Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сиқырлы ою-өрнектер -

Сиқырлы ою-өрнектер

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2389 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сәтбаев қаласының «№16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

10- сынып


«Сиқырлы ою-өрнектер»
(бекіту сабағының әзірлемесі)

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты
бейнелеу өнері, сызу, технология пәнінің мұғалімі:
Мейрманова Гульжан Турганалиевна



Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы ою-өрнектер
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға өрнектік композиция құру түсіндіру және
білімдерін толықтыру.
Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке,
өнерді құрметтеге тәрбиелеу.
Оқушылардың қабілеттерін, шеберліктерін дамыту, қолдарын жаттықтыру

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлеп, саралап оқыту, іздендіру, жобалау.
Сабақтың формасы: Топпен, жеке оқушымен.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивтік тақта, таратпа тапсырмалары, ұлттық бұйымдар.
Пәнаралық байланыс: Музыка, бейнелеу өнері, тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Білімді жан-жақты тексеру.
IІI. Үй тапсырмасы.
ІV. Деңгейлік тапсырмалар.
V. Сабақты бекіту.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа деген ынтасын байқау. Сыныпты топқа бөлу, ат қою.

ІІ. Білімді жан-жақты тексеру.
Қазақ алғашқы ою-өрнек үлгілерін қай кезінен басталған?
Ғалымдар ою-өрнектің қанша түрін анықтаған?
Халық арасында көп тараған ою-өрнектер ?
Жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай қандай топтарға жіктеуге болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Қызғалдақ» тобы «Құрақ құрау өнері» тақырыбы бойынша жоба қорғады.

«Раушан» тобы «Жіптен шыққан жүйрік ойлар» тақырыбы бойынша жоба қорғады.

Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы
Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлеріде, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.
Халықтың қолөнері мен ою-өрнек шығармасының ғылыми негізде арнайы жекелеп зерттеу ісі басталғалы 100 жылдан астам уақыт өтті. Бұл іс ең алдымен біздің Отанымыздың ғалымдары да кезінде қызыға кірісті. ХІХ ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты зерттеулер мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австриялық ғалым В.Куррердің бояу және бояушылық өнері жайында, Ф.Т.Куглердің, советтік ғалым С.В.Ивановтың, В.В.Стасовтың, Ф.К.Волковтың, С.А.Давыдовтың, Н.Ф.Сумцовтың, А.А.Боголюбовтың, В.Чепелевтың, А.Н.Бернштамның және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Т.Бәсеновтың, Э.Масановтың, М.Мұқановтың және тағы басқаларының зерттеу материалдарын айтса да жеткілікті.

құрт-құмырсқаларға
байланысты аспан әлеміне
құстарға байланысты
байланысты жануарларға
өсімдіктерге байланысты
байланысты
геометриялық денелерге
қару-құралдарға байланысты
байланысты

Ою - өрнектерді қолдану

Қаз мойын – кілемдерге, сырмақтың шетіне салынады.
Қошқар мүйіз – текемет, сырмақтарға салынады.
Толқын – алашаға салынады.
Жауқазын – көйлектерге салынады.
Төрт мүйіз – кілемдердің ортасына салынады.
Гүл мойын – жастықтың тыстарына салынады.
Ботакөз – кілем, төсек жапқыштарға салынады.
IV. Деңгейлік тапсырмалар
ІІІ – деңгей. Ою-өрнек түрлерін симметриялық әдіспен салу

ІІ-деңгей. Ою-өрнектерді ою, мақалдарды жалғастыру

 Талаппен ...........( бастап),
Талғаммен ........(аяқта)
 (Ою)...... ойған, (сызу)....... да сызады.
 (Ою)........ойғаның (ойы).......ұшқыр.
 Үлгісі көптің (өрнегі)........көп,
Өнері көптің (ермегі).......көп.
 Ата көрген (оқ)....... жонар,
Ана көрген(тон)..... пішер.
 Өнерлінің (қолы)..... алтын,
Өлеңшінің (сөзі)..... алтын.

І – деңгей
Ою-өрнектер композициясын құрастыру, бояу үйлесімін анықтау, жұмбақтар шешу.

Арқалаған тауы бар,
Іші толған қоры бар.
(өркеш оюы)
Иір мойын жануар,
Арқасында тауы бар.
(түйе оюлары)
Көшпелі тайпалардың тұрмыс күйінен туған өрнек
(қошқар мүйіз)
Қазақ оюының ең бір кең тараған үлгісі
(сынақ мүйіз)
Қыз есімімен аталатын өрнек
(ботакөз)

V. Сабақты бекіту
«INSERT» әдісі бойынша сабақты бекіту.


Білемін Не білдім?
Нені үйренгілерің келеді?





VІ. Бағалау:

Сұраймын, жауап бер. Ойлы болсаң, озып көр. Деңгейлік тапсырмалар.



VІІ. Үйге тапсырма:
ІІІ деңгей. Ою-өрнектерге байланысты 10 тест құрастыру
ІІ деңгей. Ұлттық бұйымды тігу
І деңгей. Ұлттық бұйымды моншақпен кестелеу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.