.
.
Семей қаласы, №19 жалпы орта білім беретін мектептің технология пәні мұғалімі Шапенова Бакытжан Сагдатовна «Шеберлер» қалашығына саяхат.
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2401 | Размер: | Автор: Нартай4540ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Шеберлер» қалашығына саяхат.
Мақсаттары: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, шеберліктерін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу. Бастауыш сынып оқушыларын мектеп шеберханаларын саяхаттап, жұмысымен таныстыру, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін ояту. Шығармашылыққа ынталандыру.
Барысы:
Жоспар:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қонақтарды қарсы алу.( Қонаққа мектептің барлық оқушылары , әсіресе бастауыш сыныптың оқушылары шақырылады)
II. Шеберлік кластарын тамашалауға шақыру
1. Техникалық шығармашылық шеберханасы жұмысымен танысу (үйірме мүшелері көрсететін шеберлік кластар)
2. Ағаш шеберхана жұмысымен танысу (шеберлік класс)
3. Қыздар шеберханасы жұмысымен танысу.
А) «Біз кесте» өнерінен шеберлік класы
Б) «Тоқыма тоқу» өнері бойынша шеберлік класы.
Б) «Бисер тоқу» өнері бойынша шеберлік класы
4. «Шаш сәндеу» салоны жұмысымен танысу
5. Киім сән үлгілерін тамашалау
III. Қолөнер көрмесін тамашалау. Саяхаттың аяқталуы
Барысы:
Кіреберісте «Шеберлер қалашығы» , «Қош келдіңіздер!» деген жазу ілінеді. Ойнақы, көңілді әуен ойналып тұрады.
Жүргізуші қонақтарды қарсы алады.
1. Жүргізуші: Бүгінде біздің жақта керемет той
Шаруаңыздың бәрін де ысырып қой
«Шеберлер қалашығы», міне ,осында
Келіп көріп, тамашалап, түйіңіз ой
О, заманда ашқан адам өнер сырын
Шақырған көрмелерге бірін –бірін.
Көрейік тамашалап, көрермендер,
Көрсетеді шеберлер өз өнерін.
Әншілерді танимыз өлеңінен,
Бишілерді әсем ырғақ мәнерінен
Он саусағы алтындай шеберлерді
Танимыз қазір оны өнерінен. – деп сіздерді, құрметті қонақтар, шеберлер қалашығына саяхаттап қайтуға шақырамыз. Хош келдіңіздер, біздің кішігірім патшалығымыз- « Шеберлер қалашығына».
2.Жүргізуші :
Әнге құмар болып өскен жасынан
Қиялынан туындаған тасқын ән
Әні бөлек жібітетін жүректі
Еншілеген тәңір шашқан шашудан,-деп алдымен әнші қызымыз Балжанның орындауында бір әнді қабыл алыңыздар.
Көңіл-күйіміз көтерілген сияқты , ендеше, төрлетіңіздер.
Мынау көшеде бізде Отанымыздың көркеюіне үлес қосатын болашақ инженер- конструкторлар тұрады. Бұл олардың сүйікті шеберханасы. Олар мұнда ЭКСПО-17 –ге дайындалып жатыр. Шеберханаға кіріп, олардың тыныс-тіршілігімен танысып көрейік. Төрлетіңіздер. Көріңіздер. Шеберлермен сұхбаттасуға да болады.
Кімдер шебер,кім іскер білейікші,
Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.
Барлық жерде өнерінің арқасында
Атақ-даңққа бөленсін деп тілейікші.- деген тілекпенен келесі көшеге өтейік.
1. Жүргізуші: Мұнда ағаш сырын меңгерген, ағаштан түйін түйген, асыл мұрамыз, қазынамыз-ұлттық қолөнерді болашақ ұрпағымызға жеткізуші, еліміздің дәстүрімен, өнерімен мәңгілік ел болуына үлес қосу үшін аянбай еңбектенеміз дейтін жас шеберлеріміз мекендейді.
Төрлетіңіз көріңіз,
Сынап баға беріңіз.
Қонақтар ағаш шеберханасын аралап, жұмыстарымен танысады.
Алқа –думан, той-думан,
Ортамызды ашайық,
Ән мен күйді шалқытып,
Інжу маржан шашайық.
Біржанның орындауында ән тамашалайық.
2 Жүргізуші: Келесі көше ерекше дегім келеді. Бұл- сұлу да он саусағы майысқан өнерлі қыздарымыздың мекені. Қыздар шеберханасына хош келдіңіздер.
« Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың» - дегендей он саусағынан өнер тамған кестешілер отыр мына жерде. «Кестені ой сызады, қол істейді, көз сынайды» дейді ғой. Ендеше сынап көрелік.
Кесте тігіп отырған қыздармен сұхбаттасу, өнерімен танысу. Кестеші Айгерімнің өз өнері жайлы әңгімесі:
«Бұл біз кесте деп аталады. Қазақ қолөнерінде үлкен орын алатын өнердің бір түрі. Бұл кесте түрімен тұскиіз, көрпе жастықтарды кестелеп безендіруге болады. Қазіргі кезде заманға лайықталған түрлі картиналар, паннолар жасап үй интерьерінде қолданылады. Ден қойып үйренеміз десеңіз қиын емес. Тек ептілік пен шыдамдылықты талап етеді. Тігіп көргіңіз келсе, үйретеміз».
1.Жүргізуші: Шеберлікте шек жоқ,
Жалқаулыққа жол жоқ.
Өнерлінің қолынан,
Тамып тұрған бал көп, - дегендей қолынан өнер тамған шебер қызымыз Құралайдың тоқыма өнерін қаншалықты меңгергенін көріп, шығармашылығымен танысайық. Тоқымашы шебер қыз Құралаймен сұхбат.
2. Жүргізуші: Ал, енді мына жерде отырған қыздарымыздың өнеріне де тәнті болайық!
Алтын күміс тас екен ,
Арпа бидай ас екен,- дегендей, қызарымыз інжу –маржаннан түрлі әшекей бұйымдар жасаудың нағыз шеберлері . Олардың жұмыстары көздің жауын аларлық, көріп, өздеріңіз де жасап көруге мүмкіншіліктеріңіз бар.
Бисермен жұмыс жасайтын қыздардың жұмыстарымен танысамыз.
Қыздар өз жұмыстарымен таныстырып өтеді.
1.Жүргізуші: Шашты әсемдеу салонымыз да бүгін өз жұмысын көрсетуге әзір екен.
Әр нәрсеге мән бере қараған дана халқымыз сұлудың көркі -шаш, шаштың көркі -шаштеңге деп есептеген.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?-деп Абай атамыз да қазақтың нағыз сұлуларын жырға қосқан.
Сусылдаған нәзік шашқа неше түрлі шаш сәнін жасауға болады, оны буса да, түйсе де, желкеге түсіріп бос қойса да жарасымды. Шашты жұмсартып сусылдату үшін жақсы күтім керек. Шаш күтімі жайлы қыздарымыздан ақыл-кеңес алуға болады.
Ал енді, шаш үлгілерін тамашалауға шақырамыз. Қыздар өздері жасаған шаш үлгілерін көрсетіп, жасалуын түсіндіріп өтеді.
2.Жүргізуші: «Адам көркі-шүберек» дегендей, сән әлемінен де хабарымыз бар дейтін қыздарымыз өздерінің әр түрлі киім сән үлгілерін тек қана матадан емес, түрлі дәстүрлі емес басқа материалдардан жасауға болады дейді. Өздерінің жасаған сән үлгілерін көрсетіп бағасын алғысы келген модельер қыздарымыздың өнерін тамашалауға шақырамыз. Назар аударайық.
Қыздар әсем әуенмен сызыла сән үлгілерін көптің назарына ұсынып , қалай тігіп жасағандарын түсіндіріп өтеді.
Енді оқушыларымыздың жұмыстарын жайылма көрмеден тамашалауға шақырамыз. Келген қонақтар оқушылар шығармашылығымен танысып, көрмені тамашалайды.
Қорытындылау:
Мұғалім: Бүгінгі ерекше саяхатымыздың аяқталуына да аз уақыт қалды. Сіздерге саяхат өте қызықты болды деп ойлаймыз. Себебі , шеберлік кластарының ғана куәгері болып қана қоймай , басқа да оқушылардың шығармашылығын көрмеден көріп тамашалап, олардың жақсы көңіл күйлерінен өздеріңізге керемет әсер алдыңыздар деген үміттеміз. Өз өнерін назарларыңызға ұсынған оқушылардың көңіл күйлері тіпті де керемет деген ойдамыз . Міне, осындай жағымды нотада саяхатымыздың аяқталғанын хабарлаймыз. Барлықтарыңызға шегі жоқ шығармашылық тілейміз.
Өнеріміз қашанда өрістесін,
Алламыз төге берсін берекесін
Өнерлі жастарымыз өсіп-өніп,
Келешегі елімнің өркендесін
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақыт та біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше хош сау болып тұрыңыздар,
Осыменен саяхат та аяқталды.
- деп бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет. Хош сау болыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.