлік бөтелке, пласткалық қасық, канцелярды пышақ, ыстық желім, тоқ құатын аз жейтін шам.



1 Қадам. Қасықтарды даярлау
(сабтарын кесіп алу)

2 Қадам. Бөтелкенің түбін кесіп алу.



3 Қадам.
Қасықтарды ыстық желіммен
жабыстыру

4 Қадам.
Қасықтарды бір біріне дөңгелете жабыстыру



5 Қадам.
Дайын қасық жабыстырылған
бөтелкені жинау.

Жұмысты толығымен аяқтаған сон, оны стразы мен әшекейлесе де болады. Өйткені кешкісін шамды жаққан соң, стразы лар әдемі болып жарқырайды. Және бұл шамды фосфор бояуымен бояса болады, (ол сүретшілер дүкенінде сатылады), ол шам қосылып тұрғанда жылынады, ал шамды өшірген кезде түніменен жұлдыздар секілді жарқырап тұрады

Шебер мектебі:
Тақырыбы:
Жұмыртқа уяшығынан жасалған гүл.
Мақсаты:
Жұмыртқа уяшықтарынан гүл жасау әдісін көрсетіп үйрету.

Мына суреттегі гүлді жасау үшін маған келесі құралдар қажет болды: жұмыртқа салатын пластикалық уяшықтар, жасыл пластикалық бөтелке, кеуіп қалған ағаш тамырлары, қайшы, шырақ, термопистолет.



Суретте болашақ гүлдің көлемі белгіленіп көрсетілген, оны қайшымен қиып аламыз.



Суретте көрсетілген бөлшектерге гүл жапырағының пішінін келтіру үшін оны жанып тұрған шырақтың үстіне аздап ерітіп, иіп, пішініне келтіреміз.

Жапырақтарын жасыл бөтелкеден жасаймыз. Ол үшін бөтелкеден жапыратарды қайшымен кесіп аламыз,
Жанып турған шырақтың үстіне аздап қыздырып, жапырақ пішінін келтіреміз.
Жапырақтың жіңішке сабағын иіп ораймыз. Сабақшаға енін 1 сантиметр етіп бөтелкеден қиып аламыз, оны жанып тұрған шамның үстіне ұстап тұрып спираль ретінде ораймыз.
Дайын бөлшектерді кепкен ағаш тамырына термопистолетпен біртіндеп жабыстырамыз. Гүліміз дайын.
Шебер мектебі
Тақырыбы: Ірі моншақтан кәмпитсалғыш тоқу.
Мақсаты: Ірі моншақпен жұмыс жасау реттілігн көрсетіп үйрету.

Кәмпитсалғыш тоқу технологиясы

Дөңгелек кәпмитсалғышты тоқу үшін 200 гр қырлы төртбұрышты моншақ, № 8 лесқа қажет.
Моншақтың әр түрлі түсін де қолданса болады.

Орындалу әдісі
Тоқуды түбінен бастап тоқиды.
1 - қатар; Ол үшін 1,5 метр лесканы қиып алып, бір үшына 10 моншақ өткізіп, соңғы 10 моншақтан лесканы қайта кіргізіп ілмек жасаймыз, жасалған ілмек ішінен екінші лесканы өткізіп тартып дөңгелек пішініне келтіреміз.
2 - қатар: 10 моншақтан шығарылған лесканың жұмысшы үшына 4 моншақ өткізіп, соңғысынан жұмысшы лесканы кері қарай өткіземіз, пайда болған ілмек ішінен көмекші лесканы өткізіп, 5 моншақтан туратын орам дайындаймыз. Дәл осылай 10 дөңгелек жасаймыз, әр дөңгелекте 5 моншақтан болады.
3 – қатар; соңғы 10 дөңгелектен шыққан жұмысшы лескаға 3 моншақ өткізіп, жұмысшы лесканы қайта 4моншақтан өткізіп көмекші лескамен түйіндепәрі қарай дәл осылай тоқып, соңғысына 1 моншақ өткізіп, көмекші лесканы келесі қатарға шығарып аламыз. Жалпы санағанда 20 ромб пайда болу қажет
4 – қатар; бұл қатар 2 қатардың орындалу әдісін қайталайды., бірақ 10 дөңгелек емес 20 дөңгелек пайда болады, өйткені қатарларды ортасынан бастап тоқығаннан кейін келесі қатарлар үлкее береді. Жоғарғы суретте кәмпитсалғыштың тоқылған дайын түбі көрсетілген.
Жанын тоқу Түбінен 2 моншақтан шыққан жұмысшы лескасына 4 моншақ өткізіп, көмекші лескамен түйіндейміз, сосын көмекші лесканы астынғы жақтағы 2 моншақтан өткізіп жоғары шығарамыз.
Жұмысшы лескаға енді 3 моншақтан өткізіп отырамыз, сонда барлығы 6 моншақ болады, тек соңғысында жұмысшы лескаға 2 моншақ өткізіп, көмекші лесканы тік тұрған 1 моншақтан өткізіп жоғары шығарып аламыз. Дөңгелек саны 20 болу қажет. Дәл осылай 3 қатар тоқимыз. 3 қатар дайын болғанда қырын тоқып бастаймыз. 1- моншақтан шыққан жұмысшы лескаға 5 моншақ өткіземіз, 2 моншақтан шыққан көмекші лесканы жұмысшы лескамен түйіндеп бекітеміз.
Келесі дөңгелегін жасау үшін жұмысшы лескаға 4 моншақ өткіземіз, ал көмекші лесканы астында тұрған 2 моншақтан өткізіп жұмысшы лескасымен біріктіреміз. Осылай қатар біткенше тоқимыз. Соңғы күлтесінде көмекші лесканы тік тұрған 1 моншақтан өткізіп жоғары шығарамыз, ал жұмысшы лескаға 3 моншақ өткізіп, көмекші лескамен түйіндеп бекітіп артық қалған лесканы жанында тұрған моншақтардың тесіктерінен өткізіп қою қажет, сонда ол тарқатылмайды.
Ең бастысы көңіл қойып, алдына мақсат қоя білу қажет.

