.
.
Кештің тақырыбы: Шебердің қолы ортақ. Шебердің қолы ортақ.
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2472 | Размер: | Автор: гостьМақсаты: Оқушыларды мамандығына қызықтыру, ынтасын арттыру,
тапқырлығы мен шеберлігін анықтау.
Кештің көрнекілігі: маталар ассортименті, плакаттар,азық-түліктер, жеміс-
жидектер.
Кештің барысы: ойын-сауық түрінде.
Кешті жүргізуші - Бекбау Айжарқын
Құрметті ұстаздар мен студенттер! Тағамның дәмін келтіретін, киімнің сәнін келтіретін «Аспазшылар мен тігіншілер» апталығында өтіп жатқан «Шебердің қолы ортақ» атты кешімізге хош келіпсіздер.
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,құрбы-құрдас
Бармысыздар жан күйер әз қауымдастар.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
I - бөлім. Мамандықтарына қысқаша түсінік
II – бөлім. Сұрақ-жауаптар
III –бөлім. Шебердің қолы ортақ.
IV- бөлім. «Мамандығым - мақтанышым».
Кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-ші бөлім бойынша баяндамашылар: Өрнек Ақерке мен
Молданова Динара.
Жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде,қуана бер күлімде- деп аталатын келесі бөлімге кезек береміз.
2-ші бөлім бойынша сұрақ-жауап. Кешке қатысушы қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Әрбір оқушы ортаға шығып, ілінген шарлардың ішінен қалағанын жарып,шыққан сұраққа жауап береді.
1.Малдың басы кімге ұсынылады ?( қарияларға,үлкен кісілерге,құдаларға )
2.Жілік түрлерін ата (кәрі жілік, тоқпан жілік, асықты жілік, жамбас)
3.Төрт түлік малдың иесін ата.
Сиырдың пірі-Зеңгір баба, Жылқының пірі-Қамбар ата,
Қойдың пірі-Шопан ата, Ешкінің пірі-Шекшек ата.
4. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыз: (қазақша ет,қуырдақ,
шұжық, қазы-қарта,жал- жая,үлпершек, борша кісе т.б)
5.Дастархан басында сақталатын ырым-тыйымдар.
6.Асқа, тағамға байланысты мақал-мәтелдер .
1. Бұйымның өлшемін қалай анықтаймыз?( көкірек айналымының екіден бір
бөлігімен бұйымның өлшемі анықталады)
2. Бұйымды соңғы рет өңдеуде қандай жұмыстар атқарылады? (Жіптерден
тазалап, ылғалды жылулық өңдеу беру)
3. Әйел-қыздарға арналған қазақтың ұлттық бас киімдерін ата.(бөрік,
сәукеле, тақия, кимешек)
4. Қазақстандағы атақты еркек дизайнер кім ? ( Берік Исмайлов)
5. Қолы бар, саусағы жоқ
Мойны бар, басы жоқ. Шешімін тап ( көйлек)
6. Тігіншіге қатысты қандай мақал-мәтелдер білесің ?
Жүргізуші:
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды.
Ән « Қайда,қайда? » Сансызбаева Гүлмираның орындауында.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын сұлу таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратамыз - дей отырып ортаға
3-ші бөлім бойынша «Шебердің қолы ортақ» студенттеріміз тез әрі жылдам уақытта бұйым және тағам дайындап көрсетеді.
Тігінші қыздар: 1) Кешкі сән салтанатқа арналған көйлек – дайындаушы Мүшенова Жанна
2) Бал көйлегі – дайындаушылар Дүйсенова Феруза,Байырбекова Мадина,Мейірман Әсем
3) Қыздар белдемшесі мен жейдесі –дайындаушылар Тағаева Қарлығаш,Оразалиева Ақорын, Бекниязова Дилфуза
Аспаз қыздар:
1) Коктейль дайындау – дайындаушы Мырзабекова Мадина
2) Қиярды банкіге тұздау – Кулиева Самия, Елемес Аяулым
3) Көкөністі безендіру – Молданова Динара,Нажмуддин Ұлжан
Жүргізуші: Студенттеріміз бұйымдарын дайындап болғанша көрермендермен ойын өткізейік.
Жүргізуші:
Баршаға өнер сүйер жар саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз.
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.
Ән « Қазақ елім » Бекбау Айжарқынның орындауында
Жүргізуші:
Бүгінгі апталықта барлығы бар,
Тәтті дәмді тағамның рецепті бар.
Осы жылдың киім сәнін білмегенге
Ұсынар үлгілердің алуан түрлері бар.
4-ші бөлім «Мамандығым мақтанышым» бағдарламасы бойынша студенттер өз мамандығы бойынша дайындап келген бұйымдарын және тағамдарын қорғайды.
Тігінші қыздар: Сансызбаева Гулмира,Жүсіпова Ұлжалғас,Оразалиева Сәуле,Мүшенова Жанна дайындап келген киім үлгілерін көрсетті.
Аспаз қыздар:Елемес Аяулым,Тұрлыбекова Айгерім, Жақсылық Ботакөз, Кулиева Самия.Нажмуддин Ұлжан, Мырзабекова Мадина дайындап келген тағам түрлерін көрсетті.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осыменен кешіміз аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.