Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Сылдырмақ  жасаудың  технологиясы. -

Сылдырмақ жасаудың технологиясы.

Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2739 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тексерілді.
« ---- »----------------2014ж
Пәні Технология 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сылдырмақ жасаудың технологиясы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың ағаш бөлшектерін шегемен, бұрандалы шегелермен құрастырып-бекіту тәсілдермен, желімдеу әдісімен танысады. Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа,іскерлікке, тазалыққа тәрбиелейді. Дамытушылық:Оқушылар қауіпсіздік ережесін тиімді пайдаланады.
Күтілетін нәтиже Ағаш бөлшектерін шегемен, бұрандалы шегелермен құрастырып-бекіту тәсілдерімен,желімдеу туралы теориялық білімдері қалыптасады.Пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақта туындаған негізгі идеялар Сын тұрғыдан ойлай отырып ой жүгірту және диалогтық оқыту барысында проблеманы шешу үдерістері қамтылады.

Тапсырмалар Сабақтың мақсаты мен мазмұнымен таныстыру.

Сілтеме Оқулық 7-сынып

Оқыту әдістері Топтық жұмыс

Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, топқа бөлу, топ ере- жесін еске түсіріп, іліп қою.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Ағаш бөлшектерін шегемен, бұрама шегемен құрастырып-бекіту.

1.Желім түрлерін ата. 2.Мал өнімінен әзірлейтін желімдерді ата. 3.Шел желімі дегеніміз не? 4.Казеин желімі дегеніміз не? 5.Желімді қалай жасайды? 6.Шел желімді қайда пайдаланады? 7.Желім ісініп көтерілген кезде неше градусқа дейін қыздырады?
ІІІ. Жаңа сабақ Сылдырмақ аспабын ежелде бақсы, балгерлер, емшілер пайдаланылған. Ол негізінен алты бөліктен тұрады. Сылдырмақтың негізгі қатты ағаштан жасалуы тиіс; ал екі жақтағы тілшектер сылдырмақ жанына желімденеді.Оның қалыңдығы шамамен 5мм. Сызбадағы тілшектер саны 7-еу. Бұл бөліктер дыбыс шығару үшін қажет.Олар бірінен кейін бірі тиісінше үдете дыбыс шығару үшін оның астыңғы жағына аралық ағаш кесінділері қойылған. Аспап тілшектерінің түбі екі жағынан тесіліп, жібек жіпке немесе басқа мықты жіпке өткізіліп байланады. Сылдырмақ жасау үшін, бұл бөліктің екі данасы нақты өлшемдер бойынша бірдей етіп жасалады. Асатаяқ. Оның құрылысы аса күрделі емес. Ол тұтас ағаштан шабылып жасалады. Негізгі өлшемдері: асатаяқ беті, сылдырмақтары, асатаяқ беті, сылдырмақтары, асатаяқ негізі, тұтқасы

ІҮ. Сергіту сәті Алпыс тісті айдаһар,

Ешқайда қадам баспайды.

Қозғалмастан жатады,

Ештеңеден саспайды.

Ағаштан тамақ жейді екен,

Жұтпай шайнап тастайды.
(Отын кесетін ара)

Тізіле өскен тісі бар,

Көп істеген ісі бар.
(Қол ара)

Бір итім бар қабаған,

Маңдайына темір жамаған
(Шапашот)

Жансыз жарады,

Жанды ұрады.
(Балта)


Кішкене ғана келіншек,

Төбесінде түйіншек.
(Шеге)

Ү. Қорытынды -ағаш бөлшектерін шегемен бекітудің артықшылығы неде?
-шеге қандай материалдан жасалады және неліктен шегені қиғаш қағады?
- ағаштарды бұрама шегемен бекітудің мәні неде?
-бұрама шегелердің түрлерін ата.
- бұрама шегелерді неге ағашқа қағуға болмайды?
-желім түрлерін ата.
- желім сапасын қалай анықтауға болады?

ҮІ. Үй тапсырмасы
Құрастырып- бекітудің басқа түрлері арқылы бұйымдар жасау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.