Қағаздан аққу жасап құрастыру


Орындалу әдісі

1.Қағаздан мөлшерін 4-6 сантиметр етіп төртбұрыш қиып, одан бөлшектер
дайындаймыз

2. Дайын болған бөлшектерді бір-біріне қосамыз. Екі үшбұрыштың бұрыштарын үшінші бұрыштың қалташасына қіргіземіз.

3. Суретте көрсетілгендей дайын бұрыштарды бір-біріне қосып шығамыз, сонымен бірінші дөңгелегіміз 2 қатардан және30 үшбұрыштан тұрады.
4. Енді 3, 4, 5, қатарларды шахмат тәрізді қосып шығамыз.
5. Енді дайын бір-біріне қосылған бөлшектерді ақырын ғана айналдырамыз. Суретте көрсетілгендей болуы керек. Төбесінен қарағанда стадион тарызды болады. Ал бөлшектерді аударса «б» суретіндегідей болады.
а) б)

6. Енді қанатына кірісейік. Ол үшін 30 бөлшектерден туратын 6 қатарды қосамыз. Аққудың басы туратын жағын белгілейміз.

а) б)

6 қатардан 4 қосылған үшбұрышты алып тастаймыз, ол аққудың мойны орналасатын жері. Енді оңға және солға қарай 12 бөлшектен тұратын 7 қатарды қосамыз. Сонымен 7 қатар 24 ұшбұрышты бөлшектен турады. Қанатын жалғастырамыз, қосылып отырған қатар 2 бөлшекке кем болады.Құйрығын да бір-біріне ұқсатып құрастырамыз.


7. Мойнын басқаша жасаймыз, ол үшін үшбұрыштарды бір-біріне қондырамыз (суретте көрсетілгендей).

8. Аққудың астына қоятын төсеніш екі дөңгелекшеден турады. Осымен Аққуымыз дайын болды. Дәл осындай үшбұрышты бөлшектерден басқа да модельдер жинауға болады.

Шебер мектебі
Тақырыбы:
Пластикалық қасықтан шеби-шик стилінде орындаған раушан гүлі.
Мақсаты:
Пластикалық қасықтан раушан гүлін жасалу реттілігімен таныстырып үйрету.

Пластикалық қасықтан раушан гүлін жасау үшін бізге келесі құрал-жабдықтар қажет:
Бір гүлге - түрлі түсті пластикалық қасық – 12 дана;
Термопистолет;
Электр плиткасы немесе шырақ;
Ұстайтын қысқыш қажет.
Мына суретте көрсетілген гүлге тек қана ақ қасық қажет, жапырақтарына жасыл қасық қажет.

Орындалу әдісі.
Пластикалық қасықты шамның үстіне 5-10 секунд ұстап, қыздырып аламыз, бірақ еріп кетпеүін қадағалау қажет.
Балқытылған екі қасықты гүлдің түйнегінің пішініне келтіру.
Еріп тұрған қасықтың тұтқасын кесіп, жапырақшаларды ыстық писталетпен ұстату.
Қысқышпен қасықты шамның үстіне ұстап балқыту. Ыстық күйінде жапырақша тәрізді созып келтіру.
Дайын жапырақшаларды бір біріне жабыстыру.
Сонымен шеби-шик стиліндегі раушан гүлі дайын.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.