.
.
Технология пәнін оқыту Технология пәнін оқыту
Сабақ жоспары | Предметы | Технологиядан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3205 | Размер: | Автор: гостьТехнология сабағы-оқушылардың білім мен іскерлік қабілетін арттырып қана қоймай олардың бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен бастап қалыптастырады.
Технология сабағында оқушыларды еңбекке баулу олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып,жүргізіледі.
Оқу материалы оқушыға түсінікті болу үшін әр түрлі әдістемелік құралдарды жаңа технология,яғни ақпараттық технологияарқылы көрсету.
Мысалы: мақал-мәтел,жұмбақтар,сканвордтар арқылы көрсетіп, оларды қызықтырып, еңбекке қабілетін арттыру.
Еңбекке үйрету әдістері мен жолдарын қалыптастыру арқылы оқушының шығармашылық жұмысының даму қабілетін жетілдіру интерактивті тақта- білім сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Тақта арқылы жаңа сабақты презентация түрінде түсіндіріп,сонымен қатар мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жасыру арқылы , сканвордтар арқылыәдістемелік құралдарды көрсетуге болады.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу арқылы мұғалім арқашан да оқушылардың көңілін өзіне тез аударып, оқушылармен қарым-қатынаста бола отырып, электронды оқулықтарды қолданып, слайдтар көрсетіп, сарамандық жұмыстарының жасалу жолдарын көрсетуге болады.
Интерактивті тақтаның ұтымдылығы мұғалім уақытты үнемдеу арқылы ,сабақты толық,түрлендіре түсіндіруге мүмкіндік береді.
Мұғалім интерактивті тақтаны өзінің көмекші құралы ретінде ғана пайдаланғаны жөн.
Баланы еңбекке баулуда , оның табиғи болмысына сай оқыту мен тәрбиелеу жұмысын ұлттық негізде үйретіп, өз ұлтын, салт дәстүрін, мәдениетін жақсы білген оқушы ұлттық өнер мен білімді ұштастыра біледі.
Қазақ қолөнерін дамыту үшін қолдан зергерлік бұйымдар жасауды , сәнді киім тігуді,өнерді іскерлікті оқушы мектепте жүргенде үйрену керек.
Сабақты бейімділікке құра отырып, оқу-тәрбие жұмысын ұлттық негізде үйреткен жөн.
Болашақ бүгіннен басталады демекші технология пәнін оқытуды ұлттық құндылықтармен жетілдіруден ұтарымыз көп.
Заман талабына сай оқушыларды оның ішінде қыз балаларды тігін өнеріне баулу арқылы сән үлгісіне деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке тәрбиелеу басты мақсат. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне қажет ақпараттарды алуына және сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып қабілеттерін өз беттерінше дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз.
Технология пәнін оқытуда мұғалімге әдістемелік шығармашылық керек.
Бисер моншақпен жұмыс істеу оқушылардың қызығушылығын арттырып, сұлулыққа ұмтылдырады.
Технология пәнін оқытуда тиімді әдістерді қолдану арқылы білім беруді жүйелі ұйымдастыру.
Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Міне, ұлттық ерекшеліктерді оқушыларымыздың санасына сіңіруде қазіргі технология пәнін оқытуда жан-жақты ақпараттық технологияны толық пайдала отырып, білім берсек, осы заман талабына сай тұлға тәрбиелей алатынымыз айқын.
Ертеде қазақ балалары мектепке бармаса да, ата-аналары тіршілігіне қажетті заттарды жасауды үйреткен.
Қыздар он саусағынан өнері тамған кілемші,кестеші, тігінші болған. Ою-өрнекті түрлендіре отырып, біздің ұлттық мәдениетімізді айқындайтын әртүрлі оюларды көрпелерге, киізге т.б басқан.
Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақ бойына дарытатын, үйрететін технология пәні.
Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет.
Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша жүргізіледі.
Ұлдар ұсталық, ағаш өнерімен мектеп қабырғасында танысса, қыз балалар тоқыма, кесте тігу, тамақ пісіру, киім тігу сияқты жұмыстарды үйрене отырып, олардың тарихымен танысады және өңдеу, жасалу технологиясын оқып-біліп, әр түрлі бұйымдарды жасауды, түрлі ас даярлауды үйреніп, жұмыс түрін дер кезінде аяқтауды толық меңгереді.
Тігін өнерімен қатар бисер тоқу, су моншақпен жұмыс жасау, қағазбен жұмыс істеу, жіппен өрнектеу, мата қалдықтарымен ойыншық жасау, өмірге қажетті бұйымдар тігу, табиғи заттармен жұмыс жасау оқушылар қиялын кеңейтіп, жұмыс істеуге деген қабілеттерін арттырады.
Сабақ барысында бұл өнерлерді үйрену сызу, бейнелеу өнері, математика, геометрия, биология пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің белгілі бір түрін меңгеруге табандылығы, таланты, қиялымен алдына мақсат қоя білуі арқылы жетеді.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу - қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.
Технология сабағында жобалау әдісін қолдану
Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.
Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.
Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады.
Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды .
Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұйым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіне ескеріледі.
Жобалау әдістемесінің талабы:
1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжірибелік болуы.
2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады
3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады.
4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы - нәтиже:
5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке көз жеткізуі керек.
Жобаның түрлері:
Шығармашылық жоба
Ақпараттық жоба
Рөлдік жоба
Тәжірибелі бағдарланған жоба
Зерттеу жобасы
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс.
Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етуінің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыландырады.
Қолданбалы өнермен айналысу халықтық өнер туындылармен таныстырып, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, оларға қажетті техникалық білім беріп, еңбек, білік дағдыларын жетілдіреді, яғни еңбекке, мамандық таңдауға психологиялық және практикалық дайындық жасайды.
Оқушыларды көркемөнерге бейімділігін дұрыс пайдалана білуге үйретіп, үнемі сәндік- қолданбалы өнер туындылырының эстетикалық маңыздылығын ашып отыру бағытында технология, сурет пәні мұғалімдері жұмыс істейді.
Менің ізденістерім – жаңа технологиялар
Менімше, әрбір сабақты тиімді ұйымдастырып,оны оқушылар зерікпейтіндей етіп өткізу керек.Оқушының сол уақытта ғана пәнге деген қызығушылығы артып, ьіпті нашар оқитын оқушының бойында да бір қозғалыс болатынын байқадым. Өз әдістерімде қосымша әдебиеттерді, жаңа ақпараттық технологияларды, әлем журналдарын, интернет ақпараттарын кең пайдаланамын. «Еңбектен аянбасаң, еңбегің жанады» деп ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін жерге тастамай, бағалауға оқушылардың сезіміне сіңіру, оқушыны табысқа жеткізу мұғалімнің еңбегі.
Жарылқасын Айбол
Технология пәні мұғалімі
Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектеп
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Қ.Пірімов ауылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.